Прикрепить

* размер файла не более 100 мб

Материал қолдануды шектеу туралы ақпарат

Материалдарды қолдану туралы ақпарат

www.alashainasy.kz сайтына кірушілер мен пайдаланушылардың назарына!

Сайтта жарияланатын ақпараттық жаңалықтар, аналитикалық мақалалар, мамандардың пікірлері ретінде мазмұндалған мәтіндер, фотосуреттер, суреттер, бейнесюжеттер, аудиожазбалар мен өзге де материалдар (поэзия, проза, драматургия, эссе) төмендегі мәтінде қолайлы оқылуы үшін Материалдар деп аталады.

Осы сайтта жарияланған барлық Материалдардың авторлық құқығы, ерекше аталған жағдайларды қоспағанда, сайт иесіне яғни www.alashainasy.kz (бұдан әрі - Сайт) тиісті.

Сайт әкімшілігі Сайтта Материалдар орналастыру және Сайт қызметінің басқа да түрлері бойынша Сайт иесінің ресми өкілі болып табылады.

КазТАГ, Казинформ, Интерфакс-Казахстан және басқа да бізге серіктес ақпарат агенттіктерінің осы ресурста орналастырылған Материалдары Сайт иесіне тек қана жариялау құқығымен берілген; Аталған агенттіктердің жазбаша рұқсатын алмаған жағдайда қандай да болсын нысанда, реурстарда, интернет-сайттарда кез-келген Материалдың қайта жариялануына және ретрансляциялануына, көшіріліп басылуына немесе таратылуына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Егер сіз көрсетілген агенттіктердің Материалдарын пайдаланғыңыз келсе, тікелей өздеріне хабарласуыңыз қажет.

Егер иллюстрация болып саналатын кез-келген Материалдың ALT аясында авторы не құқық иеленушiсі көрсетілсе, графиканы қайта жариялау мәселесі бойынша тікелей соған хабарласыңыз.

www.alashainasy.kz–те жарияланған  барлық Материалдарды яғни жоғарыда аталған ақпарат агенттіктерінің Материалдарын, сондай-ақ  фото-, аудио-, бейне материалдарды сайттағы түпнұсқасына міндетті түрде гиперсілтеме жасап, Материалда баяндалған мазмұнын сақтай отырып кез-келген бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет желісі серверлерінде немесе басқа да тарату құралдарында үштен бірінен аспайтын көлемде қайта жариялауға, таратуға және ретрансляциялауға болады. Сайтқа жасалатын гиперсілтеме Материал мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде белсенді түрде көрсетілуі тиіс.

www.alashainasy.kz сайтындағы авторлық фото, аудио және бейне Материалдардың түпнұсқаcын немесе үзіндісін кезкелген БАҚ-тың, оның ішінде Интернет-сайттардың көшіруіне, орналастыруына немесе басқаша пайдалануына редакцияның жазбаша рұқсаты арқылы ғана жол беріледі.

Сайт Әкімшілігі кез-келген уақытта Өзінің Материалдарын қайта басу және ретрансляциялау шарттарын себеп-салдарын түсіндірмей-ақ өзгертуге құқылы.

Қолданушылар тіркеген және сайт әкімшілігінің рұқсатымен басқа сайттардан сілтеме арқылы көшірілген жазба мәтіндерге, аудио, видео, сурет, бейнесюжеттерге қаламақы толенбейді. Сондай-ақ, авторлардың өздерінен алынған материалдарға қаламақы қарастырылмаған.

Егер Сайтта жарияланған Материалдардың төменгі жағында «Пікірлер» деген белгі бар болса онда сол Материалдарды талқылауға болады.

Материалдарға жазылған пікірлер Пайдаланушылардың субъективті көзқарасы болып табылады. Кез-келген Пайдаланушы төменде айтылған белгілі Ережелердің шарттарын сақтай отырып Сайттағы Материалдарға қатысты өз пікірін қалдыра алады.

Материалдарды жүктеу үшін Қолданушы сайтқа тіркеледі. Қолданушы сайтқа тіркелген кезден бастап сайт шарттарымен келіскен болып саналады. Сайттың шарттарын қабылдау сайттағы Қолданушы шартының сілтемесі жазылған «Тіркеу» батырмасын шерту арқылы жүзеге асады.

Пікір қалдыру үшін пайдаланушының аты-жөні мен электронды мекен-жайы көрсетілуі қажет. Аты-жөні мен электронды мекен-жайын көрсету Сайттың Пайдаланушысы ретінде тіркелуі болып саналмайды.

Сайт иесі – www.alashainasy.kz доменінің әкімшілігі сайтты барлық жағынан қолдануға құқылы, ЭВМ –ге арналған бағдарламаны, ақпараттық материалдарды, графикалық суреттерді және басқа да Қазақстан Республикасының авторлық құқық және басқа да құқықтар жөніндегі заңнамасымен қорғалатын басқа да объектілерді қолдануға құқылы. Және сайттың дизайнына иелік етеді.

Сайт иесі сайт сервистерін қолдануға мүмкіндік беретін, жариялау, жіберу, сақтау, хат жазу, сурет, бейнебаян, аудио жүктеу, ақпарат алу қызметтерін пайдалануға жағдай туғызатын ақпаратты дәнекер болып табылады.

Сайт әкімшілігі Қолданушының пікірінсіз сайтты қолдануға қатысты кез келген ережені шығарып, материалдың кез келгенін (техникалық, құқықтық, ұйымдық және басқалар ) оқуға, жариялауға шектеу қоюға, өзгертуге құқылы.

Сайт Әкімшілігі:

1.1.сайтты басқаруға, өз қалауы бойынша сайттың сервис құрамын, дизайны мен сыртқы келбетін анықтауға, сайтты жариялауға және сайтқа шектеу қоюға құқылы;

1.2.сайттың коммерциялық қолданылуына байланысты сұрақтарды шешіп, сайтқа жарнама беру қызметін жүзеге асыруға, іскерлік бағдарламаларға қатысуға құқылы.

1.3.Қолданушының уақытша сайтқа кіруіне мүмкіндік бермеуге, Қолданушы бірнеше рет Регламент ережесін сақтамаған жағдайда, Қолданушының аккаунтын өшіруге құқылы.

1.4. Егер материалдардың мазмұны әдеп және мораль қалпына қарсы келсе, ҚР-ның заңнамасы талаптарына сай болмаса, осы регламенттiң талабына қарсы келсе, Әкiмшiлiк қолданушының материалдарын орнатудан бас тартуға, өз қалауынша материалды өшіруге құқылы.

1.5. Егер сайтты қолданушы орналастырған материалға қандай да бір үшінші тарап авторлығына қатысты мәселе көтеріп жатса, сол секілді материал мазмұны үшінші тараптың мүддесіне, ар-ожданына және абыройына селкеу түсірсе немесе Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзса, онда ол бірден жойылады. Материалдың жойылғандығынан оны орналастырған тұлғаны хабардар ету міндетті емес.

1.6. Материал орналастыруға мүмкіндік беретін тетік арқылы Сайтты қолданушының өздігінен орнатқан жарияланым мазмұнындағы қателіктері, анықталмаған мәліметтері немесе қате сілтемесі үшін Сайт әкімшілігі жауапты емес.

Қолданушы:

  1. Қолданушы сайттағы жарияланған суреттерді бағалап, пікірлеуге; сайттың сервистік мүмкіндігін пайдаланып сурет, бейнебаян, аудио файлдар жүктеп, сақтауға; пікір тастап, пікір алуға; түрлі тақырыптардағы ойталқыларға қатысып, өз пікірін білдіруге; өз материалдарын қосуға, басқа да қызметтерді қолдануға құқылы.

  2. Қолданушы орнатқан барлық материалдарға жеке меншiк құқығы болуы қажет немесе мiндеттi түрде сiлтеме болуы керек. Рұқсат етiлмеген материалдарды қолданған және көшiрген жағдайда, материалдары заңсыз түрде жариялағанда жауапкершiлiк сол қолданушының мойнында болады.

  3. Заңнама талабына сай материал мазмұндарына, авторлық құқық бұзылуына, рұқсат етiлмеген тауарлық белгiнi қолдануға, фирма есiмдерi мен олардың логотиптерiн қолданғанда, сонымен қатар үшінші жақ рұқсатынсыз сайтқа материал орнатқанда, Әкімшілік жауап бермейді.

 

Пікір жазушыларға төмендегідей тыйымдар салынады:

  1. егер Пайдаланушы бұл ақпараттың иесі болмаса және осы ақпаратты өзі жазбаса, заң жүзінде немесе келісімшарт бойынша оны пайдалану үшін рұқсат беруге, тыйым салуға құқығы жоқ болса немесе Пайдаланушы осы ақпараттың иесі болса да, бірақ оған оны жариялауға берілген құқығы жеткіліксіз болса, заңмен немесе келісімшартпен шектеу қойылса;

 

  1. заңмен қорғалған зияткерлік қызметтердің нәтижелері мен олардың бөлшектерінің көшірмесін және үшінші тараптардың патентін, сауда таңбасын, коммерциялық құпиясын, копирайтын және басқа да меншік құқығын немесе авторлық пен сабақтас құқықтарын, егер Пайдаланушылардың оларды пайдалануға қатысты айрықша немесе айрықша емес құқықтары болмаған жағдайда;



  1. мазмұны талқыланып жатқан Материалда аталған тұлғаларды қорлайтын, және басқа да Пайдаланушылар мен өзге тұлғалардың беделін түсіретін, оларды қорқытуға бағытталған, зорлық-зомбылық жасауға, құқыққа, қоғамға қарсы, адамгершілікке жат қылықтар мен құқықтық тәртіпке және құлықтылыққа қайшы келетін әрекеттерді жасауға шақыратын пікірлерге;

 

  1. мазмұны азаматтың ар-намысына, іскерлік беделіне және ұйымның іскерлік беделіне зиян келтіретін не болмаса келтіруі мүмкін, немесе кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтарын бұзатын пікірлерге;



  1. балағат сөздерден тұратын пікірлерге;

 

  1. мазмұны суицидте қолданатын құралдар мен әдістерді сипаттайтын, оны жасауға итермелейтін, насихаттайтын пікірлерге;



  1. басқа да Пайдаланушылар мен өзге де тұлғалардың жеке басына қатысты немесе қатысы бар пікірлерге.

 

Пікірге байланысты Сайт Әкімшілігінің ұстанымы:

 

 

 

 

 

 

 

Тыйым салынады:

  1. Сайтта жарияланған ақпараттарды кез-келген әрекетпен және/немесе автоматтандырылған құралдарды пайданалу арқылы жинауға;

  2. нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк, дiни өшпенділік пен араздық тұғызуға бағытталған насихаттар мен үгiттеулерге, қандай да болсын ұлттық, әлеуметтiк, дiни немесе тіл басымдықтарының белгілері бойынша соғыс пен зорлық-зомбылықты насихаттауға;

  3. Пікірлерде жарнамалық сипаттағы ақпараттарды жариялауға;

  4. нақты Материалға бағытталған пікірге жатпайтын кез-келген ақпаратты жариялауға;

  5. Сайт жұмысын тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерді жасауға, Сайтты басқару үшін немесе оның жабық тарауларына (тек Сайт Әкімшілігі ғана кіруге рұқсат етілген тарауларға) рұқсатсыз кіруге әрекеттенуге, сондай-ақ желіге шабуыл жасау деп бағаланатын қандай да бір әрекеттер жасауға;

  6. қасақана не болмаса абайсызда жергілікті қолданыстағы, мемлекеттік немесе халықаралық  болып саналатын кез-келген заңды бұзуға.

7. Қолданушының материалды орнатқанда өзiн басқа бiреу кейпiнде көрсетуіне немесе бiр ұйымның өкiлi ретiнде, соның iшiнде www.alashainasy.kz қызметкерi,  www.alashainasy.kz  иесi ретiнде сөйлеуіне, қандай да бiр объект немесе субъектiге қатысты жаңсақ пікір беруіне құқы жоқ.




Заңды жауапкершілікке тартылатын туралы ескертулер

Сайт Әкімшілігі Пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен төмендегідей әрекеттер үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы арнайы ескертеді:

 

 


- өшпенділік пен дұшпандық туғызса, адамдар мен тұлғалардың, топтардың ар-намыстарын қандайда бір белгілер бойынша кемсітсе, қорласа, азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық жасаса, азаматтық міндеттерді орындаудан бас тартса, құқыққа қарсы әрекеттер жасауды насихаттаса, компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізсе, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасаса.