Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін накаутпен аяқтады

4 451
25 наурыз 2015, 08:05

Сипаттама:

Кәсіпқой бокста Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүрген сыралғы боксшыларымыздың бірі Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады«Алаш айнасы» интернет-порталы. 
Кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы өзінің кезекті жекпе-жегін қандасымыз кеше түнде Колумбияның Барранкуилле қаласында өткізді. Жанқоштың қарсыласы 34-жастағы колумбиялық Дунис Лианс болды. 
Лианс кәсіпқой бокс шарша алаңында 25 кездесу өткізіп, 17 жеңіске жетсе, 6 кездесуде жеңіліп, екі жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен. 
Ал, қазақтың күрзі жұдырықты жігіті Жаңқош болса кәсіпқой бокста 17 кездесу өтізіп, барлығында да жеңіске жеткен. Сондай-ақ "Шыңғыс Хан" деген лақап атпен жақкүйерге жақсы таныс отандасымыз Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің құрлықтық чемпиондық белбеуінің иегері. 
Алайда, Колумбияда өткен бокс кешінде екінші отандасымыз Қанат Ислам өзінің WBA Fedecaribe тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін қорғаған соң, Жанқош тек рейтингтік кездесу өткізді. 
Екінші орта салмақта өткен бұл жекпе-жекте жерлесіміз айқын басымдықпен жеңіске жетті. Кездесудің жетінші раундында төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Жанқошқа берді.


Алаш рекордтары / Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін накаутпен аяқтады

Пікірлер (1):
Әл-Қарабури
0
Жауап беру Толық
пікір қалдырған:
Жарайсың Жанқош!тек алға!!!!
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

"Жіберу" түймесін басу арқылы, Сіз пікір қалдыру ережесіне келісім бересіз


Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған:

Алдыңғы Келесі