Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Геннадий Головкин — Мартин Мюррей (толық нұсқа)

2 239
23 ақпан 2015, 09:31

Сипаттама:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британдық Мартин Мюррейді мерзімінен бұрын жеңді. Монте-Карлодағы  Salle des Etoiles аренасында болған болған жекпе-жек 11-раундта аяқталды. Головкин кездесудің бірінші секундтарынан-ақ Мартин Мюррейді соққыға жыға бастады. Екінші раунд та соған ұқсас өтті, алайда Мартин Мюррей қарсы шабуылдай бастады. Жекпе-жектің үшінші раундында жерлесіміз бірнеше жақсы серияларды өткізді, алайда Мюррей оларға қарсы тұра білді.  Келесі раундта британдық боксшы 2 рет нокдаунда болды. Сол сияқты ол бесінші раундта да батырлық танытты. Бүкіл зал «Гена, Гена» деп айғайлаған сайын Геннадий Мюррейді соққылай берді. Бірақ британдық боксшы да оның соққыларына қарсы тұра білді. Біздің боксшыға мұндай ойын ұнамағандықтан ол сегізінші раундта Мюррейді одан бетер соққылай түсті. GGG тоғызыншы раундта да Мюррейді арқан бойынан шығармай, дәл сол әрекетін жалғастырды. Оныншы раудтың соңғы 3 минутында Головкин қарымды соққысымен Мюррейді рингке жіберді, алайда британдық орнынан атып тұрып, ойын жалғасты. Ал 11-раундта қазақстандық боксшының соққыларынан кейін ойын төрешілері жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Геннадий Головкин орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) версиялары бойынша әлем чемпионы титулын сақтап қалды. Екі боксшы үшін де бұл жекпе-жек кәсіби алаңдағы 32-кездесу болды. Головкин бұған дейінгі кездесулерінің бәрінде жеңіске жеткен. Мюррей өз кездесулерінде 29 рет жеңіп, бір рет жеңілген, бір рет тең түсті.

Алаш рекордтары / Геннадий Головкин — Мартин Мюррей (толық нұсқа)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

"Жіберу" түймесін басу арқылы, Сіз пікір қалдыру ережесіне келісім бересіз


Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған: