Құқығыңды білесің бе?

Жемқорлықпен күрес жетіліп келеді

  • Жемқорлықпен күрес жетіліп келеді

    Жемқорлықпен күрес жетіліп келеді

Елімізде жыл өткен сайын жемқорлықпен күрес күшейіп келеді. Соның ішінде Алматы қаласы да жемқорлықпен күреске барынша көңіл бөліп, оның алдын алуға тырысуда. Өйткені жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі.

Осы орайда Алматы қаласына қарасты Әуезов ауданы әкімінің аппараты, аудандық қызметтері, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізуде.

Мәселен биылғы жылдың сәуір айында мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы және құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекетті шоғырландыру, қоғамды жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша, Әуезов ауданы әкімінің аппараты мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, Әуезов ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға Әуезов ауданы әкімі аппаратының, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жауапты қызметкерлері, № 6, 104, 122 орта мектептері мен №174 балабақшаның педагогтары және Әуезов ауданындағы мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының мамандары қатысты. Сондай-ақ сәуір айының 25-і күні Әуезов ауданы әкім аппаратының басшысы, Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Агенттігінің басшысы М.Анапин, «Общественный проект» мекемесінің басшысы А.Братенков, мемлекеттік мекемелердің, жоғары және арнайы орта оқу орындарының басшылары қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне немқұрайды қарамау. Жемқорлықпен күрес – бүкіл қоғамның, әрбір Қазақстан азаматының міндеті екенін түсіндіру болатын. Шара соңында кеңеске қатысушылар жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру үшін, әрбір азамат Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңын білуі тиіс екенін атап өтті.

Ал биылғы жылдың мамыр айында Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, № 64 бала-бақшасында орналасқан «Электрон» бастауыш партия ұйымында, партияның «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел!» жобасы аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған бағдарламалардың іске асырылуына және жемқорлықты біржолата жою мақсатында, «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің аулақ болу қажеттілігі айтылып, мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы жемқорлық секілді жегі құрттың алдын алу үшін мемлекеттік қызметкерлермен жұмыс жүргізудің маңызы зор. Осы орайда қала көлемінде атқарылып жатқан мұндай іс-шаралардан күтеріміз көп.

Еркенұр ЕРЗИЯ


 




Көрілген: 245    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.09.2017, 12:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 21:44
    Семинардың үйретері мол

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30