Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Көмір үшін талас: Алматы облысының әкімдігі видеоға қатысты түсінік берді

2 582
01 ақпан, 04:03

Сипаттама:

Желіде көмір үшін таласқандардың видеосына қатысты Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейнежазбада қолдарына қап ұстаған жүздеген халық жапатармағай көмір алып, жанталасып жатқанын көруге болады. Аталған видео әлеуметтік желіде жылдам тарап, халықтың наразылығын тудырды. Тіпті желі қолданушылары бұл оқиға Алматы облысында болған деген пікірлерін қалдырды. Алайда, облыс әкімдігі ол видеоның Жетісу өңіріне мүлдем қатысы жоқ екенін мәлім етті.

«Әлеуметтік желіде аталған оқиға Алматы облысында болған дейді. Ресми түрде мәлім етемін, бұл оқиғаның  біздің өңірге мүлдем қатысы жоқ. Болжам бойынша, Қырғызстан елінде болған. Және де көліктердің көмір сататын қойма алдында бір-біріне жол бермей жатқан сәтінен де әлеуметтік желіде видео тарады. Бұл видеоның да біздің өңірге қатысы жоқ. Бейнероликтегі оқиға нақты қай облыста болғанын біз анықтадық. Бірақ ол өңірді атамауды жөн көріп отырмыз», – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі таңда Алматы облысында 29 400 тоннадан астам көмір бар. Ал ертең тағы 16 мың тонна көмір келеді деп күтілуде.

Жаңалықтар / Көмір үшін талас: Алматы облысының әкімдігі видеоға қатысты түсінік берді

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған: