Сипаттама:
«Жануардың терісі сұр түсті, дәл бегемот секілді. Сол сияқты басқа жануарлар да судың бетіне шығып, артынша тез жоғалып кетті», – дейді турист.
«Суда көп жануарлар Несси және оның отбасы болуы мүмкін», – деді Лох Несс өзеніндегі құбыжықтарды ресми тіркеуші Гэри Кэмпбелл.
2017 жылы туристер осымен он бірінші рет құбыжық көргендерін айтты. Бұл сан 21 ғасырдағы ең жоғарғы көрсеткіш болды.
Лох Несс – Шотландиядағы мұздан қалыптасқан терең тұщы су көлі. Су қоймасының ұзындығы 36 шақырымды құрайды. Лох Несс көлінің тереңдігінде құбыжық бар деген аңыз туристер арасында жиі таныла бастады.
Пікірлер (0):