Құқығыңды білесің бе?

Күйеуіне көмектеспек болған атышулы Бергей Рысқалиевтің әйелі дауға қалды

  • Күйеуіне көмектеспек болған атышулы Бергей Рысқалиевтің әйелі дауға қалды

    Күйеуіне көмектеспек болған атышулы Бергей Рысқалиевтің әйелі дауға қалды

Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің азаматтық некедегі әйелі Динара елден қашқан жарына қомақты қаражат жолдаймын деп соттан бір-ақ шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Есіл аудандық сотында өткен азаматтық істің алдын ала тыңдалымына журналистерді кіргізбеді. Дегенмен белгілі болған ақпаратқа сәйкес, жанжал ірі қаражатқа бола туындаған. Бергей Рысқалиевтің азаматтық некедегі әйелі Динараға өзгенің 2,9 млн доллар қаражатын қолды қылды деген шағым жасалды. Шағымды Динараның үстінен оның немере ағасы Арман Сандыбаев түсірген.


"Арман арқылы ол (Динара - NT ескертпесі) өзінің азаматтық күйеуі Бергей Рысқалиевке қаражат жолдамақ болған. Оның Бергейден екі баласы бар. Ол ақшаны Бергей Рысқалиевке жібермек болғанда, мұны білген күйеуім бірден бас тартты. Алайда ол банктердің бірінде VIP-клиент болғанын пайдаланып, менеджер арқылы алдамшы әрекетпен менің күйеуімнің шотындағы 2,9 млн долларды өзге шотқа аударып жіберген", - дейді бизнесмен Сандыбаевтың әйелі.


Оның айтуынша, Динара Бергеймен бірге болу үшін Лондонға кетіп қалғысы келген, алайда оған визада рұқсат берілмей қойыпты. Ал Сандыбаев Польша мен Молдавиядан жеміс-жидектерді импорттауды кәсіп ететін көрінеді.


Еске салсақ, Бергей Рысқалиев аймақ басшысы болып тұрған кезінде "мелмекет қаржысын ірі сомада жымқырып отырды" деп айыпталып, оны қамауға алу шешімі шығарылған болатын. Алайда Рысқалиев елден ізін суытып, бүгінде оған халықаралық іздеу жарияланды.




Көрілген: 1195    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 20.04.2017, 17:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан, 15:59
    Әкеммен соттаса аламын ба?
    4 Желтоқсан, 15:26
    Төреліктің тарихы тереңде
    4 Желтоқсан, 15:06
    Демалысым күйіп кетпей ме?
    22 Қыркүйек, 21:44
    Семинардың үйретері мол

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31