Құқығыңды білесің бе?

Жемқорлыққа қарсы әрекет - қоғамның басты міндеті

  • Жемқорлыққа қарсы әрекет - қоғамның басты міндеті

    Жемқорлыққа қарсы әрекет - қоғамның басты міндеті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алатау ауданы әкімінің аппараты бірлесе отырып, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ережелерін түсіндіру бойынша Жетісу ауданының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.


Аталмыш жиын қазан айының басында өткізілді. Жиынға аудан әкімі аппаратының, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, білім саласының мамандары, шағын және орта бизнес өкілдері, Алатау ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңесінің мүшелері және мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиынды Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят Болатұлы Ағыбаев алғы сөзбен ашып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Елнар Игіліков, Алатау аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұқан Алмасаев өз баяндамаларында бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, алдын алу, болдырмау, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәденеиетті қалыптастыра отырып, жемқорлықты жою жұмысын күшейту бағытында елеулі қадамдар жасауды тоқтатпауымыз керек деп атап өтті.

Мұқан Алмасаев, Алатау аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», - деген болатын. Осы орайда ауданымызда сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында ұдайы іс-шаралар өткізу әдетке айналған. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Баяндамашылардан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында дайындалған 10 минуттық бейне ролик көрсетілді.  


Еркенұр ЕРЗИЯ




Көрілген: 339    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 10.10.2017, 18:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан, 15:59
    Әкеммен соттаса аламын ба?
    4 Желтоқсан, 15:26
    Төреліктің тарихы тереңде
    4 Желтоқсан, 15:06
    Демалысым күйіп кетпей ме?
    22 Қыркүйек, 21:44
    Семинардың үйретері мол

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31