Құқығыңды білесің бе?

Қазақстанда «құлдықта болған» физик Ресейге оралды

  • Қазақстанда «құлдықта болған» физик Ресейге оралды

    Қазақстанда «құлдықта болған» физик Ресейге оралды

Үш жыл бойы Қазақстанда құлдықта болдым деген новосібірлік физик отанына оралды, деп хабарлады newsru.com.


«Юрий Образцов Алматыдан Новосібірге ұшып келді. Толмачево әуежайында ер адамды новосібірлік полиция қызметкерлері күтіп алды. Іздестіру шаралары жақында ресми түрде аяқталады, алайда екі елдің полициясы новосібірліктің жоғалып кетуінің себебін анықтап, соңғы үш жылда болған жайттың мән-жайын анықтауы тиіс», - делінген Ресей ІІМ өңірлік бас басқармасының хабарламасында.


2014 жылы полицияға 1962 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар түсті. Іздеу салған оның ағасы болатын. Жоғалған ер адамға федералды іздеу жарияланды. 2017 жылы наурыз айының басында Новосібір полициясына Образцовтың Қазақстан аумағында жүргені жайлы ақпарат келіп түсті. Туыстары оны фотосуреттен таныды.


Айта кетейік, өткен аптада отандық және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Образцовты ресейлік физик ғалым деп атап, оның үш жыл бойы Қазақстанда құлдықта ұсталғандығын жазған болатын.


Алайда ҚР ІІМ бұл ақпаратты растаған жоқ.


«Дәрігер-мамандармен сөйлескенде ол өзінің Новосібір облысындағы психодиспансерде есепте тұрғанын айтқан. Мамандар сұрағына жауап бергенде Алматыға келген соң одан әрі Ташкентке кету туралы жоспарын да жеткізген. Ол бір ауылдан екінші ауылға бірде жаяу, бірде түрлі көлікке мініп жүре берген. Ешкім оны күштеп ұстамаған. Үш жыл бойы қайда болғаны, қайда тұрғаны туралы сұраққа жауап бере алмаған. Сот-медициналық сараптама жүргізілді, оның денесінен ешқандай жарақат анықталмады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деп жазған болатын ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.


Оның жазуынша, ресейлік азамат Юрий Образцов 2014 жылдың сәуірінде Алматыға Новосібірден пойызбен келген.


www.inform.kz



Көрілген: 592    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.03.2017, 11:04

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30