Сабақтар

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегі қойылымы (1-сынып оқушылары)

  • «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегі қойылымы (1-сынып оқушылары)

    «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегі қойылымы (1-сынып оқушылары)

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегі қойылымы (1-сынып оқушылары)

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру, берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау және есте сақтау ойлау зейін қабілеттерін дамыту сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету. Ойын арқылы шапшаңдыққа ептілікке баулу. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке адал достыққа тәрбиелеу. Оқушыларды қазақша жыл санау ретімен таныстыру. Оқушылардың есту, есте сақтау дағдыларын жетілдіре отырып, эстетикалық әсермен қатар өнерге деген қызығушылығын дамытуда бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: ертегі мультфильмі, жануарлар шарлар.


Жүргізуші: Бұрынғы ерте заманда хайуандар жыл басына таласыпты. Бұл оқиға былай болған екен... Орман ортасында ұйықтап жатқан қоян есінеп, ұйқыдан жаңа оянғандай, жан- жағына қарап, біреулерді іздейді. Сол сәттен бастап ешкімді көрместен өзімен -өзі билей жөнеледі. Қоянның билеп жүргенін көрген орманның түрлі хайуанаттары жиналады. Оларда билеп қоянға қосылып кетеді. Бидің аяғында сағаттың соққан дыбысын тыңдап тұрып қалады. «Бұл не? Иә, бұл – келе жатқан жаңа жыл ғой. Ал, жыл басы кім болады». 


Қоян: Қардай аппақ қоянмын, Жазда сұрға бояндым, Жылды өзім бастайтын боп, Тәтті ұйқыдан ояндым. Сол түсімде , сен болшы деп, Бәрің мені сұрадың, Не? Таңдана қарайсыңдар? Соған билеп, қуандым. Жүргізуші: Жыл басы тек мен болам, деп хайуандар таласты. Өз - өздерін мақтаумен, айтыстары жарасты Жануарлардың бірінші хоры: Жылды қарап тұрайық, ойын – сауық құрайық. Таңды бұрын көргенді, жыл басы деп ұғайық. Жүргізуші: Ормандағы ашық алаңға жайланып жайғасқан хайуанаттардың әр қайсысы жыл басы болуды қалап: «Неге мен емес? Мен кімнен кеммін?» деген өзара талас басталады. Маңғаздана асықпай басып, ортаға алдымен Сиыр шығады. Сиыр: «Мө» деп мөңіредім Молшылық төңірегім Жыл басы боламын деп Ертерек келіп едім Көгалда тұрағым Дайын тұр құрағым Етіммен, сүтіммен Адамға ұнадым.



 Жүргізуші: Бір кезде ортаға жылқы шауып келіп, өзін мақтай бастайды. Жылқы: Алысқа шауып барамын. Адамның бабын табамын, Пайдасы мол жылқының. Жыл басы мен боламын, Әсем десең әсеммін, Кең далада көсіліп, Самал желдей есемін. Жүргізуші: Түйе ішінен «Мен бәрінен ақылды да сұлумын, бойым да биік, жыл басын тек мен бастауым керек» деп жан жағына менсінбей, кербездене қарайды. Түйе: Түйе, түйе түйемін, Жануармын киелі Кім таласар бойыма Жыл басына иемін. Жан – жағыма қараймын Күн мен түнді санаймын. Мен өзімді даланың Кербезіне балаймын. Жүргізуші: Түйенің сөзі аяқталысымен қаһарлана ырылдап, ортаға Барыс шығады. Барыс: «Ырр, ырр» барыспын, барыспын, Бәріңе де таныспын. Айналама сыйлымын,сыйлымын, Сезімсізбен алыстым, алыстым. Күшіме сенемін, бәріңді де жеңемін. Жыл басы болуға шіреніп келемін. Ұлу: Ұлу деген мықтымын, Жарқын – жарқын шықты үнім. Ойым озар өзімнен, ақыл, ой бар сөзімде. Үйім бірге өзіммен, сабыр етем төзіммен Күш пен көріп құлпырар салиқалы сөзімде. Жүргізуші: Мір мезетте ортаға маймыл секіріп шығып, бәрін мазақтай бастайды. Ол жыланға келіп тиіседі. Жайбірақат жатқан Жылан шағып алғысы келеді. Маймыл сәл кідіріп, қайтадан мазақтауға көшеді. Басқа жануарлар екеуінің таластарын бақылап тұрады. Ақылды жылан соңында маймылмен татуласып, екеуі билей жөнеледі. Жылан мен маймылдың биі ( музыка) Жылан: Жыл басына лайық сұлу жыланмын, Күштімін де, жылдам десе жылдаммын. Шағады деп бекер жала жабады, Адамды мен умен емдей аламын. Маймыл: Эй, достарым, бекер дауды қойыңдар, Бір шындықты қайсың болсаң мойында, Бәріміздің ішімізден - мен ғана Ұқсаймын ғой, ұқсаймын ғой адамға. Қой: «Бә,бә,бә» мен қоймын, көк шөпке тойдым. Жыл басы болуға кетіп тұр ойым.


Қараңдаршы қандаймын, аппақ болған таңдаймын. Жыл басына ылайық, жарқырап тұр маңдайым. Тауық: «Қо,қо, қо, қоқ» жыл әлі неге жоқ. Жұмыртқамды жеген соң, барлық бала тоқ. Құрт – құмырсқа жемтігім, жоқ ешбір кемтігім. Бәрінде бос мақтанып, шаршамаңдар ентігіп. Ит: Абалап үремін, үйді қарап жүремін , Адамның көмекші, досының бірімін. Ит болған соң үремін, Сергек өмір сүремін. Жеті қазынаның бірімін, Адамды қорғап жүремін Жануарлардың екінші хоры. Тышқан қулық ойлайды, шиқ-шиқ етіп қоймайды, Шығып алып түйенің өркешімен ойнайды. Доңыз: Қорс, қорс етемін, Қорсылдақпын онсы рас, Жылдың басы мен болмасам, Сонда өзі кім болмақ? Мен адамды мазалап, сұрамаймын тұнық су, Тамақты да талғамай жей беремін хрю-хрю. Жүргізуші: Түйе мойнын созады, мен болам деп жар салып. Тышқан одан озады, жылды алғаш қарсы алып. Тышқан деген батырың, таңды көзбен атырды. Төбесінен түйенің жылды көріп қатырды. Тышқан: Алақай, алақай, күнді көрдім алақай. Қулығыммен, ақылыммен бәрін жеңдім алақай.(2 рет) Жүргізуші: Барлығың да қараңдар, енді үйге тараңдар, Жылды көрген тышқанды жыл басы деп санаңдар. Сол кезден бері жылды Тышқаннан кейін Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық , Ит, Доңыз көрген екен. Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап, ештеңені түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр алақан қалыпты. Жануарлардың соңғы хоры. Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, Мешін, тауық, ит, доңызды санап, жаттап біліп қой. Жан жануарлар достық пен сыйластықты, ақылдылықты, тапқырлықты мойындап әнге қосып, би билеп, жаңа жылды тойлаған екен.( Бәрі билеп,сахнадан кетеді)


Алтынбекова Балжан Турилбековна


Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы


 «С.Сейфуллин атындағы ЖОМ» бастауыш сынып мұғалімі




Көрілген: 2287    Пікірлер: 0

жұма, 05.01.2018, 14:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым 2015
    Қош бол, балабақшам!
    19 Мамыр 2015
    Алтын күз
    4 Мамыр 2015
    Ойтолғау
    27 Сәуір 2015
    Желілі ойын
    22 Сәуір 2015
    Сын есім
    14 Сәуір 2015
    «Жай сөйлем»
    20 Наурыз 2015
    Фотосы бар материал Ана құшағында
    18 Наурыз 2015
    Су асты тіршілігі
    17 Наурыз 2015
    Нан туралы өлең
    10 Наурыз 2015
    Жер әлемі
    3 Наурыз 2015
    Жұрнақ пен жалғау
    1 Наурыз 2015
    Аналар мерекесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31