Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

ВИДЕО: Жапондықтардың емшекқап жарнамасы наразылық тудырды

6 108
20 ақпан, 18:38

Сипаттама:

Күншығыс елінің емшекқапқа арналған жарнамасы жан түршіктірер болып шықты. Спорттық емшекқап туралы жарнамада омырауды кішкентай жануармен салыстырған.

Егер дұрыс тігілмеген емшекқап кисеңдер, оның салдары қандай болатынын көрсетпек болған екен.

Байғұс аңдар....

Әр аң - әйелдің салмағы мен өлшемін білдірсе керек.

Мәселен, тотықұс - 1-ші өлшем, теңіз шошқасы - екінші, кірпікшешен - үшінші өлшем және т.б.

Өлшеммен танысқаннан кейін көрермендерге белсенді қимылдап дене жаттығуын жасаған кезде омырауда қандай күй кешетінін аңдарды мысалға келтіріп көрсетті.

Бишара аңдар секіріп, шайқалып, қаптың ішінен түсіп қала жаздады.

Мұндай үрдіс дұрыс іш киім кигенде болмауы тиіс екен. 

Бұл ролик жануарларды қорғаушылардың ашуын тудырды.

Аталмыш роликті түсіргенше қанша дубль жасалғанын кім білсін...

Егер теңіз шошқасын мұндай биіктіктен құлатып алсаң, оның ішкі ағзасына зақым келіп, тіпті өліп кетуі мүмкін.

Ал аталмыш ішкиімді шығарған компания жануарларға көрсеткен қатігездігі үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Жаңалықтар / ВИДЕО: Жапондықтардың емшекқап жарнамасы наразылық тудырды

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған: