Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

ВИДЕО: Патша сарайынан оқ атылды

4 696
23 сәуір, 18:37

Сипаттама:

Сауд Арабиясы Қауіпсіздік қызметінің ресми өкілі Эр-Риядтағы патша сарайында оқ атылғанын растады.
Оның айтуынша, күзетшілер ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірген. Себебі ойыншық дрон король резиденциясының аумағына кіріп кеткен. Мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болды деген қауесетті Сауд билігі жоққа шығарды. Бұған дейін желіде тараған видеоларда Эр-Риядтағы патша сарайында атылған оқтың дауысы анық естіледі. Бірқатар ақпарат құралдары Сауд Арабиясында мемлекеттік төңкеріс жасалып жатқанын жарыса жазды. Pakistan Today басылымы Сауд Арабиясы королінің әскери базадағы бункерге жасырынғанын хабарлады. Associated Press-тің мәліметіне сенсек, мемлекеттік төңкеріс операциясын Сауд Арабиясы Құрлық әскерінің генерал-лейтенанты Аллукас Непилс басқарған.

Жаңалықтар / ВИДЕО: Патша сарайынан оқ атылды

Пікірлер (0):
Бұл бейнематериалда пікір жок. Бірінші болып пікір қалдыр!

Осы рубрика видеолары:

Алдыңғы Келесі

Көп қаралған: