Ғалымдарды мойындатқан құрандағы ғажаптар...

Ғалымдарды мойындатқан құрандағы ғажаптар...

«Құранның сөзі – қасиет, пайғамбар сөзі – өсиет» демекші, адамзат баласы уақыт өткен сайын қасиетті құрандағы әрбір сөздің тегіннен тегін жазылмағанына көз жеткізіп келеді. Әсіресе, әлем таныған атақты ғалымдардың арасында өмірін үлкен жаңалықтар ашуға арнаған жандар өмірлік сұрақтардың жауабын Құраннан тауып, хақ дінді мойындап, тіпті исламды қабылғандары да бар. Бүгін «Алаш айнасы» адамның жаратылысы, анатомиясы, эмбриологиясы жайлы зерттеген ғалымдарды мойындатқан Құрандағы ғажаптарды тізбектеуді жөн көріп отыр.

Аллаһ тағаланың ғажайып жаратылысының бірі – адам баласының кұрсақта дамуы. XIV ғасыр бұрын Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде мәлім болған жайттарды ғылым ХХ-шы ғасырда ғана дәлелдей алды. Алдыңғы қатарлы ғылыми технологияның көмегімен ашылған әрбір жаңалықтар Құранды тағы бір сатыға көтеріп, жаңартуда. «Құран - Исламның ақырзаманға дейінгі ғажайып дәлелі» деген пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадисінде. Сондықтан да ғылым дамыған сайын Ислам да, Құран Кәрім де қарыштап дамиды.

Құран Кәрім күні бүгінге дейін эмбриолог ғалымдарды қатты таңғалдырып келеді. Ғалымдар ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан жетістіктері Құранда XIV ғасыр бұрын жазылып қойғандығын естіп-білгенде еріксіз таңғалып, талай ғалымдар Ислам дінін қабылдаған. «Расында, Біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын Оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған жасушаға), сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа). Сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Аллаһ – ең керемет жасаушы» («Муминун» сүресі, 12-14 аят-тар).
Тұтас бір эмбриология ғылымын осы үш қана аятқа сыйдырып, тұтастай түсіндіріп берген Құран - Аллаһтан түскен, ең ұлы мұғжиза. Ұрықтың дамуы жалпы 280 күнге, яғни 9 ай, 9 күнге созылады. Ұрықтың жатыр ішіндегі өмірі 3 кезеңнен тұрады. 1-ші эмбрионалъді алды кезеңде зигота бөлініп, көбейе бастайды. Бұл кезең 2,5 аптаға созылады. 5,5 аптаға жалғасатын 2-ші эмбрионалъді кезең басталады. Бұл кезеңде ағзаның басты мүшелері мен жүйелерінің қалыптасуы жүреді. Ал 3-ші феталъді кезең - жүктіліктің 8-ші аптасынан нәрестенің туғанына дейін жалғасады. Бұл кезеңнің бастапқы сатыларында ұзындығы тек 3 сантиметрдей ғана болатын ұрықтың барлық мүшелері қалыптасып, адам кейпіне келе бастайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың 40 күннен тұрады. Ұрық алдымен тамшы, кейін ұйыған қан, сонан кейін кесек ет болады. Осыдан кейін (яғни 120 күннен кейін) ана құрсағындағы балаға періште жіберіледі де, ол балаға 4 нәрсені белгілейді: 1. ризығын, 2. қанша өмір сүретінін, 3. істейтін амалын, 4. бақытты, не бақытсыз болатынын». Ғалымдар баланың 120 күннен кейін (4 ай) ойлау қабілеті пайда болады дейді, яғни жаны бар.
Еврей ұлтынан шыққан америкалық эмбриолог Роб Гиллхам Құран аяттарымен толық танысып шыққан соң ислам дінін қабылдаған екен. Альберт Эйнштейн институтында дәріс беретін ғалымның назарын ерекше аудартқан нәрсе, құранда әйел адам ажырасқаннан кейін 4 ай басқа біреуге тұрмысқа шығуына болмайтындығы туралы аят. Ғалымның зерттеуінше, әйел адамның ағзасы еркек хромосомасынан толық тазару үшін 4 ай уақыт керек екен.
Египет ұттық медицина ортылығының профессоры Абдель Басет ас-Саидтың айтуынша, Гиллхам әйелдің ағзасы жыныстық қатынасқа түскеннен кейін әр ай сайын еркектің хромосомалық іздерінен тек 20-30 пайызға тазарып отыратынын, ал толық тазару тек 4 айда жүзеге асатынын дәлелдеген. Міне, дәл осы факт Құранда анық жазылған екен. Ислам дінінде еркек әйелге 3 мәрте талақ айтып ажырасқаннан кейін де 3 ай 10 күн (4 айға жуық) бірге тұруын міндеттейді. Өйткені біріншіден, ер адам әйелінінің өзінене жүкті емес екеніне көз жеткізуі керек, екіншіден, әйел 4 ай ішінде күйеуінің хромосомалық іздерінен толық тазаруы тиіс.
Эмбриолог ғалым зерттеу жүргізу барысынд АҚШ-тың тек мұсылман қыз-келіншектер тұратын ауданында және басқа діндегі әйелдер тұратын аудандарда тәжірибе жүргізіп көрген көрген. Сонда мұсылман әйелдермен салысырғанда басқа дін өкілдерінің, яғни әйелдердің денесінде қатарынан бірнеше еркектің хромосомасы табылған.
Гиллхам өз әйелін де тексеріп, оның бойынан үш еркектің хромосома ізін тапқан. Бұл оның әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанының дәлелі. Сондықтан ол әйелі тапқан үш баланың біреуі ғана өзінің биологиялық баласы екеніне көзі жеткен. «Мұсылман қыз-келіншектер әлемдегі ең таза жандар», дейді еврей эмбриологы.
Эмбриолог ғалымдардың ішінде Құранды мойындаған тек қана Гиллхам емес. Өз уақытында канадалық ғалым, адам анатомиясы мен эмбриология саласындағы мықты маман Кейт Мур да Құранды мойындайтынын айтқан болатын. Оның «Адам эмбриологиясы» деген кітабы әлемнің 8 тіліне аударылған. Ол «Егер мен Құран туралы еретерек білсем, Нобель сыйлығын 20 жыл бұрын алар едім» деген болатын. Мур эмбрионның даму кезеңі туралы өзінің ашқан жаңалығы сонау мың жарым жыл бұрын Құранда сондай дәлдікпен жазылғанына таңқалған. Ол кейіннен «Адам эмбриологиясы ислам қосымшаларымен» атты кітап жазып шықты.
Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста