Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Чилиде болған теміржол апаты бейнекамераға жазылып қалған (видео)

1 606
09 наурыз, 08:34

Сипаттама:

Чилидің Рекиноа қаласындағы теміржол өткелінде болған апат бейнекамераға жазылып қалған. Онда жүйткіген жолаушылар пойызының жүк көлігін қалай соғып, талқандап кеткені анық көрінеді.

Бейнежазбаны Чили теміржолының басшылығы жариялады. Өткен жұмада орын алған апат кезінде 2 адам мерт болған еді. Олардың бірі – пойыз машинисінің көмекшісі. Ал екіншісі – жүк көлігінің жүргізушісі. Ал пойыздағы өзге жолаушылар жапа шекпеген. Куәгерлердің айтуынша, апат қас қағым сәтте орын алған және қайғылы жағдайға жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі болып шықты. Жергілікті тұрғындар осы өткелде пойыз бен көліктің жиі соқтығысатынын айтып, биліктен оның алдын алу үшін тиісті шара қабылдауды сұрап отыр.

Жаңалықтар / Чилиде болған теміржол апаты бейнекамераға жазылып қалған (видео)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

"Жіберу" түймесін басу арқылы, Сіз пікір қалдыру ережесіне келісім бересіз


Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған: