Қызыңның қадірі неге кетті, қазағым?

Қызыңның қадірі неге кетті, қазағым?

Кімге кінә тағарсың, бірақ, дәл қазіргі уақытта қазақ қызының қадірі кетіп болды десем, көпшілік қарсы уәж айта қоймас. Әлбетте, кінәліні іздеу де біздің құзыретімізге жатпайды. Жанымыз ашып, жүрегіміз күйзелгесін айтамыз. Мыңдаған ана жатырында жатқан шақалақты дүние есігін аштырмастан, өлтіріп жатырмыз! Ащы да болса шындық сол, қазақтың санын көбейтеміз деп жүргенде, жасанды түсік жасату қазір әбден «дәстүрге» еніп болды. Басқаны айтпағанда, Атырау облысында мыңдаған түсік жасатады екен жылына! Мыңдаған! Оңармыз бұдан кейін…
Қоғам дейміз, заман дерміз, әйтеуір, тек қана статистикалық мәліметтерге сүйенсек, есі дұрыс адамның үрейі ұшады. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бізге берген мәліметі бойынша, облысымызда заңды түрде түсік жасатқан бойжеткендердің саны жылдан-жылға төмендегені байқалады. Мысалы, 2013 жылы жалпы заңды түрде түсік жасатқандардың саны 2138 болса, өткен жылы олардың саны – 1591-ді құрапты. Бұның ішінде 15 жасқа дейін түсік жасатқаны -1 еу болса, 15 пен 18 жас аралығындағы бойжеткендер саны– 34. Сол сияқты осы жас аралығындағы қыз балалардың жүкті болып, аман-есен босанғандары – 280 болса, оның 28-і ауыл тұрғындары.
Бірде Республикалық басылымдардың біріне берген сұхбатында Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі ұлттық орталықтың бас директоры Шолпан Қаржаубаева төмендегідей мәлімедеме жасап еді:
– Қазақстандық қыздардың 70 пайызы некеге дейін жыныстық қатынас жасайтын көрінеді. Ал 60 пайызы некесіз бала туады. Олардың басым бөлігі студенттер екен. Республика бойынша жалпы алғанда жыл сайын мектеп оқушылары мен студенттердің арасынан 10 мың қыз дәрігерлердің көмегімен түсік тастайды. Бұл көрсеткіштің өзі олардың толық саны емес. «Біз жыныстық қатынас арқылы немесе аборт жасағанда инфекция таралуының төмендегені туралы статистиканы келтіргенде ресми тіркеу негізінде айтамыз. Ал шын мәнінде жасөспірім жекеменшік клиникаға барып қаралуы мүмкін. Онда ол біздегі жалпы базаға тіркелмейді». Түсік тастау арқылы жүктілікті тоқтатқан әйелдердің 30 пайызы онкологиялық немесе гинекологиялық ауруларға шалдықса, бұл жас қыздар арасында 2,5 есеге жиі болады екен, – деді. Бұған не дейміз?
Расында бізде жасанды түсік жасау дәрігерлердің кеңесі бойын-ша анаға қауіп төндіргенде, не анасы керек емес деп тапқан жағдайда жасала береді. Өйткені, әйелдің өз еркімен түсікті жасауына біздің елде еш кедергі жоқ. Осы жерде Атырау қаласында қаптаған гинекологиялық орталықтар немен айналысады деген ойға қалатынымыз шындық. Әрине, барлығы бірдей жасанды түсік жасатумен айналыспайтын да шығар. Бірақ, жоғарыда ресми айтылған мәлімдемені де ешкім жоққа шығарып отырған жоқ қой! Оның үстіне, Атырау облысындағы жағдайға қатысты ресми берілген жауап та бұны теріске шығарғандай.
Мысалы, «Жалпы жасанды түсік жасауға облысымызда қандай мекемелердің құқығы бар? Заңсыз жасанды түсік жасағандар жауапкершілікке тартыла ма?» деген сауалды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина Камеловаға қойып көрдік.
– Жасанды түсік тек қана мемлекеттік емдеу-сауықтыру ұйымдарында жасалады, яғни облыстық аурухана, облыстық, қалалық перзентхана және аудандық перзентхана бөлімінде. Жеке клиникаларда маман, жансақтау бөлімі және лицензиялары болса ғана рұқсат беріледі. Кішігірім жеке қабылдау кабинеттерінде жасанды түсік жасауға болмайды, ол заңсыз болып табылады.
-Жекеменшіктегі гинекологиялық емханалардың жұмысын кім қадағалайды?
– Жекеменшік гинекологтардың қабылдау кабинеттерін тексеруге құқығымыз жоқ. Егер шағым болған жағдайда (Заңға сәйкес) тексеруді ҚР ДСж.ӘДМ-і медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті жүргізуге құқылы, – дейді ол.
Қағаз жүзінде нақты солай екені рас болар. Енді мына жәйтқа назар аударып көрейік. Қазір қаладағы орта арнаулы оқу орындары болып келетін колледж-лицейлердің оқушылары негізінен ауылдан келген қыз балалар. Ағайын- туысқандарының пәтерін сағалап жүрген санаулыларын айтпағанда, көпшілігі өзі секілді құрбыларымен бірігіп пәтер жалдайды. Ана сезімі әлі толығымен қалыптаса қоймаған, 15-18 жас аралығындағы қаракөз қыздарымыздың абыройын төгіп, жасанды түсік жасатып жүргендері, теріс ықпалды діни жолдарға ілігіп кетіп жүргендері осы ауылдан келген студент қыздардың арасында қанша екенін нақты ешкім айтып бере алмас. Бұл аз десеңіз, енді жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың да саны мүлдем азаймай отыр. Қайтадан ресми лауазым иесімен болған сұхбатқа берейік кезекті:
– Бүгінгі таңдағы жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың да саны күрт өсті деген қауесет бар. Бүгінде тіркеуде тұрған жыныстық жұқпалы ауруларға шалдыққан сырқаттардың саны қанша? Бұл жерде кәмелетке жасы толмағандардың саны ше?
– Өкінішке орай жыныстық жолмен берілетін жұқпалар саны азаймай келеді. Яғни 2013 жылдың қорытындысы бойынша облыста жыныстық жолмен ауырғандар саны 840 болса, 2014 жылы -1114. Кәмелет жасына дейінгілер арасында 1-2 жағдай ғана. Ер бала немесе қыз бала жыныстық қатынасты ерте бастаса, жыныстық жолмен берілетін жұқпалар саны және түрлері көбейе береді. Бұл жағдай қыз бала тұрмысқа шыққанда да жүктілік қиындауы мүмкін. Яғни, ұрықтын дамуы нашарлап тоқтап қалуы, түсікке әкелуі, іштен туа біткен ақаулар т.б. Осы жерде «Денсаулық немесе дені сау ұрпақ керек пе, әлде денсаулығының нашарлауына жол бере бермек пе?» деген сауал туады. Сондықтан жасөспірімдердің өз саулығына, тіпті осындай жағдайда өмірге келетін сәбилерінің өміріне бей-жай қарамауын сұраймыз, – дейді Дина Камелова.
Біз сөзге тартқан, қаладағы орта арнаулы оқу орнының студенті 20 жастағы Әйгерім Аманжолова (есімі өзгертілді) жасанды түсікке жүгінетін замандастарын жиі кездестіретінін жасырмады.
– Жатақханадағы қыздардың көбі жігіттерге алданып жатады. Жасанды түсік жасатқандарды айтпағанда, кейбірінің ата-анасы мәжбүрлегесін сол жігітке тұрмысқа шығады да, балалы болғасын кейін ажырасып кетеді. Осындай көптеген жағдайларға куә болдым, – дейді ол.
Алданып қалған армандар да бар шығар араларында, арбалып қалған арулар да жоқ емес ішінде. Бірақ, осы оқу орнына келерде, ата- анасынан ұзаққа, шалғай жерге барарда тәлім-тәрбие мен арнайы маман кеңестері болмағасын, от басып, опынып жататыны кәміл бойжеткендердің. Маман демекші, бір кезек психологтың да сөзін тыңдап көрген абзал болар. Айталық, біз тілдескен кейбір психологтар болса «Қыз балалардың мұндай әрекетке баруы – олардың ана болуға дайын еместігін сезініп, шарасыз күйге түсетіндігінен. Мұндай жағдай көбіне жасөспірімдердің бақылаусыз қалуынан орын алады», – дейді. Жасыратыны жоқ, лауазымды қызметтегі ата-аналардың өздері де балаға отбасы, ошақ қасында берілетін тәрбиеге қажетті деңгейде көңіл бөлмейді. Олар тәлімнен гөрі, перзенттерінің материалдық жағдайын дұрыстап беруді ойлайды.
Тілші түйіні:
Міне, басты гәп қайда?! «Қатарынан кем қылмайыншы» деп, үлде мен бүлдеге орағанды, тіршілік тауқыметіне тарықтырмай өсіргенді ғана адам қатарына қостым деп білетін қателігі, ақыр айналғанда ең алдыменен, перзенттерінің өзіне ащы таяқ болып тиеді екен. Отбасы бақытын, аналық шаттықты жете түсінбеген аруларымыз аһ ұрып, опық жеп жатады. Үйде қыз қадірін, жұптық өмір киесін ұғынбаса, далаға кеткенде, соның қадірін жете түсінбейді. Ал, өз қадірін білмеген, тазалық пен пәктіктің қасиетін ұғынбаған бойжеткенге жел қуып, ақыл тоқтатпаған жігітсымағың да ойына келгенін оңай жасап кетері де кәдік. Ал, қоғам болса, ең алдыменен мемлекеттік деңгейде отбасылық институттың мәртебесін көтеруге атсалысса ғана, жоғарыдаға мәліметтердің деңгейі төмендер ме еді, қайтер еді? Сөйтсең ғана, өз қадірі кеткен қызыңның құрметін қайтадан қалпына келтіруге болатын шығар ма еді, қазағым? Уақыт тапшы, құрудың аз-ақ алдында қалғандаймыз ғой…

Дидар Бегалиев

facebook.com  жеке парақшасынан 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста