Құқығыңды білесің бе?

Қарағандыда ішіп рөлге отырғаны үшін жазаланған шенеунік аудан әкімі болып тағайындалды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Сөгіс пен қызметін қатар иемденді! Қарағандыда ішіп рөлге отырғаны үшін жазаланған шенеунік аудан әкімі болып тағайындалды. Бір қызығы, Әлімжан Қанаев дәл тағайындалардан бірнеше сағат бұрын осы қылығы үшін тәртіптік кеңестен қатаң сөгіс алған.


Полицейлер көлік тізгініндегі 35 жастағы Октябр ауданы әкімінің орынбасары ішімдік ішкен деп күдіктеніпті. Бірақ Әлімжан Қанаев медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан. Осы үшін бұрынғы аудан әкімі орынбасарын 11-ші сәуірде сот 2 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды.


Әйтсе де, осы әрекеті үшін тәртіптік кеңестен сөгіс алған Қанаев жарты күн өтпестен Октябрь ауданының әкімі боп шыға келді. Сөгіс бергендердің өзі бәрі бұлай тез болады деп ойламаса керек.


Ал тасы өрге домалағыш жас әкімнің Мәжілістің экс-дептутаты Серікжан Қанаевтың ұлы екенін айта кетейік. Қазір үлкен Қанаев осындай қылық көрсеткен шенеуніктерді жазалайтын мемлекеттік қызмет агенттігі қоғамдық кеңесіне төрағалық етіп отыр.


Десе де, су жаңа әкімнің енді жеке жүргізушісі мен қызметтік көлігі бар. Сондықтан ол жүргізуші куәлігінен айырылғанына қатты қынжылмаған сыңайлы.


Әлімжан Қанаев Октябрь ауданының әкімі:


-Сараптамадан өтуге қарсылық білдіргенімді мойындаймын. Бірақ полиция айтқанына емес, басқа сараптамаға барғым келген. Мұным қате болыпты. Заңның аты заң, хаттама толтырылды. Сөйтіп, өзімнің құқығымды қорғай алмай қалдым. Сөйтіп, әкімшілік жаза алдым. 


ktk.kz




Көрілген: 448    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 19.05.2017, 09:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 21:44
    Семинардың үйретері мол

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30