Қыздар пәктігін сатып оқу ақысын төлейді екен...

Қыздар пәктігін сатып оқу ақысын төлейді екен...


Қазақта «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөз бар. Арды ойлаған халқымыз бойжеткен қыздарының болашақ жарының босағасын пәк болып аттауына ерекше мән берген. Десек те қазіргі кезде батыстан жұққан дерттің кесірінен біздің қоғамда ар-ұят, пәктік деген түсініктер ада болып барады. Бүгін «Алаша айнасы» пәктігін сатып, көздеген мақсатына жетуге талпынған бойжеткендер туралы сөз қозғамақ.
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын «Алаш айнасы» сайтында пәкітігін саудаға салатын қыздардың көбейіп бара жатқандығы, сондай-ақ пәктікті қалпына келтіру үшін ота жасатуға оңтүстіктің қыздары Алматыға ағылатыны туралы материалдар шыққан болатын. Осыдан кейін біз жастар арасында сауалнама жүргізіп, жас қыздардың пәкітігін сақтауға қаншалықты мән беретінін зерттеп көрген едік.
Осы тақырыпта әңгіме дүкен-құрған оншақты қыздың жартысына дерлігі, өз достарының арасында пәкітігін ақшаға сатқан қыздардың бар екенін айтып берді. Пәктігін саудалаған қыздардың көбі оқуының ақысын төлеу үшін осындай қадамға барады екен. Кейбіреуі ата-анасының оқуға төлеуге жіберген ақшасын жұмсап қойып, кейін сол ақшаның орнын толтыру үшін де осындай әрекетке барғандарын айтты. Жас қыздардың пәктігі үшін ақы төлегісі келетін «клиенттер» негізінен қыздармен әлеуметтік желі арқылы немесе байланыс желілері арқылы танысқан ер адамдар. Ақша үшін пәктігінен айрылған қыздардың жақын достарынан естігеніміз олар өздерін 200-500 мың теңгеге бағалайды екен. Ал кейбір студент қыздардың арасында пәктігін 10 мың долларға дейін бағалағандары да бар көрінеді.
Пәктікті сату қайдан бастау алды десеңіз, тағы да сол шетелдерден келген дерт бізге. Не нәрсені бас-көзсіз өзімізге жұқтырып, еліктеп кететін әдетімізше, пәктікті саудаға салудың да жолын тауыпты қыздарымыз.
Шетелдік арулар өздерінің пәктігіні ашықтан-ашық интернет-аукционға салады. Осыдан біраз уақыт бұрын ғаламторда бразилиялық студент қыз Катарина Мильорини өзінің пәктігін 780 мың долларға сатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол бұл ақшаны Аргентинада медициналық білім алу үшін жұмсайтынын айтқан еді. 

 

Пәктігін саудалаған Катаринадан басқа да қыздар жетерлік. Солардың бірі өзін «Көктем ару» деп атаған 18 жасар венгерлік ару да піктігін интернет аукцион арқылы сатқан. «Көктем аруының» пәктігі үшін британдық азамат 320 мың доллар беріпті. Бұл ақшаға венгерлік ару да өзінің оқу ақысын төлейтінін, басқа да қарыздарынан құтылатынын айтқан. 
 
 
Пәктігін ақшаға айырбастауға дайын қыздардың ішінде 22 жасар америкалық қыздың пәктігі интернет-аукционда 3,7 млн долларға бағаланған. Алайда бойжеткен бұл ақшаны азсынып, бас тартыпты. Ал 2008 жылы италиялық ару Рафаэлла Фико өзінің «байлығын» 1 млн евроға сататынын айтты. Ол бұл ақшаға Римнен үй алып, қалғанын актерлік шеберлік курсын оқуға жұмсайтынын айтты. Дәл осы жылы ирландық қыз өзінің көркем-сурет мектебіндегі оқу ақысын төлеу үшін пәктігін 10 мың долларға сатқан. 
 

2004 жылы 18 жасар британдық қыз өзінің пәктігін 8 мың 400 фунтқа сатты. Ол: «Университетті қарыз болып аяқтағанша, жезөкше болған артық» деген болатын.
Мұндай тізімді үздіксіз жалғастыра беруге болады. Осыдан біраз уақыт бұрын біз шетелдегі осындай жағдайға жағамызды ұстап қараушы едік, қазір өзіміздің елдегі «пәктік саудасына» таңғалмайтын болдық па? Қалай?


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста