Ертеңгілік тақырыбы: «Наурыз мерекесі»

Ертеңгілік тақырыбы: «Наурыз мерекесі»

Дайындаған: Ерменова А.А

 

Балалар «Түркістан» әнінің әуенімен залға кіріп, 4қатарға тұрады.
1-бала: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!
Қызыққа еш тоймаған,
Дархан дала ,қарлы шың!
2-бала: Салт-дәстүрім жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жараса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша.
3-бала: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханыма елімнің,
Береке ырыс сыйлашы.
4-бала: Қош келіпсің ,Наурыз!
Арман тойы даланың.
Қуанышы ғаламның,
Құтты болсын қадамың!
Ән «Бала тілегі»
Музыка ойналып Жаршы кіреді.
Жаршы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Құлақ салып, қараңыздар.
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер!
Мереке күніне орай Жібек жолында Шығыс базары ашылады.Бәріңізді шақырамыз. Келіңіздер көріңіздер!
Жүргізуші: Рахмет достым! Бірақ біз оған қалай жетеміз. Жолды білмейміз ғой!
Жаршы: Қам жемеңіз! Сіздерге Наурыз қыз керуен жіберді. Ол бақыт пен қуаныштың керуені, сол керуенмен жетесіздер.
Залға керуен кіреді.
1-ші саудагер: Тыңдаңыздар , тыңдаңыздар!
Ашылды міне бізде базар!
2-ші саудагер: Тәтті қауын, міне алма!
Босқа қарап сен тұрма
3-ші саудагер : Міне барқыт, міне жібек,
Әкеддім Меккеден жақсы жаңалық!
4-ші саудагер: Бесбармақ пен бауырсақ,
Жолаушыға тәтті азық! Алыңыздар!
Ортаға бір қыз жүгіріп шығады.
-Қыздар! (қыз жанына жүгіріп келеді) Шығыс базары ашылыпты дейді. Соған барсақ қайтеді?
-Барсақ барайық,-деп қыздар саудагерлерге жақындайды.
1 қыз: Шығыс базары біздерге,
Болғандай бір ертегі.
Қандай барқыт, жұмсақ жібек,
Қанша тұрады , айтып жіберші?
Саудагер: Бұл бұйымдар текке сатылмайды. Ән мен күйге бөлеп, би билеген қыздарға ғана сатылады.
2 қыз: Жақсы. Олай болса біз сіздерге билеп берейік.
Би Испан биі.
Ортаға 2 ұл мен 2 қыз шығады. Саудагерлер айқайлап тұрады.
1 ұл: Бізде барып көрсек қайтеді?- деп саудагерлерге жақындайды.
Жүргізуші: Әуелден жомарт серіміз,
Асылын жырдың теріңіз.
Білгіңіз келсе қазақтың ,
Айтысын тыңдап көріңіз. Ортаға күміс көмей ақын ұл-қыздарымыз.
Қыз бен жігіт айтысы:
Ұл: Ата-баба дәстүрін ,
Үйретуден қашпаймыз,
«Айтыс» десе сәнденіп,
Қыздар іздей бастаймыз.

Қыз: Біржан болып сен келсең,
Ақын Сараң мен болам.
Сәйгүлік болып сен шапсаң,
Аққу құсым мен болам.
Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай,
Еркелеген еркем-ай.
Еркелеген еркемді,
Еркелетсем екен-ай.
Ұл: Біздің топтың ұлдары,
Шеттерінен ақылды-ақ.
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға,
Айтып берер тақылдап.
Қыз: Үй жабдығын бұл тойға,
Біздің қыздар сәнденді.
Қонақ күтіп , ән салды,
Ұлдарыңнан кем бе еді.
Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай,
Еркелеген еркем-ай.
Еркелеген еркемді,
Еркелетсем екен-ай.
Ұл: Түрлендіріп қамшы өрсем,
Қыздарың таң қалады.
Күмберлетіп күй шертсем,
Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай,
Еркелеген еркем-ай.
Еркелеген еркемді,
Еркелетсем екен-ай.
Қыз: мақтандың ғой жігітім
Өнеріңді көрейік.
Көрсет сәнді қамшыңды,
Біздер баға берейік.
Ұл: Тойға барам деген соң ,
Домбыра ұстап жетіп ем.
Шашақталған қамшыңды,
Үйге тастап кетіп ем.
Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай,
Еркелеген еркем-ай.
Еркелеген еркемді,
Еркелетсем екен-ай.
Қыз: Қалып қойса қамшыңыз,
Тағы тойға келерсіз.
Сол қамшыны мына бізге,
Сонда сыйға берерсіз.
Барлығы: Қоштасайық халықпен,
Ақындарын пір тұтқан.
Сөз өнерін шөлдегенде,
Рахаттана бір жұтқан.
Еркем,еркем, еркем-ай,
Еркелеген, еркем-ай.
Еркелеген еркемді,
Еркелетсем-ай.
Жүргізуші: Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер демекші, ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл мұралардың бірі ою- ойып, кесте тігу.
Қыздарға сұрақ: -Қандай ою-өрнектерді білесіңдер?
-Гүл, тарақ, қошқар мүйіз, балта, т.б.
Ендеше қазір біздің қыздарымыз ою-өрнектерден сіздерге әдемі текемет жасап көрсетеді.
Ойын: «Текемет құрастыру»
Саудагер: Жарайсыңдар балалар! Өнерлі екенсіңдер, өнерлерің өрге бассын!
Бізде құр қол келгеніміз жоқ. Біздің қыздарымызда өз өнерлерін көрсетсін.
Би: «Шығыс биі»
Жеке ән: «Ән шашу»
Жүргізуші: Атыңнан айналайын қазақ әні,
Көрінген көмейінен таза жаны.
Көтерген көңілімді көкке тіреп,
Халық әні халқымның алақаны.
Келесі тамашалайтындарыңыз қазақтың бұрынан келе жатқан дәстүрлі әндерінің бірі жар-жар.
Жар-жар.
Музыка ойналып Алдар көсе кіреді:
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл ,мұртта жоқ,
Оның несін талдарын,-деп әндетіп ортаға келеді де,
базары» екен ғой. Уа, халайық , бүгін Ұлыстың Ұлы күні Наурыз басталды ғой.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды,
Көргендер де арманда,
Көрмегендер де арман да.
Саудагермен Алдар көсе төс қағыстырып амандасады.
Саудагер:Уа, халайық! Ал енді біздің де жолға шығатын уақытымыз болды. Біздің керуенімізді басқа да елдер күтіп отыр. Алдар бұл Наурыз тойын ары қарай сен жүргіз. Ал аттанайық біз. Хош сау болыңыздар.!
Керуен залдан шығып кетеді.
Алдар Көсе балаларға сұрақ қояды.
-Балалар қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
-Наурыз дегенді қалай түсінесіңдер?
-Балабақшаларының мекен-жайы қалай аталады?
-Енді бір ойын ойнасақ қайтеді? Мен «асық» ойнағанды ұнатамын.
Ойын: «Асық көздеу».
Алдар көсе: Енді бір наурыз тойы туралы өлең естігім келеді.
Ән : «Наурыз тойы».
Алдар көсе
: Ал балалар! Өздерің әдемі, әндерің әсем, өнерлерің үстем бола берсін! Мен өзі бір жерде ұзақ жүре алмаймын. Кететін уақытым болды. Қайтайын. Хош сау болыңдар!
Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл ,мұртта жоқ,
Оның несін талдарын,-деп әндетіп шығып кетеді.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар , біздің балабақша балалары өз ана тілдерінде ғана емес , онымен қатар орыс ,ағылшын тілдерінде сөйлеп үйренуде. Сол балаларымыздың өнерлерін тамашалайық.
Балалар орыс ,ағылшын тілдерінде өлең ,тақпақтарын айтады.
Жүргізуші: Балалар, көктемнің келгенін білдіретін, гүлдерге жан бітіретін Наурызгүлімізді қарсы алайық.
Музыка ойналып ортаға Наурызгүлі кіреді.
Ол билеп ортаға келгенде ,Дәу келіп Наурызгүлді ұрлап алып кетеді.
Жүргізуші: Балалар Наурызгүлді дәу алып кетті. Қазір Қыдыр ата келгенде не айтамыз?
Музыка ойналып Қыдыр ата кіреді .
Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз мерекелерің құтты болсын!
Балалар менің Наурызгүл немерем қайда? Әлі келмеген бе? Көрінбейді ғой!
Осы кезде көреген жүгріп кіреді.
Көреген : О, Халайық! Халайық! Мен көрдім, Мен көрдім! Бір сұлу қызды Дәу ұшырып алып кетіпті, шыңның басына апарып қойыпты. Қалың малын төлесе ғана жібереді екен. Жүріңдер мен жол көрсетейін ,-деп шығып кетеді.
Магнитафоннан дауыс естіледі:
-Ха,ха,ха! Мені естідіңдер ме?
Жүргізуші: Қыдыр ата, Наурызгүл ұрланды. Наурыз жігіт қапалы шығар. Енді Наурыз жігітке мына жұрт көмектесетін шығар.Қалың малын жинап беретін шығар.
Қыдыр ата: Ия, дұрыс, дұрыс! Қалың мал жиналсын.
Ортаға екі бала шығып қоржынмен көрермендерден тиын- тебен жинайды.
Музыка ойналып көңілді Наурыз жігіт келеді.
Наурыз жігіт: Амансыз ба Қыдыр ата!
Ұлыс оң болсын!
Наурыз құтты болсын!
Ата менің Наурызгүлімді көрмедіңіз бе?
Қыдыр ата: Уа, жігітім қайда жүрсің? Менің немерем Наурызгүлді Дәу ұрлап алып кетіпті., ақысына қалың мал сұрап жатыр. Віз сен келгенше оны жинап та қойдық. Міне, ала ғой, немеремді құтқар.
Наурыз жігіт: Ендеше, ата, батаңызды беріңіз.
Қыдыр ата Наурыз жігітке батасын береді.
Наурыз жігіт шығып кетеді.
Жүргізуші: Қыдыр ата, сіз біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Дастархан».
Би: «Тор жорға»
.
Музыка ойналып бақыт құшағына бөленген Наурызгүл мен Наурыз жігіт келеді.
Наурыз жігіт: Көрермендердің, балалар сендердің көмектеріңнің арқасында Наурызгүлді құтқарып әкелдім. Сіздерге көп-көп рахмет!!!!!
Наурызгүл: Менің сендердің орталарыңа қайта келгеніме өте қуаныштымын. Сіздерге көп –көп рахмет! Менің кішкентай сіңілілерім қайда ? Тойды ары қарай жалғастырмаймыз ба?
Жүргізуші : Мың бұралған арулар билеп басып,
Міне, ортаға келеді билеп басып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
Би: Боз інген.
Жүргізуші: Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер,- дегендей Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді.
Ән : «Дос болайық бәріміз».

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста