Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

"Қарағанды аруы-2015" атанған Рената Нұрғазинаға қатысты қылмыстық іс қозғалды (видео)

4 454
14 сәуір, 06:08

Сипаттама:

Жол полициясы қызметкерлеріне тіл тигізгені үшін "Қарағанды аруы-2015" байқауының жеңімпазы Рената Нұрғазинаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Рената Нұрғазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД өкілдері. Бірақ қыздың өзі осы жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.  Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде жол полиция қызметкерлерінің оны 8 наурызда тоқтатқаны туралы видео пайда болған еді. Видео кадрларынан Ренатаның даусы естіледі. Кейінірек видеода полицейлерге қатысты айтылған балағат сөздер естіледі. Бірақ кейінірек бұл видео Instagram желісінен өшірілген болатын.

Жаңалықтар / "Қарағанды аруы-2015" атанған Рената Нұрғазинаға қатысты қылмыстық іс қозғалды (видео)

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған:

Алдыңғы Келесі