Күн сәулесі арқылы тұщы су алуға болады

Күн сәулесі арқылы тұщы су алуға болады

Сарыарқа топырағы таланттарға әсте тұнып тұр. Жасампаз жастар сарқылмайтын энергияны пайдалану арқылы жаңа жобаларды ұсынуда қара үзіп келеді. Күн, жел энергиясын пайдалануда бірқатар озық ойларды жемісті жүзеге асыруға болатынын дәлелдеп жүрген дарынды оқушылардан Қарағанды құр алақан емес. Сондай жобаның бірі – күн энергиясы арқылы кермек суды тұщы суға айналдыру.
Бұл жобаны ойлап шығарған – Қара­ғанды қаласындағы «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектеп оқушылары. Әуелде «Мұрагердің» екі оқушысы бірге бастаған инновациялық жоба былтырғы жылы Израильде өткен жас инноваторлар форумынан оң баға алып келген екен. Онда  жобаны мектеп оқушысы Әлібек Жұмагелдин таныстырыпты.
Ал күні кеше Қарағандыда дарынды оқушылар арасында алғаш рет ұйымдас­ты­рылған «Болашақ жобалары» көрмесін­де көпшілік назарына жобаны аталған мектептің 10-сынып оқушысы Арай Ыбы­рае­ва ұсынды. Ащы судан тұщы су алу – тұщы су проблемасын шешуге жасалған соны қадам. Алайда бұл  жоба мектеп жағдайында ғана жасалған. Яғни жобаны жасаушы Арай оның теориялық негіздеме­сін ұсынып отыр.
Арай ЫБЫРАЕВА, «Мұрагер» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы:
–  Бұл жобамен жарты жылға жуық айналыстық. Қазірде тұщы судың жетіспеушілігі – жаһандық проблема. Тың жоба көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

«Ал экономикалық жағы әлі де қарас­ты­ра түсуді қажет етеді. Оған мектептің мүм­кіндігі шектеулі», – дейді мектеп дирек­то­рының бейімдік оқыту жөніндегі орын­басары Ардақ Әлімова.
Ардақ ӘЛІМОВА, Қарағанды дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі директорының бейімдік оқыту жөніндегі орынбасары:
– Жалпы, біздің мектепте физика пәнінен курстық жұмыстар жазылады. Ондағы мақсат – оқушының физика пәнінен алған білімін өмірде қанша­лық­ты қолдана алатындығын барлау, берілген білім сапасын сол арқылы не­гіз­деу. Бұл жоба да – сондай курс жұ­мы­сының нәтижесі. Бұл – өте қарапа­йым жоба. Жобаны дайындау­шы оқу­шы­лар бес литр кермек суды пласти­калық құтыға құйып, күннің көзіне қою арқылы тәжірибе жасады. Күн сайын оның кермектігін де бақы­лап отырды. Сол тәжірибе бары­сында кермек суды тұщы суға ай­налдыруға болатынын дәлелдеп шық­ты.

Мектеп директорының айтуынша, да­рын­ды балаларға дәріс беруде ұстаздар  оқушыларының сол пән бойынша жоғары деңгейде сауатты болуына баса назар аударады екен. Сондай-ақ жоғарыда атап өткеніміздей, жобаның теориялық негізі бар. Әйтсе де аймақтың ауа райын бақы­лап, қай мезгілде күннің энергиясы көп түсетіндігін және қандай мөлшерде екенін зерттеп, жобаны   жетілдіру қажет. Бірақ ең бастысы – жоба бар. Оны жетілдіре түсу – уақыттың еншісінде. Ең бастысы,  жоба тұщы су проблемасын шешуге жасалған жас ғалымдардың батыл қадамы екенін мойындаған абзал.  Мұндай жобаны өзге шетелдер әлдеқа­шан қолданысқа енгізген. Демек, қара­ғандылық жас ғалымдардың теориялық негіздемесі келешекте күнде­лік­ті өмірге енуі әбден кәдік деген сеніміміз зор.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста