Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Стамбұлда эскалатордың арасы ашылып кетіп, ішіне ер адам түсіп кетті (ВИДЕО)

3 568
27 наурыз, 19:23

Сипаттама:

Стамбұлдағы «Аязага» метро станциясына түсетін эскалатор тоқтап тұрып, аяқасты бірден жүріп кеткен. Осы сәтте металл жабындының арасы ашылып кетіп, ортасында айналып тұрған механизмге Мехмет Әли Ерік есімді ер адам түсіп кетті.

Абырой болғанда Мехмет аман қалды. Оны эскалатор арасынан шығарып алу үшін құтқарушылар 1 сағаттай уақыттарын жұмсаған. Бірақ, денесінің біраз бөлігі зақымдалып, сүйектері сыныпты. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ дегенімен, алдағы ұзақ уақытын емделумен өткізеді деп отыр.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, оқиға 27 ақпан күні болған екен. Алайда, бұл туралы БАҚ өкілдеріне енді ғана хабарланған.

Жаңалықтар / Стамбұлда эскалатордың арасы ашылып кетіп, ішіне ер адам түсіп кетті (ВИДЕО)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған:

Алдыңғы Келесі