Құқығыңды білесің бе?

Қарағандылықтар қырық жыл бұрын жерленген ата-әжесін қазып алмақ

  • Қарағандылықтар қырық жыл бұрын жерленген ата-әжесін қазып алмақ

    Қарағандылықтар қырық жыл бұрын жерленген ата-әжесін қазып алмақ

Қарағандылық отбасы ата-әжелерінің денелерін қайта қазып алулары мүмкін. Өйткені «1973 жылдан бері жақындары жатқан зиратта басқа біреудің жерленгеніне сенімдіміз», – дейді. Сөздерінше, ата-әжесіне қойылған ескерткіш тастар жоғалып, марқұмдардың жатқан жеріне белгісіз біреулер кірпіш төсеп қойған. Бұл туралы 31 арна хабарлады.


Ата-әжелері жерленген зиратқа жиі келетін Болат Даншолақов жаға ұстатарлық жағдайды бір апта бұрын біліпті. Азамат «ескерткіштердің жоғалып кеткенінен бұрын жақындарымыз жатқан зираттың үстінен кірпіш қаланғаны ауыр тиді», – дейді. Қарағандылық отбасы зиратқа жауапты ритуалды агенттігінің заңсыз жер сатумен айналысатынына сенімді. Тіпті, екі бірдей мазарда тағы бірнеше адамның денесі көмілген деген күдіктері бар екенін айтады.


БОЛАТ ДАНШОЛАҚОВ, Қарағанды қаласының тұрғыны:


– Біз өз қолымызбен жасаған ескерткіш тастар жоқ. Түк жоқ. Бәрі сынған. Соған қарағанда, ата мен әжеміз жатқан жерге тағы біреу жерленген шығар.


НАҒИМАШ ДАНШОЛАҚОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:


– 47 жыл бойы жатыр осы жерде. Қараусыз жатқан мазар емес. Қалай біреудің ескерткішін бұзуға болады екен? Түсінбейміз.


Зиратқа жауапты ритуалды агенттік өкілдері жердің сатылмайтынын айтады. Марқұмның жақындары тек мемлекеттік баж салығын ғана төлейді-мыс. Ал марқұмдар жатқан жерге тағы біреулерді жерлеу қылмыспен тең дейді.


ГРИГОРИЙ ЛИ, Зираттың бас бақылаушысы:


– Біз рұқсат бермесек, бұл зиратқа ешкім ешкімді жерлей алмайды. Ал тастарды ауыстырып, бейітті жинайтын адамдардың әрекетін біз үнемі бақылай алмаймыз. Лопырев ерлі-зайыптылар жатқан қорымды жақындары жаңартып жатқан шығар. Оны анықтап білеміз.


Шағымданушы тарап тіпті құзырлы органдарға арыз да жазып үлгерген. Бір қызығы, мазардан жоғалған құлпытас бір түнде қайта қойылыпты. Талаптары орындалған соң ба, әйтеуір, көмекке жүгінген Даншолақтар материал эфирге дайындалып жатқанда, шығармауымызды өтінді. Сөздерінше, құлпытасты өзгерту өзге елдегі туыстарының тапсырысы бойынша жасалған көрінеді.


qasym.kz




Көрілген: 593    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 18.05.2017, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 21:44
    Семинардың үйретері мол

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30