Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Қолына шоқпар ұстап, бетперде киген жігіт желіні дүрліктірді (видео)

2 731
14 наурыз, 09:43

Сипаттама:

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне қол шоқпарын алып көлікке қарай жүргірген белгісіз адамның видеосын жолдады.

Белгілі болғандай, кеше түнде Науаи көшесімен жоғары бағытта көлік айдап келе жатқан жас жігіт бетпердедегі адамға тап болған. Дәл сол сәтте қылмыскер біреуді төмпештеп жатқан көрінеді.

 

Куәгердің айтуынша, көлікті көре сала бетпердедегі жігіт машинаға қарай жүгірген. Ол таяғымен бірнеше соққы жасап, көліктің алдыңғы бетін шамалы зақымдаса керек.

Болған жайттан кейін куәгер оқиға орынан достарымен бірге қайта оралған. Алайда, ол кезде қылмыскерді таппапты. Абырой болғанда, бетпердедегі адамның әрекетін видеоға түсіріп үлгерген. Қазір оны Instagram желісіндегі парақшаларға белсенді түрде жүктеп жатыр.

Бұл түсініксіз оқиғаға аң-таң жігіт бетперделі адамды көрген басқа куәгерлерді іздестіріп жатыр.

"Бейнероликке қатысты тексеріс жүргізілген, ақпарат әлі расталмай тұр", - деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұқаралық ақпарат көмегімен шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан адам Қылмыстық кодекстің 274 бабы 2 бөлігі бойынша жазаланады.

Сонымен қатар 2 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Жаңалықтар / Қолына шоқпар ұстап, бетперде киген жігіт желіні дүрліктірді (видео)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған: