Құқығыңды білесің бе?

Депутаттар зейнетақының тағдырына шындап алаңдай бастады

  • Депутаттар зейнетақының тағдырына шындап алаңдай бастады

    Депутаттар зейнетақының тағдырына шындап алаңдай бастады

Оңайшылықпен дүрліге қоймайтын момын әрі тілалғыш депутатарымыз, зейнетақының тағдырына шындап алаңдай бастады. Өйткені, келер қарттықты бәрі ойлайды. Ал, сізбен біздің айлығымыздан жырып беретін зейнетақы қорындағы ақшамыз Әзірбайжанның банкіне таратылып кеткен. Бірақ, ендігі мәселе сол 71 миллиард елге қайта ма? Зейнетақының күйіп кетпесіне кепілдік болса, депуттар бұлай қауіптенбес еді ғой? Осы дау шыққалы үнсіз отырған Ұлттық банк төрағасына сауал жолдаған мәжілісмендер, кімдерді жауапқа тартуды сұрап отыр?

Зейнетақы қорындағы халықтың ақшасы қарыздарын қайтаруға қауқарсыз Әзірбайжан банкіне құйылды деген дау бүгін мәжіліске жетті. Депутаттар да дабыл қағып Ұлттық банк төрағасынан зейнетақы қорының капиталын инвестициялау тетіктерін халыққа ашық, анық түсіндіруді талап етті. Мәжілісмендер, шетел банкіне құйылған миллиардтар күйіп кетеді деп, тіпті Әзірбайжан өкілдерінің ақшаны қайтарамыз деген уәдесіне сенбей отыр...

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Олар қайтара алады де п айтып отыр. Бірақ бұл құры сөз ғана. Бұл ресми мәлімдеме емес. Сарапшының пікірі ғана

Азат Перуашев бастаған ақжолдықтар мен коммунистер Үкіметтен шетел банкіне салынған қазақстандықтардың ақшасын қалай қайтаратынын түсіндіруін талап етіп отыр. Ал осындай рейтингі төмен, қарыздарды қайтаруға қауқарсыз банктерге халықтың ақшасын бере салған зейнетақы қорының жұмысына күмәнмен қарайды. Сондықтан елдің тірнектеп жинаған қаржысына немқұрайды қараған тұлғалар жауапқа тартылу керек деп есептейді...

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қордың инвестициялық саясаты өте күмәнді, сенімсіз. Әрі қарай осындай кемшілік болдырмас үшін жауапты адамдарды жауапкершілікке тарту керек.

Ал зейнетақы қоры төңірегіндегі мұндай даулар қарапайым халықтың көңіліне секем түсіретінін Әлеуметтік даму министрі де мойындап отыр. Бірақ, зейнетке шыққан кезде жарнасының құнын жоғалтпай қолына тигізу ғана министрліктің міндеті дейді...

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Біз 10 пайыз төлеп отырмыз ғой, сондықтан ақпарат алуға құқылымыз. Қанша төледім, табысым қанша?

ГҮЛБАНУ ӘНИЯТҚЫЗЫ, тілші:

- Депутаттар жекеменшік зейнетақы қорларын қайтадан ашып, бәсекені қайтару керек деген ұстанымда. Ал, халық ақшасының бүтіндігіне жауапты Ұлттық банк дау шыққалы үнсіз, бірде бір өкілі шулаған елге ақшаны қайтарамыз деп басу да айтқан жоқ. Сондықтан зейнетақы қоры мен банктің қандай шешім қабылдап, шетелдегі 71 миллиардтың тағдыры не болатыны әзірге белгісіз.


Гүлбану Әниятқызы,


Ахмедияр Ілиясов


www.31.kz




Көрілген: 500    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 18.05.2017, 20:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 21:44
    Семинардың үйретері мол

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30