Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Ресейлік ұшақ апатқа ұшырар алдында аспанда белгісіз жарық сәуле пайда болған (видео)

2 472
28 желтоқсан 2016, 06:45

Сипаттама:

Бортында ансамбль мүшелері мен әртістер, журналистер мен әскери қызметкерлер болған ресейлік әскери ұшақтың апатының нақты себептері әлі анықталар емес. Сондай-ақ, желіде әуе апаты болған түні Сочи аспанында жанған әлдебір жарық туралы қызу талқы болып жатыр.

Youtube каналында жарияланған видеода РФ қорғаныс министрлігіне тиесілі Ту-154 ұшағы апатқа ұшырар алдында аспанда жанған жарық байқалады.

Бейнежазба 2016 жылы 25 желтоқсан күні таңертең түсірілген. Әуе кемесінің апатқа ұшырауына террорлық шабуылдың да әсері болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Қазіргі таңда Ресейдің күштік құрылымдары ұшаққа кіруге мүмкіндігі бар адамдарды тексеріп жатыр.

Бір сәтте 92 азаматынан айырылған Ресейдің қайғысына күллі әлем ортақтасуда. Ту-154 ұшағы Сириядағы Хмеймим базасына аттанып бара жатқан. Ұшақта негізінен әншілер мен әртістер, журналистер болды.

Осыған дейін Александров ансамблінің солисі Вадим Ананьевтің ұлының дүниеге келуінің арқасында әуе апатынан аман қалғанын хабарлаған болатынбыз. Ұшаққа мінбей апаттан құтылғандардың ішінде халық әртісі Илсиф Кобзон да бар.

Ал апаттан көз жұмғандардың арасында әйгілі «Любэ» тобының әншісі де бар екен.

Жаңалықтар / Ресейлік ұшақ апатқа ұшырар алдында аспанда белгісіз жарық сәуле пайда болған (видео)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

"Жіберу" түймесін басу арқылы, Сіз пікір қалдыру ережесіне келісім бересіз


Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған: