Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

«Роскосмос» Жердің қалай жойылып кететінін көрсетті (видео)

1 783
27 қараша, 16:39

Сипаттама:

«Роскосмостың» Yuotube-тегі видеоарнасында Жердің жойылып кету версиясы көрсетілген видеоролик пайда болды. Бұл туралы «Росбалт» хабарлады.

Бұл туралы ras.kz сайты хабарлайды.

Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, біздің планета мұндай жағдайға 4 млрд. жылдан кейін тап келеді. Оқымыстылар шамамен осыншама уақыт шеңберінде Құс жолының Андромеда галактикасымен соқтығысуы күмәнсіз екенін есептеп шығарған. Нәтижесінде олардың екеуінің ортасынан жаңа галактика түзіліп шығады.
Айта кетуіміз керек, Құс жолы мен Андромеда галактикасының бір-бірлерінен қазіргі ара қашықтықтары 2,5 млрд. жарық жылға тең болып тұр. Алайда, астрономдар олардың бір-бірлеріне қарай жылжып келе жатқандарын баяғыда анықтап қойған.
Видеода олардың соқтығысу процесі көрсетілген. Онда бірқатар жұлдыздардың қуатты гравитациялық екпіннің әсерінен галактика аралық кеңістікке лақтырылып кететіні де айтылады. Ал галактиканың ядросы миллиондаған жылдардың бойы бір-бірлерін айналып жүріп, ақыр соңында тұтас бір құрылым болып ұйысады.

Жаңалықтар / «Роскосмос» Жердің қалай жойылып кететінін көрсетті (видео)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

"Жіберу" түймесін басу арқылы, Сіз пікір қалдыру ережесіне келісім бересіз


Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған:

Алдыңғы Келесі