«Болыс болдым, мінеки» немесе Абайдың билікке көзқарасы

«Болыс болдым, мінеки» немесе Абайдың билікке көзқарасы

Академик Салық Зимановтың пікірінше, замандастары Абай Құнанбайұлын елдің қамын ойлаған болыс, әділ би деп білді, алдына жүгінді, жақсылығын көрді, көсем тұтты. Тіпті оның жауларының өзі әділдік іздеп Абай бидің алдына барған. Тұрсын Жұртбай ағамыз мысалы еткендей, өз замандастары үшін Гете – сарай министрі, Омар Хайям – ғалым, Тютчев – елші, Салтыков – қазына бастығы ғана. Ауқатты, текті әулеттен шыққан ұлы Абай 14 жасынан бастап қараша халыққа әділ билік жүргізіп, қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпын, үкім-кесімдерін жетік меңгерген дала биі, қабырғалы қайраткер болған еді.

Болыс боп елге болысқан...
1868 жылғы Ресей патшасы қол қойған «Жа­ңа низамнан» кейін болыс пен би қыз­меті патшалық Ресейдің мемлекеттік қыз­ме­тіне кірмей, ең соңғы дәрежедегі қоғамдық би­лік болып қалды. Сайланған бидің ше­шімін әскери сот кез келген уақытта бұза ала­­ды. Шамамен 10-12 ауылға билігін жүр­­гізетін болыс қызметі сиязда бекітілген. Би­лерге тек азаматтық істермен ғана ай­налысуға пұрсат берілді. Егер іс көлемі бел­гілі бір сомадан асқан жағдайда оны ше­ка­ралық сот, мировой соттар қарады. Сөйтіп, «Жа­ңа низам» қазақ халқын өзін-өзі билей ал­майтын бейшара күйге түсірді, бір қа­зақты «алты бақан, ала ауыз» етті. Абай өмір сүрген заман дәл осындай тұспа-тұс кел­ген еді. Патшалық басқарудың зы­миян­дық астарына, отарлық заңның сұр­қия­лы­ғына көзі жеткен Абай: «Қысқа күнде қы­рық жерге қойма қойып, қу тілмен қулық сауған заңы құрысын», – деп күйінеді. Қа­зақтың ру­хын, ділін, дәстүрін түбегейлі құр­туға ба­ғыт­талған аяр заңның астарын аңдаған Абай: «Қызмет қылма оязға, жан­бай жатып сө­нуге. Қалай сабыр қыларсың, жанбай жа­тып сөнуге?», – дейді. Абай Құ­нанбайұлы 18 жыл басқару ісіне ара­лас­қан. 12 жыл бо­лыс, екі кезек би болды. Шын мә­нінде, ояз­дық, болыстық билік Ресей отар­шыл­ды­ғының құралы болса да, Абай қа­зақ­тың мүд­десін, қарашаның теңдігін, әділ­дік пен туралықты үстем етті. Абай бо­лыс­тыққа, билікке атадан қалған мал үшін, ба­қуатты әулеттің мүддесі үшін емес, есесі кет­кен, теңдігінен айырылған қазақтың на­мысы үшін ғұмырын арнады, «жалғыз мың­мен алыс­ты». 1889 жылы жазған «Кү­лім­байға (Бо­лыс болдым, мінеки...)» деген өле­ң­інде «Бо­лыс болдым мінеки, Бар ма­лым­ды шы­ғын­дап. Түйеде – қом, атта – жал, Қалмады елге тығындап» деп болыс бол­ған пенденің ар­сыздығы мен, ұлыққа жа­ғымпаздығын, ха­лыққа безбүйректігін бей­нелеген. Болыс­тық мазасыз кезеңді «Бол­ды да партия, Ел іші жарылды, Әуремін мен тыя, Дауың мен ша­рыңды. Ќұрбыдай ќош тұттым, Жасың мен кәріңді» деп жазды Абай ақын. Үшінші қара сөзінде: «...Үш жыл­­ға болыс сай­ла­на­ды. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» – деп елдің бұл­дан­ған­дығымен күні өтеді. Екінші жылы канди­дат­пенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сай­лауға жақындап қа­лып, тағы болыс бо­лып қалуға болар ма екен деп күні өтеді...», – деген Абай әлгі бо­лыс­тың халықтың қа­мын ойлайтындай ша­ма­сы болмайтынын қат­ты сынға алады. Абай заманындағы бо­лыс мінезі бүгін де өз­герген жоқ. Қазіргі әкім-қаралардың тір­лігі сол болыстарды ес­ке түсіреді. Бүгінгі ха­лық­тан өзін бөлектейтін шен-шекпенділер үшін Абайдың сая­сат­кер­лігі, сот-биліктік қай­раткерлігі, моральдық по­зи­циясы үлгі-өнеге болуы тиіс-ті. Болыс­тық бас­сыздыққа қар­сы күрескен Абайдың ойын­ша, ел бас­қа­ратын адам мансабына ла­йық, білімді қай­раткер болуы керек. Абай ата­мыз 37-ші қа­ра сөзінде: «Кісіге біліміне қа­рай болыстық қыл; татымсызға қылған бо­лыстық өзі адам­ды бұзады», – дейді. Па­рамен, таныстықпен келген билік қасиетсіз. Абай 28-ші қара сөзінде «сатып алған, жа­лы­нып, бас ұрып алған биліктің ешбір қа­сиеті жоқ» деген.
Қара сөздердегі саяси көзқарас сарыны
Саяси жүйеге қатысты Абай либералдық көз­қарасты ұстанды. Әрине, Ғарифолла Есім ағамыз жазғандай, өз заманының кө­се­мі болған Абай Ресейдегі озық ойлы, ағар­тушылар сияқты патша билігіне ашық қар­сы шығып, халықты көтеріліске ша­қыр­ған жоқ. Ол орыс отаршылдығы мен орыс ғы­лымын, мәдениетін екі бөлек қарастырды. Бәлкім, орыстың ғылым-білімінен үлгі алу­ға шақырған Абай қазақ орыстың отты қа­руы­на орыстан алған біліммен қарсы тұра ала­ды деген ойға келсе керек. Сол себепті ол им­периямен төңкерістік жолмен емес, ағар­тушылық жолмен күресуді құп көрді. Осы ой­ды Абай атамыздың 41-ші қара сө­зінен байқаймыз. «Қазаққа ақыл берем, тү­зей­мін деп қам жеген адамға екі нәрсе ке­рек. Әуелі бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі ке­рек. Үлкендерін қорқытып, жас ба­лаларын ері­к­сіз қолдарынан алып, ме­дре­селерге бе­ріп, бірін ол жол, бірін бұл жол­ға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғы­лым­ның жолдары бар... Екінші – ол адам есеп­сіз бай боларға керек. Аталарын па­ра­лап, балаларын алып, бас­тапқы айт­қандай жолға салып, тағылым бер­се, сонда түзелер еді», – дейді.
Абай 8-ші қара сөзінде: «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Бі­реу – болыс, біреу – би. Олардың ақыл үй­ре­нейін, насихат тыңдайын деген ойы бол­са, ол орынға сайланып та жүрмес еді...», – деген ақыл-кеңес айтады. Дана Абай әділ заңның үстемдігін аңсады, қоғамды, адам­ды түзеуге болатынына сендіреді. Мұны 37-ші қара сөзінде: «Мен егер заң қуаты қо­лым­да бар кісі болсам, адам мінезін түзеп бол­майды деген кісінің тілін кесер едім», – деген пікірінен аңғарар едік.
Абай бидің биліктері
«Келелі кеңес жоғалып, ел сыбырды қолға алып», төбе бидің орнын көде билер басқан заманда Абай болыс, би бола жүріп, отарлық әкімшілік-құқықтық реформалар­ды қазақтың ділі мен дәстүріне ыңғайлай білді. 1885 жылы мамыр айында Шар өзенінің бо­йындағы Қарамола деген жерде Семей­дің генерал-губернаторы Цеклинц­кий­дің бас­қаруымен Семей губерниясына қарай­тын бес уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өтті. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылды. Абай баста­ған комиссия үш күн, үш түнде патша өкі­ме­ті­нің халықты қанауға, зорлық-зомбылыққа не­гіз­делген заңына ұқсамайтын, барлығы 93 баптан тұратын «Қарамола» ережесін жасап шықты. Бұл ереже қазақ ішіндегі мә­се­лелерді реттей алды. Жалпы қазақта Қа­рамола ережесі секілді 40-50-ге жуық ере­же қолданылған. Бірақ ішіндегі ең көлемдісі, ең мазмұндысы Қарамола ережесі болған. Заң ғылымының кандидаты Қазыбек Дау­та­лиевтің пікірінше, өз заманында Абай 70 шақты билік айтқан және оның үкім-ке­сім­дері кейінгіге жол болған. Бұл – бізге бел­гілісі ғана. Абай шешкен ең атышулы даулар ел аузында қалған.
Қазыбек Дауталиев, заң ғылымының кандидаты:
– Абайдың билік айту дәстүріндегі бір­неше ерекшелікті бөлік айтар едік. Біріншіден, Абай өз биліктерінде өз та­биғатына сай әйел теңдігіне ерекше кө­ңіл бөлген. Бұл жерде мынаны түсіну ке­рек, әйел теңдігі дегенде Абай ер мен әйелдің бірдей теңдігі емес, әйелге ла­йықты табиғи теңдікті қарастырған. Мә­се­лен, бір мәрте қалың малы төленген әйел екінші рет сатылмауы керек. «Бір сатылды, екі сатылмақ жоқ» дейді Абай. Әмеңгерлікке күштеп қосуға тыйым салған. Екіншіден, Абай сол заманда өр­шіп кеткен ұрлық-қарлықты тыюға ты­рыс­қан. «Шынын айтқан шығынсыз құ­ты­лады» деген Абайдың билігі бар. Жоқ­тықтан, амалсыздықтан ұрлыққа ба­ратын ұрылар, байлардың қолшоқ­па­ры болған ұрылар деген екі түрлі ұры­лар­дың барын білетін Абай оларға әр­қалай жаза кескен. Абай жоқтықтан ұр­лық жасағандарға кешіріммен қарап, же­ңіл жаза белгілеген, тіпті өз малын, інісі Оспанның малын ұрлағандарды «ен­­ді ұрлығыңды тый, ел қатарына қо­сыл» деп алдына мал салып берген. Абай бай-манаптың ұрыларына қатаң жа­за қолданған. Жалпы қазақта мал ұр­лы­ғына қатты жаза беретінін ескерсек, Абай дәстүрлі үкім-кесімге өзгеріс ен­гіз­ген. Үшіншіден, Абай ауқатты әулеттің өкі­­лі бола тұра, әлсіздің, кедей-кеп­шік­тер­­дің, жоқ-жітіктердің, жатақтардың сот­­тарына өзі сұранып барып, олардың қор­ғап отырған. Бұл – Абайдың сот-құ­қықтық қызметінің бір ерекшелігі. Әлем­дік сот тәжірибесінде формальды теңдік және формальды теңсіздік деген ұғым бар. Мысалы, белгілі бір дауда мил­лионер мен кедейдің мәселесі қаралады де­йік. Миллионердікі заңды, кедейдікі заң­сыз, бұл жерде миллионердің еш­те­ңесі кетпейді, ал кедейдің бүкіл тағдыры қыл үстінде тұрады. Осындай жайттарды ше­шуде басқаша бір тәсілдер қарау ке­рек. Осындай өзгеше билік айту дәстүрін Абайдан табамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста