Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

92 жастағы педофил 11 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түспекші болды (видео)

7 094
15 маусым, 10:05

Сипаттама:

Британияда тұрғындар 11 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсуді жоспарлаған 92 жастағы ер адамды ұстап алды. Ол әскери әуе күштерінің ардагері екен.

92 жастағы Ивор Гиффорд есімді кісі жалған аккаунт арқылы 12 жастағы Джоди және 11 жастағы Джесси есімді қыздарға ашық мазмұндағы хат жібереді. Тергеушілердің сөзінше, Ивор заманауи стилді, интернет-технологияны жақсы меңгерген екен. Ол осы қабілетін қыздарды азғындауға жұмсаған.

Ардагер “Джессиге” сексуалды түрде киініп келуді айтыпты. Ал шын мәнінде қыздың аккаунтын әлеуметтік желіде педофилдерді бақылайтын топ ашқан болатын.

Сот оны 18 айға түрмеге отырғызуға шешім қабылдады.

Педофил бірнеше жыл бойы әлеуметтік желіде “қыздармен” сөйлесіп, секспен айналысқанын, төсек қатынасына деген қызығушылығын сұрап келген. Тіпті жалаңаш түскен суреттерін жіберуді де өтініп сұрайды екен.

Межелі орынға келген Ивор Джессидің аккаунтының артында арнайы топ тұрғанын бір-ақ біледі. Сол топ педофилді бірден ұстап, полицияға табыстайды. Тергеу кезінде қылмыскер жүрек талмасына ұшырап, инсульт алған. Кейін одан бүкіл жақындары теріс айналыпты.

Жаңалықтар / 92 жастағы педофил 11 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түспекші болды (видео)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

"Жіберу" түймесін басу арқылы, Сіз пікір қалдыру ережесіне келісім бересіз


Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған: