XY-XYIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы

XY-XYIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы

Қарағанды қаласы № 61 ЖББОМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Көки Жұлдыз

Мақсаты:
Білімділік. XY-XYIII ғасырлардағы тарихи, саяси оқиғалармен таныстыру. Бұл жағдайлардың қазақ хандығындағы маңыздылығы және жыраулар поэзиясындағы көрінісін білу.
Тәрбиелік.Орта ғасыр поэзиясының тәрбиелік мәнін әңгімелеу.Туған елді, жерді қорғауға, патриоттыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық.Жыраулар поэзиясы туралы білімдерін жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдері: Қ.Бітібаева технологиясы (дамыта оқыту, саралап, даралап оқыту), оқулықпен жұмыс, мәнерлеп оқу, қосымша материалдар пайдалану, топтық жұмыс жүргізу.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. С.Ч.Тұрсынғалиева, Г.Р.Бәкенова Қазақ әдебиеті 9 сынып Алматы «Арман-ПВ», 2013

2. Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев, С.Дүйсебаев Қазақ әдебиеті
9 сынып Алматы «Мектеп», 2013
3. «Ай, заман-ай, заман-ай»

Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті
Қазақ тілі Тарих География
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.Сабаққа дайындық.
Үй жұмысын тексеру. Алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушылар жинаған мәліметтерін ортаға салады.
• XY-XYIII ғасырларда қазақ даласында қандай тарихи оқиғалар орын алды?
• Бұл оқиғалардың маңыздылығы қандай болды?
• Осы ғасырларда қандай ақын жыраулар өмір сүрді?
Осы сұрақтарға жауап ала отырып үй жұмысымен ұштастырып, жаңа сабақты бастау.
Жаңа сабақ мазмұны:
• Оқушыларды үш топқа бөліп, үш түрлі тақырып ұсыну. Берілген уақыт көлемінде оқушылар оқулықпен және қосымша деректермен жауап дайындайды.

1-топ тапсырмасы. Қазақ хандығының құрылу кезеңі.
XY қалыптасқан саяси-тариха жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына ықпал етті. XY ғасырдың басында монғол шапқыншылығынан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандар 1465 -1466 жылдары қол астындағы ру-тайпаларымен Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, Шығыс Дәшті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс бөлігі – Шу мен Талас өзендерінің аумағына көшіп барады. Осы кезеңнен бастап, қазақ ру-тайпалары жеке ұлт болып қалыптасып, Қазақ хандығын құрды.

2-топ тапсырмасы. Қазақ әдебиеті үшін тарихи оқиғаларға толы кезең.
Монгол шапқыншылығынан кейін XY ғасырда қазақ мәдениеті алға өрлеп, әдебиет, музыка, ғылым саласы қайта жанданды, төл әдебиеті мен тілі қалыптаса бастады. Осы кезеңнің жемісі - жыраулар поэзиясы әдебиетте өзіндік түр тауып, ұлттық сипатта қалыптасты. Қазақ елінің ұлылығын дәріптейтін ұлы туындылар дүниеге келді.

3-топ тапсырмасы. Жырулар позиясының негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар өз заманының қандай өзекті мәселелерін жырларына арқау етті?
Үш топтың жауаптарын тыңдау, топтағы әр оқушыны сөйлетуді мақсат ету керек.
 Даналық ой
Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің мақсаты үшін айтылады.
(М.Әуезов)
Жыраулар поэзиясы- елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем де бейнелі тілмен жеткізе білген бағалы қазына.
(Қ.Жұмалиев)
• Тақта алдында жұмыс жасау. Шалкиіз жыраудың толғауынан үзінді
Аспанды бұлт құрсайды,
Күн жауапға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Берілген үзінді бойынша сатылай кешенді талдау жасаңыз.
Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
«Жырау, жыршы » сөздеріне өз беттеріңізше этимологиялық талдау жасап көріңіздер.
2-деңгей
Бұқар жыраудың толғауын өлең құрылысына талдап, көркемдегіш сөздерді табыңыз.
Асқар таудың өлгені
Басын мұнар шалғаны
Көктегі бұлттың өлгені-
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені-
Мұз болып тастай қатқаны...
3-деңгей
Толғауды өзіңше жалғастыр, тақырыбы мен мазмұнын ашып айтыңыз.
Есті көрсең, кем деме,
Бәрі тұйғын табылмас.
Қарындасың жамандап,
Өзіңе туған табылмас...
Сабақты бекіту
Әр топ өздері айтқан тақырып бойынша екі топтың қаншалық меңгергенін тексеріп, сұрақ -жауап алмасады.
Мұғалімнің сұрағы:
-Қазақ хандығы қашан құрылды? Осы кезеңде тарихта қандай оқиғалар болған екен ?Төл мәдениетіміз бен әдебиетімізге қалай әсер етті?

Сабақты қорытындылау, бағалау
Оқушыларды сабаққа қатысулары бойынша бағалап, мадақтап, көтермелеп отыру.
Үйге тапсырмасы
1-деңгей
Асан қайғы бабамыз туралы деректермер танысу.
1- деңгей
Асан қайғы толғауларын жаттау
2- деңгей
Асан қайғы толғауларындағы жақсылық пен жамандық тақырыбына әзірлеме жасау.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста