Ел бірлігі –ең асыл қасиет

Ел бірлігі –ең асыл қасиет


Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету

Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер Сценарий барысы:

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ел бірлігі –ең асыл қасиет» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз бірнеше ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс халқының сәлемін қабыл алайық! /Орыс халқының сәлемі/

1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

2-жүргізуші: Сөз кезегін Өзбек халқының өкілдеріне береміз. /Өзбек халқының сәлемі/

1-жүргізуші: Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

2-жүргізуші: Ортаға көршілес түркмен халқының өкілдерін шақырамыз.

/Түркмен халқының сәлемі/

1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті қырғыз халқының өкілдеріне береміз.

/Қырғыз халқының лебізі/

2-жүргізуші: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

Түрік халқының құттықтауын тыңдайық!

ІІ жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық! –келесі кезекте әр халық өкілдерінің өнерін тамашалайық!

(Әр ұлт өкілдері арнайы өнерлерін көрсетеді).

І жүргізуші: Келесі кезекте, әр ұлт өкілдерінен бір-бір адамды ортаға шақырамыз! Қобдиша ішінде сұрақтар бар.

Сұрақтар:
1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

3. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?

4. Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді?

5. Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады? Алфавиттің ең соңғы әрібі?

6. ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? 7. Еліміздің бас қаласы 8.ҚР елтаңбасының авторлары 9. Әнұранымыздың авторлары 10. Еліміздің көрікті жерлері

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар, Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? 1 - оқушы: Отан от басынан басталады. 2 - оқушы: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 3 - оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.

5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің.

І жүргізуші: Келесі бөлім «Тілек» деп аталады.

Қонақтар, қазір көгершіндер таратылады. Өз тілектеріңізді өз тілдеріңізде жазып, тақтаға көгершіндерді ілеміз. Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)

Қорытынды.

 

 

Сариева Гульнора Кошкаровна

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

«С.Сейфуллин атындағы ЖОМ» КММ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста