«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» кураторлық сағаты

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» кураторлық сағаты

Тақырыбы: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе». Пікірталаc

Мұғалімнің аты: Зейноллаева Гүлназат Әбенқызы,  Кітапбаева Жанна Тоқтағанқызы

Сабақ мақсаттары: Оқушы бойына ізгілік ұялату, қамкөңіл жандарға қамқорлық жасау, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын оқушылардың бойына сіңдіру, соған сай мінез - құлқын қалыптастыру. 

Құндылықтарды дарыту: Қазақстан мәдениетінің озық дәстүріндегі тәрбиенің оқушылардың адамгершілік, адалдық құндылықтары жүзеге асады. Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етеді, қоғамға жат қылықтардан сақтанады.

АКТ қолдану дағдылары: Видеоролик, презентация

Тілдік мақсаттар: Барлық оқушылар: • Өз ойын ауызша айта алады; • Әр түрлі байланыстағы сөздерді қолдана отырып, өз ойын ашық айтады; Көптеген оқушылар: • Проблемалық тақырыптағы мәселелермен салыстыра алады. · Тақырып төңірегінде өз ойларын үш тілде еркін жеткізе біледі. Кейбір оқушылар: • Тақырып бойынша креативті ой айта алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Жоспар бойынша орындалуы тиіс әрекеттер

Сабақтың басы 5 мин.: Оқушылар өз қалауымен үш топқа бөлініп отырады. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Халқымыз үшін қысталаң қиын заманның небір кезеңдерінде мал мен жанның өзіне қарауға мұрша қалмаған шақтарда ұмытуға болмайтын бір ғана нәрсе болды. Ол ұрпақ тәрбиесі еді. Көнекөз қариялардың әңгімесінен бастап қарайпайым халықтың ұғымға, салт-дәстүрге дейінгінің бәрінен көрініс беріп, ол жас ұрпақты азаттық биігіне, адамгершілікке, бірлікке шақырып отыратын қазақы өнеге айқын көрінеді. Ғасырлар бойы сол өнегемен ата-бабаларымыз әлденеше ұрпағын түзеу тәрбиелеп келді. сөйтіп бүгін күнге жеткізіп берді. Қоғамның дамуы, жанұяның бала санымен өлшеуді меже тұтқан халқымыздың «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп қарапайым топшылауыда тегін емес. Ендеше, бүгінгі кураторлық сағатымыз да осындай бір тәрбие негізіне арналады. Бейнебаян «Тəрбие деп осыны айт» (Топ бойынша ой бөліседі) Бейнебаянды көре отырып өздерінің ой-тұжырымын айтады. Кез - келген ата - ананың тіршілігіндегі көрген қызығы мен білген жақсылығының ең қымбаттысы біздің халықта перзент қой. Ата - ана бойындағы да барлық жақсылық атаулыны перзентіне арнайтыны белгілі. Ерте заманнан бастап - ақ халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген. «Биік тауға қарасаң, көңілің өседі, көңілің өссе, немерең кең пейілді болады. Жайқалған шөпке қара, жайнаған гүлге қара, сәбиің шырайлы болады»- деп баулыған, адам табиғатының бір бөлігі екенін дөп басқан. Аналар бала тәрбиесіне ерекше ықыласпен қараған.

Сабақтың ортасы 3 мин. Бейнебаян Талқылауға әр топқа 3 мин (Барлығы: 12 мин): 

Бейнебаян көрсету:«Бала тәрбиесі» 1.Бейне баян сюжеті негізінен үш топқа арналып, үш бөлімнен тұрады. Оқушылар сол бейне баянға жіті назар аудара отырып, үш топтың әрқайсысы өзіне берілген бейнебаяндағы сұрақтар бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, бейнебаянды талқылайды. 2.«Жазалау» Ойынын ойнайды. Ортаға 3 топтан 3 бала шығып, ата-ана ролінде бала қылығын қарастырады.

5 мин әзірленуге. Әр топ 3 мин. (Барлығы: 14 мин): 1. Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты 2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты, оны көршіңіз сізге келіп айтты 3. Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты, оны мұғалімнен естідіңіз.  Ата - аналар ролінде енді сіздер балаларыңызды жазалауларыңыз керек. Қандай іс-әрекект жасайсыз? Жағдаяттық сұрақтар беріледі. Әр топ өз тапсырмасына жұмыла кірісіп, кейіпкер орынына өздерінқойып, талдайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» - Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады - Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады - Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады - Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді - Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады - Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүреді Жағдаятқа ену Ортаға оқушыларды шақырамыз

Сабақтың соңы: 3 мин бейнебаян. Әр топ 2 мин (Барлығы: 9 мин):

Сабақты қортындылау: Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, соған сай мінез - құлық қалыптастыру. Ұлы ойшыл әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Ата - бабамыз қалыптастырған қалыпта тәрбиесі түзу болып бой көтерсек, дауға да, жауға да берілмейтін ұрпақ боларымыз анық! Ендеше біздің алдымызға мақсат етіп қойып отырған басты құндылығымыз АДАЛДЫҚ қасиетінің өз өміріңде және мемлекет болашағы үшін маңыздылығы туралы әр топ басшысы өздерінің қорытынды ойын жеткізсін.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста