Букмекерлік кеңселер талай шаңырақты шайқап жатыр

Букмекерлік кеңселер талай шаңырақты шайқап жатыр

Казинолар Бурабай мен Қапшағайға көшкен соң букмекерлік кеңселердің бағы жанды. Бұрын бар тапқанын қойнына тығып, казиноға қарай жүгіретіндер енді букмекерлік кеңселердің босағасынан сығалай бастады. Бұл жағдайды оң бағалаған кәсіпкерлер көрінген жерден букмекерлік кеңселер ашты. Тіпті пәтер жалдап букмекерлік кеңсе ашып отырғандар да бар көрінеді.

Бүгінгі таңда елімізде 17 казино мен 10 ойын автоматтар залы лицензия алған екен. Олардың жылдық қаржы айналымы 1 миллиард доллар деседі. Ал жасырын түрде жұмыс істеп жатқандарының қанша екенін бір құдай біледі. Олар Бурабай мен Қапшағайда емес, еліміздің ірі қалаларында заңсыз әрекетін жалғастырып келеді. Әрине құқық қорғау органдары жасырын казиноларды әшкереліп, қызметіне тыйым салып жатыр. Әйтсе де оңай олжа тауып дәніккендер бірі жабылса, екіншісін ашады. Әрине заңсыз. Оларға беделді біреулер қамқоршы болып отыруы да ықтимал.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде елімізде екі жарым мың бәс тігетін орын бар екен. Ал сол бәс тігетін орындардың талай отбасының шаңырағын ортасына түсіріп жатқаны ешкімді алаңдатпайтын секілді. Букмекерлік кеңселердің кесірінен қылмысқа ұрынып жатқандар да бар. Сөзіміз дәлелді болу үшін бір нақты мысал келтірелік. Өткен жылы үйге жөндеу жүргіз деп берген бір миллион тенгесінің 800 мың теңгесін букмекерлік кеңсеге ұттырып қойған жігіт, туған апайын өлтірген. Бар жалақысын бәске тігіп ұттырып, отбасында ұрыс-жанжал болып жатқандар қаншама? Астындағы көлігін букмекерлік кеңсеге ұттырып жатқандар да бар. Әлі де қанша шаңырақтың шайқалуына себеп болары анық. Десе де біз букмекерлік кеңселерді құмар ойынының қатарына қоспай келеміз.

Бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында талай көтерілген. Алайда, осы уақытқа дейін көрер көз, есітер құлақ табылмай келген еді. Таяуда халық қалаулылары букмекерлік кеңселерді құмар ойындар тізіміне енгізіп, Бурабай мен Қапшағайға көшіру таралы Үкіметке сауал жолдады. Әйтсе де депутаттар арасында «букмекерлік кеңселердің санын азайтып, бәс тігушілердің жасына шектеу қою керек» деушілер де болған.

Бірақ ондай ұсыныс айтушылар шектеудің орындала бермейтінін ескермесе керек. Өйткені біздің елде кәмелет жасқа толмаған балалардың кешке үлкендердің қарауынсыз жүруіне шектеу қойылған. Бірақ ол шектеу толық орындалып жатпағанын түнде көшеге шығып көз жеткізуге болады. Сондай-ақ компьютерлік клубтарға келушілердің де жасына шектеу енгізілген. Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқтын-оқтын тексеру жүргізіп, барлық кәсіпкерлердің аталмыш талапты орындай бермейтінін анықтап жүр. Демек «бәс тігушілердің жасына шектеу қою керек» деген орындалмайтын талап.

Ал ҚР Спорт және дене тәрбиесі істері Агенттігінің мамандары да тұрғын үйлерде орналасқан букмекерлік кеңселерді жабу туралы ұсыныс айтып отыр. Олардың мәліметінше, тұрғын үйлерден ашылған букмекерлік кеңселер көбейген. Сол кеңселерге 12-13 жастағы балалар да барып бәс тігетін көрінеді.

Бейресми деректерге сүйенсек, казинолар, букмекерлік кеңселер мен тотализатордың табысынан алынып отырған салық түсіп жатқан пайдамен салыстырғанда теңіздегі тамшыдай көрінеді. Яғни, кәсіпкерлер табысын жасырып, салықтан жалтарады.

Таразылап көрсек, бәс тігетін орындардан мемлекетке келетін пайдадан гөрі зиян басым екен. Демек «ондай орындардың санын қысқартайық, келушілердің жасына шектеу қояйық» деп жалпақшешейлікке салмай, оларды түгелдей құмар ойындар тізіміне енгізіп, казиноларға көрші ету қажет. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста