Құқығыңды білесің бе?

Пәктігінен айырылған арулар ауылға келін болғылары келмейді

  • Пәктігінен айырылған арулар ауылға келін болғылары келмейді

    Пәктігінен айырылған арулар ауылға келін болғылары келмейді

 Елімізде нәзік жандылардың дені тұрмысқа шығуға асықпауын пәктігінен айырылғанымен және ауылға келін болудан қорқатындығымен түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.


Айжан есімді бойжеткен ауылдың жігіті алып қашып кетеді деген қорқынышы барын жасырмады.


Оның ойынша, алып қашуға бейім жігіттер әдетте ауылдан шығады. Салдарынан қыздар келін ретінде сиыр сауып, үйдің шаруасына жегілуі мүмкін дейді ару. Екі бірдей жоғары білімі бар бойжеткен сіңлісі дәл сондай жағдайға душар болғанын алға тартты. Ақыры қалалық қыз бен ауылдың жігітінің жұбы жараспай, айырылысып тынған екен.


Ал Әсем есімді бойжеткен жігітінің ұсынысынан бас тартуына пәктігінен айырылып қалғандығы себеп болғанын жасырмады.


Бірінші махаббаты оны пәктігімен қоса жарқын болашаққа деген үмітінен де айырған екен. Әсем екінші жігіт оны қатты сүйгеніне қарамастан, тұрмысқа шығуға батпаған. Себебі, қазақтардың түсінігінде, әсіресе оңтүстіктің түсінігі бойынша қыздың пәк болуы аса маңызды дейді ол.


Жанар болса, тұрмысқа шығу қорқынышын жігіттердің тоқал алуға әуестігімен байланыстырды.


"Жігіттер тоқал алуды әдеттегі жағдай санайды. Тіпті әйеліне қол көтеретін ер азаматтар да жиі кездеседі", - дейді ол.


Дегенмен психолог Татьяна Сунцова тұрмысқа шығу қорқынышына өзге де жайттар себеп болатынын алға тартты.


«Кей арулардың тұрмысқа шығуына бала кезіндегі қорқыныштары немесе өткеннен қалған жағымсыз естеліктер себеп болады. Кейбірі анасын тастап, өзге үйге кетуден қорқады. Ал кейбірі арманындағы мінсіз жігітті іздеп уақыт жоғалтады. Ондай бойжеткенге кез келген жігіт жолы болмаған, кемшіліктері көп немесе үйленген болып көрінуі мүмкін", - дейді психолог.


NUR.KZ




Көрілген: 1410    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 20.03.2017, 12:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31