Сабақтар

Білім берудегі инновациялық технологиялар — білім сапасын арттырудың негізі

  • Білім берудегі инновациялық технологиялар — білім сапасын арттырудың негізі

    Білім берудегі инновациялық технологиялар — білім сапасын арттырудың негізі

Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі бүгінгіде ғылым мен білімнің,интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл сайын көбейіп келеді». 


Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тəрбиелеудің соңғы əдіс- тəсілдерін, инновациялық-педагогикалық технологияларды игерген, технологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті жəне нақты тəжірибелік іс-əрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім, зерделі оқытушы болуын қажет етеді. Бүгінгі таңда қозғалып жатқан ең өзекті мəселелердің бірі білім беру жүйесінде жаңа электрондық технологияны енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, жетістіктері мен жеке тұлғаларды қалыптастыру жəне қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар жасау. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу əдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйретудің сапасы мен маңызын арттырады[1].


Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру. Осылардың барлығы ақпараттық-коммуникациялық


технологиялардың дәстүрлі әдістемеге қарағандағы артықшылықтарын пайдалану арқылы тіл үйренушінің білім сапасының артуына, қатысымдық құзіреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Тілдік білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тіл үйренушілерді әлемдік мәдени құндылықтарға, ақпараттық ресурстарға жақындатып алып келеді, шынайы мәдени аралық коммуникацияға жағдай жасайды. Бұл- технологияның тіл үйретудегі мүмкіндіктері ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты дәлелденген, тек практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға мамандардың дайындығы арта түсуі қажет. Алдағы уақытта жоғары талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлері арта беретіні сөзсіз.Сондықтан қазақ тілін оқыту-үйрету үдерісінде бұл технологияларды ұтымды қолдану үшін оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін, ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін үнемі дамытып отыруы талап етіледі[2].


Оқу процесіндегі негізгі инновациялық технологиялар :


1.Кейс –технология


2. WEB технология


3. Коммуникациялық технология


4. Ақпараттық технология


5. Интерактивтік әдіс технологиясы


6. Мультимедия технологиясы


7. Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы.


Бүгінгі таңда мультимедиялық үйретуші бағдарламалар, электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторларының бірі болып саналады. Технологияның тиімділігі, оның болашағы маманның психологиялық ерекшелігіне, іскерлігіне байланысты. Бұдан шығатын басты талап субъектінің мән бере оқуы, жеке бастың даму диагностикасы, жағдайларды жобалау, ойлы ізденістер диалогы, оқулықтағы тапсырмаларды өмірмен байланыстырып беру. Оқытушы көбінесе оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданғаны жөн.Оқыту технологиялары оқу процесіне, сабақ түріне байланысты жан-жақты: проблемалық оқыту, ойын арқылы оқыту, тірек сигнал арқылы оқыту, компьютерлік оқыту, электронды оқыту, коммуникативтік технологиялар, инновациялық оқыту, жаңа технологиялар бойынша оқыту.


Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпараттарды білуге жол ашады. Тыңдаушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын және олардың танымдық белсенділігін арттырады. Орфографиялық, лексикалық дағдыларын қалыптастырады. Компьютер әсіресе, тіл үйренушілердің әр


түрлі тілдік жаттығу жұмыстарын орындау кезінде одан көп көмегін тигізеді. Негізінен мына әдіс-тәсілдер қолданылады:


1) Сұрақ-жауап диалогы, тапсырманың мәні компьютердің сұрағына тура жауап беру; сұрақ құрастыру үшін негізгі тілдік мәтін пайдаланылады.


2) Таңдап алынған жауаптар диалогы. Жауап беруші ұсынылған жауаптар тізбегінен өз жауабын таңдайды.


3) Бос орынды толтыруға арналған жаттығулар.


4) Сөздікті қаншалықты меңгергендігін бақылауға арналған жаттығулар: компьютер аударуды керек ететін сөздер тізімін ұсынады; орысша-қазақша жазылған сөздер ұсынылады. Олардың ішінен дұрыс эквиваленттерін тауып, жұп құрау қажет.


Ғалым Қ.Қадашева былай дейді: “ Жаңаша жаңғыртып оқыту, жоғары белсенділікті дамыту және деңгейлік оқыту әдістемелерін жоғары дәрежеде дамыту оқытудың техникалық және электронды құралдарын жан - жақты пайдаланғанда ғана толық орындалады [3]. Бірақ оқытудың жаңа техникалық және электронды құралдарын тиімді пайдалану оқытушының шеберлігіне байланысты.


Бүгінгі күні мультимедиаға ұсынылған жаңа аудиовизуалдық техникалық құралдар әдістемеші қазақ тілі мұғалімдерінің тілді оқытуға жаңаша қарауын және өз әдістерінің жетілдірілуін талап етеді. Бұдан бірнеше жыл бұрын “оқытудың техникалық құралдары”, “лаборатория” ұғымы – үнтаспа, оқу теледидарын пайдаланумен, лингафон кабинетіндегі сабақтармен немесе техникалық және нақты ғылымдар саласындағы зерттеулермен ғана байланысты болып келді, бірақ тілді оқытуда компьютерді, сондай-ақ интернет желісі ресурстарын пайдалануға ешқандай мүмкіндік болмады. Қазір қазақ тілін оқытушылардың қарамағында компьютерлік техниканы қолдануға негізделген ОТҚ-ның (оқытудың техникалық құралдары) бірнеше түрі бар. Ал мұндай күрделі техникалық жүйені меңгеру арнайы дайындықты қажет етеді. Оқытушы қазақ тілі сабағында компьютерлік презентацияларды, дыбыс және бейне материалдарды, слайдтарды,қарапайым және күрделі анимациялы графикалық объектілерді пайдалана алады.


Сохибова Гулноза


Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы


«С.Сейфуллин атындағы ЖОМ»


қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Әдебиеттер:


1.Қадашева Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді әдістемелері. –А. 2000.


2.Оразбаева Ф.. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. –А. 2001.




Көрілген: 783    Пікірлер: 0

жұма, 08.12.2017, 10:23

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
1 Маусым 2015
Қош бол, балабақшам!
19 Мамыр 2015
Алтын күз
4 Мамыр 2015
Ойтолғау
27 Сәуір 2015
Желілі ойын
22 Сәуір 2015
Сын есім
14 Сәуір 2015
«Жай сөйлем»
20 Наурыз 2015
Фотосы бар материал Ана құшағында
18 Наурыз 2015
Су асты тіршілігі
17 Наурыз 2015
Нан туралы өлең
10 Наурыз 2015
Жер әлемі
3 Наурыз 2015
Жұрнақ пен жалғау
1 Наурыз 2015
Аналар мерекесі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31