Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Мейрамбек Беспаев. Құс жолы

3 031
23 наурыз 2015, 10:42

Сипаттама:

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (8 қарашада 1976 жылы Жамбыл облысыТалас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТтобының мүшесі.

Мейрамбек Беспаев Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі - Жібек Жолдасова.

Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады.

1994-98 жж. Т.Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолын «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды.

1997 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарындаКенен ӘзірбаевтыңА.Қоразбаевтің ("Бозторғай", "Кеш жарық", "Шаш-баулым", т.б.), Н.Тілендиевтің "Өз елім", т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір "Қазақконцерттің" әншісі, сондай-ақ, танымал "МузАрт" тобының мүшесі. Гастрольдік сапармен шет елдерде, Қазақстанның барлық қалаларында болып өнер көрсеткен.[1]

2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.

2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдайды.

Алаш алыптары / Мейрамбек Беспаев. Құс жолы

Пікірлер (1):
Ержан Сәрсембаев
0
Жауап беру Толық
пікір қалдырған:
Менің табиғатымда біреудің көңілімнен шыға қалуы өте сирек және мүмкін емес. Сол нашар қасиеттеріме тойтарыс беріп көңілімнен шыққан азаматтың бірі Мейрамбек бауырым. Барлық қасиетіне ризамын. Бақыт тілеймін.
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

"Жіберу" түймесін басу арқылы, Сіз пікір қалдыру ережесіне келісім бересіз


Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған:

Алдыңғы Келесі