Сақ болайық! Қазақстанға шииттер келе жатыр

Сақ болайық! Қазақстанға шииттер келе жатыр

Қазақстанда қазіргі кезде діни мәселелердің көбейіп кеткендігі белгілі. Оның бірнеше себептері де бар. Айта кететін болсақ, дін туралы дәстүр мен шариғатқа сай материалдардың аздығы мен бастапқы кезден-ақ дұрыс түсіндірілмеуі еді. Бірақ бұл олқылықтарға кеш те болса түзету енгізілді деп ойлаймын. Себебі қазір ҚМДБ-ның бастамасы бойынша бірнеше ұстаздар үгіт-насихат жүргізіп жатыр. Осыған дейін Қазақстанда уахабисттік, саллафиттік ағымдардың әсерінен түрлі қақтығыстар мен жантүршігерлік оқиғалардың болғаны әлі де естен кете қойған жоқ. Сол оқиғалардың кесірінен халық өз ата-бабамыз ықылым заманнан ұстанып жүрген асыл дінімізден безініп, қорқақтайтын болды. Қазір уахабиттер мен саллафиттер басып жаншылды, оларға толық тоқтау қойылды деп сенімді айтпасақ та бұрынғыға қарағанда бәсеңдеген секілді.

Бірақ қазақ бір айналдырғанды шыр айналдырады демекші тағы да жат ағымның ауылы алыс емес екендігі 2016 жылы қараша айында хабарланған болатын. Бұл туралы ҚМДБ пәтуа бөлімінің меңгерушісі, ұстаз Сансызбай Құрбанұлы ескерткен еді. Қазақ жеріне келе жатырған бұл ағымдағыларды шииттер деп атайды. Олардың өзге діни ағымдардан ерекшелігі пайғамбарларды,хадистер мен сахабаларды мойындамайды және де ең ерекше белгілері 3 уақыт намаз оқиды. Бұл ағым алдыңғы біз білетін ағымдардан да қауіпті және азғыруы өте күшті деп ескертеді Сансызбай Құрбанұлы. Шииттік бағыт өкілдері 29 әйел алуға және уақытша некеге тұруға рұқсат береді. Сонымен бірге Сансызбай Құрбанұлының айтуы бойынша мұсылмандардың қосымша ораза ұстайтын «Ашура» атты мейрамында шииттер өз-өздерін қамшымен сабап, қан шығаруды әдетке айналдырған. Шииттік бағыттың өкілдері әлемде болып жатқан қақтығыстар мен террорлық оқиғаларға қатысы бар екендігі де дәлелденіп жатыр. Яғни бұл бағыттың өкілдері Қазақстанды да айналып өтпесі анық. Ислам дінінің қазір әлемде 70-тен аса ағымы бар екендігін де еске сала кетейік

Осыған байланысты ҚМДБ-ның Тілекқабыл Амангелді есімді өкілімен сұхбаттасқан едік. Оның айтуынша, діни басқарма ай сайын белгілі бір орталықтарға, абақтыларға, мешіттерге осы тақырыпқа қатысты 1 сағаттық немесе оданда көп уақыттық уағыз-насихат жұмыстары жүргізіледі. Шииттердің басқа ағымдардан өзгешелігін байқау үшін діни сауаттылық қажет екенін айтады. Шииттердің намаздар мен сенімдері тіпті бөлек, өзгеше болғандықтан да ажырату қиынға түсіп отыр.

Сәләфиттік ағымның артынан ергендер ашушаң, ешкімге құлақ аспайтындығын ескерте келе шииттік ағымдағылардың әдебиетпен байланысы бар екендігін де мақұлдады. Әсіресе Әли сахабаға қатысты шығармаларды көп қолданады деген де мәлімет бар. Айтуынша шииттік бағыттың соңынан ергендер Қазақ жерінен де табылыпты. Оның ішінде тура жолды тапқандары да, сол адасқан күйінде жүргендері де бар. Сөздің соңында Тілекқабыл Амангелді бұл ағымнан сақтанатын жолдың тек біреу екендігін айтты. Ол - діни білім мен діни сауаттылықтың жоғары болуы. Ал жастарымыз діни сауатты болуы үшін мешіт-медреселер көптеп ашылып, мешіттерде діни сауат ашу орындары көп болуы қажет екенін алға тартады.

Сонымен бірге кейбір дінтанушылар мынандай пікір де білдіреді: «Адамның миы, санасы өзге ағыммен уланып кеткеннен кейін оны тазалап қалыпқа келтіремін деу қауіпті ісік ауруын ең соңғы асқынып кеткен кезеңде емдеп жазамын деумен тең. Санасы уланғандарды түзеумен айналысу керек, бірақ одан да маңыздысы оның алдын алу. Ұстаздардың түрлі уағыздарын телеарналардың да белгілі бір уақыт арнап көрсеткені жөн.Сонда ғана халықтың дінге деген көзқарасы өзгерер еді, жат ағымдардың да алдын алар едік».

Ескеретін бір жайт, кез-келген діни материалдарды қараған кезде оның ҚМДБ-ның рұқсаты бар екенін міндетті түрде тексергеніңіз жөн.

Сұхбаттасқан: Әсел Өтешова

«Қамшы» сілтейді

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста