Мектеп қызметкері жұмыс кезінде арақ ішіп ұйықтап қалған

Мектеп қызметкері жұмыс кезінде арақ ішіп ұйықтап қалған

Білім ошағындағы былық! Алматыдағы 151-ші орта мектептен тағы шу шықты. Бұл жолы қызметкердің бірі дәл мектеп қабырғасында ішімдік ішіп, ұйықтап қалған. Тіпті директордың өзі оқушыларға доқ көрсетіп, ұстаздармен дөрекі сөйлеседі екен. Осының бәрін жұмыстан қуылған күзетші таспаға түсіріп, бұрынғы басшыларының әрекетін әшкерелеп берді. Бұған дейін де осы мектептің мұғалімі оқушыға орындық ұстатып жазалағаны үшін қызметінен қуылған болатын.
Міне, завхоз удай мас. Ей, Дәке, тұрсаңшы...

Дәл жұмыс кезінде ішімдікке тойып алып, ұйқыға басқан бұл азамат № 151-ші мектептің шаруашылық жөніндегі меңгерушісі. Масайып қалған қызметкерді күзетші таспаға түсіріп алған. Жұмыстан қуылған ашулы қарауыл енді бар былықты жариялап жатыр.

Қуат, №151 орта мектептің бұрынғы күзетшісі:

-Әкімшілік ішіп, мектепте мас жүреді. Мұғалімдер мен басшылар арасында ұрыс-керіс көп. Асхат Ошақбаев мектеп директоры көп өтірік соғатын адам.

Мұғалімдер мен басшы арасында ауызбіршілік жоқтығын дәлелдейтін деректер де жеткілікті. Оны мына таспадағы ұстаз бен директордың дөрекі әңгімесінен анық аңғару қиын емес.

-Енді сен көріп тұрсың ғой бірінші басшы осылай боқтап отырса. Масқара. Бүкіл мектеп естісін. Басшы солай айтып отырса басқа Орынбасарларынан не сұрайсың.

Басынан дау арылмаған бұл мектепте екі ай бұрын да шу шыққан. 21 жастағы мұғалім сабақтан кешіккен оқушыға орындық көтергізіп жазалағаны үшін жұмыстан қуылды. Басшыларға да сол кезде сөгіс жариялаған болатын. Бірақ бұл оларға сабақ болмаса керек. Директор мен орынбасарлары оқушыларға доқ көрсетуін тоқтатар емес.

-Сенімен сөйлесеміз әлі. Өлтірмек түгілі,басыңды жұлып аламын.

Сынға іліккен мектеп басшысымен тілдесу де оңайға емес екен. Алдымен күзетшілері көлденең тұрып тосқауыл болса, артынан директордың өзі сұхбаттан сытылып кетуге тырысты. Алайда Асхат Ошақбаев бұрынғы күзетшінің айтқанының көбін жоққа шығарды. Тек ішіп алған мектеп қызметкеріне сөгіс жарияланған екен. Ал ұстаздар мен оқушыларға айтылған балағат сөздер менің аузымнан шыққан жоқ деп ақталды.

Асхат Ошақбаев, №151 орта мектептің директоры:

-Менің аузымнан ондай сөз ешқашан шықпайды. Жігіттер өйтіп артық кетпеңіздер. Менің аузымнан ешқашан шықпайды.

Білім ошағындағы ұжым да екіге жарылған. Жікке бөлінгендердің көбі директорды қолдайды. Сондықтан сабақтарын тастап шыққан ұстаздар қауымы басшыларын ақтап алу үшін түсіру тобын қаумалап алып, айқайдың астына алды.

Соңғы екі айда екі мәрте сынға ұшыраған білім ошағын енді тағы да тексеріс күтіп тұр. Жұмыстан қуылған күзетші бар былықты айтып, аудандық білім бөлімі мен прокуратураға шағым жазған. Сондықтан ертең бұл мектепке кезекті рет комиссия келіп, барлық деректің рас-өтірігін анықтамақшы.  

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста