Сабақтар

Білімім мен қимылым ұштасқанда

  • Білімім мен қимылым ұштасқанда

    Білімім мен қимылым ұштасқанда

Сабақтың тақырыбы: Білімім мен қимылым ұштасқанда


Сабақтың мақсаты: Биология пәнінен алған білімдерін спортпен ұштастыра отырып қайталау арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.


Чемпион болу оңай ма?


Шынықсаң шымыр боласың,


Арман болған талайға.


Сауығып айдай толасың,


Болмасаң да ұқсап бақ,


Білімді серік ете біл,


Жарысқа түсіп қалайда.


Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Білімім мен қимылым ұштасқанда!» атты эстафеталық ойынға қош келдіңіздер! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» Жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымызды құқығын қорғайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Білімім мен қимылым ұштасқанда!» атты эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар! Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған оқушыларды шақырамыз.


Әр таңды бақытпенен атырамыз,


Сайысқа қатысуға шақырамыз.


І топ – 7 «а» сынып «Қырандар»


ІІ топ – 7 «б» сынып «Тұлпарлар»


Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік. 1. 2. 3. Жарыстың кезеңдері:


1. І тур – Биологиялық анықтамалар


2. ІІ тур – Жануардың үйін тап!


3. ІІІ тур – Биологиялық терминдер. Капитандар сайысы


4. ІҮ тур – Сөздерді жинау


5. Ү тур – Жәшіктегі затты ата


Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар!


І тур. Допты қолмен қағып апару.


Сайыскерлер алдындағы партада биологиялық анықтама жазылған тапсырма жатады. Бала сол тапсырмадағы ережені аяқтап келесі беттегі жәшікке апарып салу керек. Келесі бала дәл солай жалғастырады.


7 «а» тобы


1 бала - Мүше - өзіндік құрылысы бар белгілі қызымет атақатын ағзаның бөлігі.


2 бала - Иммунитет – ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиет.


3 бала – Симбиоз екі ағзаның пайдалы селбесуі.


4 бала- Микробиология көзге көрінбейтін тірі ағзаларды зерттейтін ғылым.


5 бала- «Сорус» дегеніміз спорангилердің жиынтығы.


6 бала – тұқымында екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады


7 бала – Жалған аяқарын дененің кез-келген жерінен шығаратындықтан олар жалған аяқтылар


7 «б» тобы


1 бала - Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа дейді.


2 бала - Бактерия жасушасына енетін вирус бактериофаг деп аталады.


3 бала – Саңырауқұлақтың жіпшелерінің ағаштың тамырын айнала қоршап алуы «микориза» дейміз.


4 бала- Микология саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.


5 бала- «Конидий» шаң түріндегі спора.


6 бала – Тұқымында бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.


7 бала – жойылған дене бөлігін қалпына келуі регенерация деп аталады.


ІІ тур


Тоңқалаң асып келіп алдында жатқан қағазға секіріп, үстіне тұрады да сол қағазда жазылған жануар қай кластың, қай типтің өкілі екенін айту.


І топ


ІІ топ


ІІІ тур


Капитандар сайысы. (белгілі бір уақыт ішінде) Секіртпе жіппен секіріп биологиялық терминдер айту.


дернәсіл, бриология, зоология , ботаника, вайя, спора, сорус, спорангий, цитоплазма, хромотафор, пластид, жасуша, мүше, ағза, ұлпа, фотосинтез, регенерация, целом, кутикула, эпидермис, иммунитет, хитин, диплоидты, гаплоидты, эндосперм т.б.


ІҮ тур


Шарда сөз жазылған, осы сөзге тиісті сөздерді қарсы жақтағы шашылып жатқан шар арасынан тауып алып келу.


І топ


1 микроскоп- объектив


2 жасуша – Р.Гук


3 желбезек- балық


4 жасуша- ядро


5 жапырақ – хлоропласт


6 жылқы - қымыз


7 қосарлы тынысалу – құстар


ІІ топ


1 ламинария – қоңыр балдыр


2 балдыр – хромотофор


3 түйнек – картоп


4 балық-торсылдақ


5 шұбат-түйе


6 фотосинтез – крахмал


7 ақ күріштің атасы - Ыбырай Жақаев


Ү тур. Үлкен доппен секіру.(Оқушылардың көзі байлаулы)


Жәшікте жатқан затты сипап, иіскеп, жеміс пе, жемтамыр ма, түйнек пе, пиязшық па анықтау.


ІІІ. Қорытынды бөлім.


Білімге биік сеніңіз,


Думанға қызық келіңіз.


Әділқазы ел сенген,


Өнерге баға беріңіз!


Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)


Уа, халқым, назар аудар білімпазға!


Өмірде бақыттысың денің сауда.


Денсаулық, біліменен терең бақыт деген сөзді


Дұрыс айтқан ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, білімдеріңіз мықты болсын деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.


Жаңыл Секенқызы ҚАСЫМҚАНОВА

«О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ


биология пәнің мұғалімі


ШҚО Глубокое ауданы Глубокое кенті




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.12.2017, 14:46

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
1 Маусым 2015
Қош бол, балабақшам!
19 Мамыр 2015
Алтын күз
4 Мамыр 2015
Ойтолғау
27 Сәуір 2015
Желілі ойын
22 Сәуір 2015
Сын есім
14 Сәуір 2015
«Жай сөйлем»
20 Наурыз 2015
Фотосы бар материал Ана құшағында
18 Наурыз 2015
Су асты тіршілігі
17 Наурыз 2015
Нан туралы өлең
10 Наурыз 2015
Жер әлемі
3 Наурыз 2015
Жұрнақ пен жалғау
1 Наурыз 2015
Аналар мерекесі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31