Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Желіде Ливан президентінің саммит кезінде құлап түскен видеосы пайда болды (видео)

1 685
31 наурыз, 07:15

Сипаттама:

Ливан президенті Мишель Аун Араб мемлекеттері лигасы саммитінде өзге мемлекет басшыларымен бірге суретке түсу кезінде құлап қалды.Бұл туралы “Әл-Арабия” телеарнасы хабарлайды.

Кадрда мемлекет басшыларының бірігіп суретке түсуге дайындалып жатқанын байқауға болады. Кенет 82 жастағы Мишель Аун төмен қарай бетпен құлап түскен.

Бірнеше сағат өткен соң саясаткер саммитте жұртшылық алдына шығып сөз сөйледі. Оқиға куәгерлерінің айтуынша президент кілемге сүрініп кеткен. Саммит Иорданияда 18 ел басшыларының қатысуымен өтіп жатыр.

Бастапқыда бұл жиын Йеменде өткізілуі тиіс болған. Алайда бұл елдің билігі мемлекеттегі ішкі жағдайдың тұрақсыздығына байланысты шараны атқарудан бас тартқан. 

Жаңалықтар / Желіде Ливан президентінің саммит кезінде құлап түскен видеосы пайда болды (видео)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

"Жіберу" түймесін басу арқылы, Сіз пікір қалдыру ережесіне келісім бересіз


Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі