Құқығыңды білесің бе?

Судьяларымызға қойылар талап жоғары

  • Судьяларымызға қойылар талап жоғары

    Судьяларымызға қойылар талап жоғары

Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап сот жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлді. Елбасының өзі «ХХI ғасырда ұлтты дамытудың басты белгісі – мінсіз және тиімді сот жүйесі. Тәуелсіз және әділ сот – кез келген мемлекеттің қызмет желісі. Онсыз әлемнің бірде-бір мемлекетінде, ең дамыған мемлекеттерінде азаматтардың жоғары деңгейдегі дәулет­тілегі де, қоғамның табысты дамуы да, қолайлы инвестициялық ахуал да болуы мүмкін емес», – деп атап өткен болатын.

Яғни еліміздегі кез келген азамат сот жүйесі арқылы құқығына қатысты мәселелерін әділ шешіп, өзін қорғай алуы қажет. Ал, бұл сот төрелігі жүйесін әлі де жетілдіре түсуді талап етеді. Сондықтан жыл сайын еліміздегі сот жүйесін дамыту мақсатында заман талабына орай өзгерістер мен жаңа жүйелер енгізілуде. Соның ішінде судьялар құрамын сапалық тұрғыдан жетілдіруге ерекше мән берілуде.

Мемлекет басшысы бес институттық реформаны жүзеге асыруды көздеген Ұлт жоспарының 19-қадамында судьялардың есеп беру тәртібін күшейтіп, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасақтау мәселелерін міндеттеген. Ал Әдеп кодексінде судьялар жауапкершілігі одан әрі арттырылған. Судьялардың жаңа Әдеп кодексі еліміздің бұдан былайғы даму кезеңдерінің міндеттерін орындауға лайықты қызмет етіп, соттардың беделі мен мәртебесін көтеретініне сенім мол.

Әділ сот билігін атқаруға құзыреттілік берілген кешегі өткен билер де, қазіргі судьялар да халықтың мұң­мұқтажын, талап­тілегі мен шағым­өтініштерін тыңдап, шындықтың жағын жақтап, өзі өмір сүрген қоғамының әділдік ұстанымдарына қызмет етіп келеді. Олардан кәсіби ерекшеліктеріне қарай заңдарды, елдің салт­дәстүр, жөн­жоралғыларын жақсы ғана біліп қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, қабілетімен ғана емес, жеке бастарының қадір­қасиетімен де үлгі­өнеге көрсете білуі талап етіледі. Мемлекеттік биліктің жоғары лауазым иелері – судьялар бүгінде өздеріне берілген зор құзыреттілікті адал атқара отырып, моральдық­адамгершілік келбетіне қылау түсірмес үшін белгілі бір шектеулер мен міндеттемелерді де жауапкершілігіне алған. Судья әдебінің кодексі кәсіби әдеп өлшемдерінің жиынтығы ретінде сот төрелігін жүзеге асыруда және соттан тыс қызметтегі мінез­құлықтың судья үшін міндетті қағидаларын белгілей отырып, сот және судья әдебі нормаларын бұзу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай­ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез­құлықтың кәсіби әдептік стандартын айқындайды. Сондықтан, бүгінгі күні Судья әдебі кодексінің сот төрелігін жүзеге асырудағы алатын орны маңызды. Олар өз қызметі арқылы азаматтардың бойында Қазақстан Республикасының Конституциясын, елдің заңдарын құрметтеу сезімін қалыптастырып, заңның үстемдік принципін орнықтыруға тиіс. Сонымен қатар, қандай жағдайда болсын сот билігінің тәуелсіздігі принципін сақтауға және сот билігінің беделін түсіретін, судьяның абырой­беделіне нұқсан келтіреті және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде оның объективтілігі мен бейтараптылығына күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен өзін аулақ ұстауға тиіс. Судья процеске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-қатынастардан аулақ болып, кәсіби беделі күмән тудырмайтындай мінез-құлықты ұстануы қажет. Қоғамдық пікір, судья қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында сынау оның шешімдерінің заңдылығы мен негізділігіне ықпал етпеуге тиіс.

Ең бастысы, қазыларымыз ұлттық және халықаралық құқық саласындағы білімін нығайту үшін қажетті шараларды жүзеге асыруы қажет. Бұдан халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған, ең тұрақты қоғам құру қажеттілігі туындайды. Біздің мақсатымыз да дәл сондай қоғам құру болып табылады. Осы орайда судьяларымыз қоғам айнасы екенін ұмытпауымыз керек.

Олжас КҮРЕҢБЕКОВ, Қапшағай қалалық сотының төрағасы.

Алматы облысы


 




Көрілген: 220    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.12.2017, 13:22

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Желтоқсан, 15:59
Әкеммен соттаса аламын ба?
4 Желтоқсан, 15:26
Төреліктің тарихы тереңде
4 Желтоқсан, 15:06
Демалысым күйіп кетпей ме?
22 Қыркүйек, 21:44
Семинардың үйретері мол

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31