ҰЛТТЫҚ КҮРЕСТІ КӨТЕРМЕЙ, АЛЫСҚА БАРА АЛМАЙМЫЗ

ҰЛТТЫҚ КҮРЕСТІ КӨТЕРМЕЙ, АЛЫСҚА БАРА АЛМАЙМЫЗ

Серік ТӨКЕЕВ, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті
Қазақ тарихында ортан жілікті ортасынан бөліп, атан жілікті арқасымен шағатын, қарсы келгенін қағып, алшы келгенін шалып жығатын, бура сан, бұқа мойын балуандар қаншама? Бабадан қалған батырлық пен батылдықты ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген ұлтымыздың күрес өнері замандар ағысымен өркендеп, толысып келеді.
Бүгінде, өз деңгейінде дамып келе жатқан ұлттық спорттың бір саласы қазақ күресінің бүгінгі жағдайы туралы білмекке «Алаш айнасы» Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті С.Төкеевті әңгімеге тартқан еді.

–Серік аға, әуелі, өзіңіз басқарып отырған дүниежүзілік қазақ күресі федарациясының жұмыстары хақында қысқаша тоқталып өтсеңіз. 
–Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы 2002 жылы Германияның Берлин қаласында бірінші болып 16 республикадан қатысқан халықаралық турнир өткіздік. Мұнда негізі идеяны ең алғаш тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев 2000 жылы «Қазақ күресін неге дүниежүзілік күреске айналдырмайсың?» деп айтқан болатын. Содан кейін 7 рет Азия чемпионатын өткізген болатынбыз. Әрі 3 рет үлкендердің арасында екі жылда бір реттен еуропалық және азиялық турнир өткізіп тұрдық. Бірінші рет әлем чемпионатын өткізгенде төрт құрлықтан 52 елдің ішінен 48 мемлекет қатысып, бізде бірінші рет Еуропа ойындары осылай өткен болатын.
–Қазақ спортының падишасы саналатын қазақ күресінің нәсихатталу жұмысы қалай жүргізілуде? БАҚ та осы дүниелердің көрсетілуніне көңіліңіз тола ма?
–Шыны керек, ақпарат құралдарына рахмет. Барлық қазақ күресінен өткен турнирлер мен жарыстарды телеканалдар үздіксіз таратып, баспасөзде жазылып келеді. Дегенмен, бір мысал, Жапонияда «Сума» деген ұлттық күрес бар, теледидарды ашып қалсаң сол ойын туралы қызықты хабарларды таңертеңнен кешке дейін қойылып жатады, сол жағынан бізде де арнайы бір спорттық телеканал жұмыс істесе құба құп болар еді.
–Ұлттық спортты өз деңгейінде насихаттап жүрміз бе? Немесе біздегі жарнама жұмыстары қалай?
–Бұл мәселе төңірегінде көбінде қазақ тіл мәселесі туындап кететіні даусыз. Дегенмен республиканың әр аймақтарында өтетін турнирлер мен түрлі жобалар әрқалай жазылып, жарнамаланып жүр. Айтар болсақ, солтүстікте орысша, ал мұнда қазақша дегендей. Жарнамалаудан бұрын ең әуелі ұлттық күресті өзіміз сүйе білуіміз керек. Сонда ғана өзгелер бізден үйренеді, өзгенікін озық, өзіміздікін қораш санайтын ойлардан арылуымыз . Бұл үшін қазақ тілді жарнама агенттіктері жұмыс жасауы тиіс. Жұртқа насихат жасау әуелі өзіңде барды  қадірлеуден басталмақ.
–Арысы Қажымұқан, Балуан Шолақ, берісі Әбілсейіт бастаған, сосын өздеріңіз ізін жалғаған қазақ күресінің бүгінгі хал жағдайы қалай?, Жас буын спортшылардың жетістіктеріне көңіліңіз тола ма?
–Қазақ күресінің деңгейі жақсы деп айтуға әбден болады. 2002 жылдан бастап, соңғы он жыл көлемінде дүниежүзілік қауымдастық құрып, Азия чемпионаты мен әлем чемпианатын ұйымдастырып келеді. Бізде 5 халықаралық, 9 республикалық турнир өтеді. Соның өзіне жүлде қорына жеңіл автокөлік тігіліп жатады, қазірде осы жүлдені талай мәрте алған бұра санды, сом білекті, түйе балуандар да баршылық. Қазақ қара домалақтарының да ұлттық спортқа деген талпыныс қуантады бізді, жастардың деңгейі қарқынды өсіп келеді. Семейлік Айбек (135 келі салмақ дәрежесінде) атты жас жігіт өсіп келеді, тағыда Ұлан Ырысқұлов Қазақстан барысы атанды. Осыларға қарап тұрып қазақ күресінің ешқашан асқақтамаса аласармасына көз жеткізесің.
–Қазақ күресінің ережесін насихаттауда ережелер таныстырылған кітапшалар шығару ойда бар ма?
–Біз осы он жылдықтан кейін ережелердің жинағын шығарып отырмыз. Бұл жағынан жүйелі ережелер қалыптасып келеді. Алайда әр қандай дүние үздіксіз жаңарып, толықтырылып отыруы тиіс. Үш тілде салыстырмалы жазылған кітапта осы саланың барлық ережелері толық, жүйелі жазылған, бұлай істеуіміздің қазақ күресін алыс шетелдерге таныстыруда, осы спорт түрінің терминдерін қалыптастыруда өзіндік үлесі бар деп айтуға болады. Нақтырақ айтсақ, жарыс ережесінде бұрында орысша қолданыста болса, қазір барлығы дерлік қазақша  «бүк», «жамбас», «жартылай жеңіс», «таза жеңіс» деп аталып келеді. Әр ұлттың төл спортында өзіндік тіл жүйесі қолданыста болатынын біз жапондардан үйренсек болатындай.
–Қазақ күресі туралы түрлі филъмдер қажет екенін «Оңтүстік Қазақстан газеті» жазған болатын, бұл бағытта жұмыс жасап жатырсыздар ма?
–Осы идея туралы ойланып жүрмін. Бізде дәстүрлі өтіп тұратын жыл сайынғы турнирлердің, іс-шаралардың  кескінін жинақтап, алдағы уақытта бір көркем дүние жасасақ, осының өзі қазақ күресінің жұрт арасында танымалдығын арттырар еді. Тарихта өткен балуан бабаларымыз туралы да көп дүниелер бар, киноға сұранып тұрған. Осы ойлар алдағы уақыттың еншісіндегі шаруа болмақ, осыған байланысты қаржылай көмек беретін азаматтар да шығып жатыр.
–Қазақ күресінің басты базасы саналатын ауылдардағы күрес мектептерінің аяқ алысы қалай?
–Адамға жастайынан берілген білім өте қонымды болады. Елбасының тікелей тапсырмасымен салынып жатқан «Жүз мектеп, жүз аурухана» аясында салынған мектептерде осы қазақ күресі бір пән ретінде оқыту программасына енсе деген ұсыныс бар. Негізінен мемлекет тарапынан салынған спорттық кешендер халық үшін салынған екен ел игілігіне, пайдалануына берілгені жөн. Әлде біреулердің жекеменшігіне  немесе табыс табу көзіне айналмауы тиіс, сонда ғана жастардың қызығушылығы арттыруға итермелейді. Шығыстағы Жапония, Кореяда дзюдо, таэквондо мектеп жасынан бастап үйретіледі. Неге біздерде осылай жасамасқа?! Тек қана құр айқаймен, олимпиадалық ойынды дамытып жатырмыз дегенмен, ұлттық спортымыз дамымаса, осы жолда істелген жұмыстың  ертеңінен жеміс күту өте қиын.
–Қазақ күресінің бапкерлер қосыны жеткілікті ме? Ұлттық спортымызды әлемдік деңгейге көтеру үшін халқаралық талаптарға сай келетіндей етіп бапкерлер мектебін қалыптастыруымыз керек шығар..
–Қазіргі кезде қазақ күресі бапкерлерге деген сұранысы өзін қанағаттандыра алады. Осы саланы зерттеп, зерделеп жүргендер көп. Жарты ғұмырын қазақ күресіне арнаған ағалар еңбегін елемесек болмайды. Бапкерлер мектебін қалыптастыруға келсек, арнайы мектеп ашылмаған, дегенмен біліктілігін арттыру мақсатында қайта дайындаудан өткен. Барлығы да өз саласының білікті мамандары. Халықаралық стандартқа лайықтау өзімізге байланысты, өйткені бұл күрес түрі тек біздің ұлтқа ғана тән. Сол себепті оның ережелерін әлемдік деңгейде жасауда өз мүмкіндігімізді толық пайдалана аламыз. 
–Қазақ күресінде өзіндік қолтаңба қалдырған сіздің ізіңізді жалағайтын қазақ жастарына айтар ақылыңыз немесе жеңіске жету құпияңыз барма?
–Жаны саудың рухы биік болады. Бастысы жастарға айтарым, салауатты өмір салтын сақтай отырып, спортпен айналысыңыздар. Қазақ күресін әуелі қазақ өзі жақсы көруі керек, сонда ғана оны басқа ұлтқа жақсы көрсете алады. Тағы бір айтарым, жастарға көптеп қолдау көрсету керек. Жағдайы оңалмаса, одан жақсы жетістік күту ақылға сыймайды.
–Әңгімеңізге рахмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста