Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Батырхан айтқан соңғы ән

5 942
30 сәуір 2015, 08:32

Сипаттама:

Күні кеше ғана Қазақстанның танымал әншісі, "А'Студио" тобының бірінші солисті Батырхан Шүкенов өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жаңа әнін жариялаған еді. Сол әнді жариялаған күннің ертеңінде, яғни бүгін оның о дүниелік болатынын кім білген?

Жаңа әрі соңғы әннің атауы - "Мне поможет весна". Тамаша лирикалық әннің сөзін Михаил Гуцириев жазып берген. Ал музыкасын белгілі хит-мейкер Павел Есенин тапты. Батырхан Шукенов ол өлеңді ресейлік телебағдарламалардың бірінде айтқан екен. «Алаш айнасы» порталы осы видеоны қалың тыңдармандарға ұсынғанды жөн көрді. Батырхан ол әнін күні кеше ғана Facebook парақшасына жариялаған екен. Бірақ ол шығарманың қоштасу әніне айналатынын білмеген шығар, сірә. "Мне поможет весна", - деп ән айтса да, көктем оны жүрек талмасынан құтқара алмады. Алланың әмірі осындай. Әркімнің уақыты шектеулі. 
і

Алаш алыптары / Батырхан айтқан соңғы ән

Пікірлер (1):
Aқмарал
0
Жауап беру Толық
пікір қалдырған:
Қазағымыздың маңдайына біткен жарық жұлдызы, біртуар талантты азаматымыз Батырхан ағаға көктем шын өмірде көмектессін, жатқан жері жайлы, жарық болсын! Періштелер жебеп, пейіштен орын нәсіп етсін! Әттең, тіршілігінде бағалай алмадық асыл азаматымызды, қолымызды уақытынан кеш сермеп жүргеніміз сол...
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

"Жіберу" түймесін басу арқылы, Сіз пікір қалдыру ережесіне келісім бересіз


Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған:

Алдыңғы Келесі