Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру


Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Голощекиннің Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы саясаты, «Ұлы нәубет», күштеп ұжымдастыру оның зардаптары туралы түсінік беру арқылы, оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс, дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыру,еркін ойын айта білу мен сөйлеу мәдениетіне баули отырып, сол кездегі қазақ халқының басына төнген ауыр қасіреттен шығудың жолын іздеген ел азаматтарының істерін үлгі етіп патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа форматтағы сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ЖИГСО, сұрақ - жауап, ,тестпен жұмыс.
Көрнекі құралдар: презентация, карта, бейне ролик, түсіндірме сөздік.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Дж тарихы,география
Бүгінгі сабағымыздың қанатты сөзі: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ» Н.Ә.Назарбаев
Сыныпты 2 топқа бөлу: Асық арқылы топқа бөліп отырғызу, сыныпты жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың барысы: сабақ үш асудан тұрады:
І. Қызығушылықты ояту: І асу («Сандар сөйлейді», «Тұлғаны таны» , «Білімге жорық» тәсілдері арқылы слайдтағы тапсырмаларды орындайды )

ІІ. Мағынаны ажырату: ІІ асу Жаңа сабақтың жоспарымен таныстыру:
1. Ұжымдастыруға дейінгі қазақ ауылы
2. Ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру
3. Асырасілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет (Ұлы жұт)
4. Шаруаларды жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы сталиндік үлгінің зардаптарына қарсы күрес
Жаңа сөздерге түсінік беру:
Ұжымдастыру – шағын шаруа қожалықтарын ірі ұжымдық шаруашылыққа біріктіру. 
Коммуна – мүлік және еңбек бөлісіне негізделген, бірігіп өмір сүретін адамдар ұжымы (өндірісті қоғамдастыру).
Кооперация (лат. ынтымақтастық) – ортақ мақсатты жүзеге асыру үшін адамдардың өзара бірігіп жұмыс істеуі. 
Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын құрал-саймандарды біріктіру.
Колхоз ( коллективное хозяйство) – ұжымшар.
Декрет – бір мәселе бойынша жоғарғы өкіметтің заң күші бар қаулысы.
Жигсо әдісі бойынша әр топқа тапсырма беріп(постер құрастыру), ережесімен
таныстыру: әр топқа тақырыппен танысуға 3мин, басқа топқа түсіндіруге,талқылауға 3 мин, қорғауға 3мин. уақыт беріледі.
1. І топ: Ұжымдастыруға дейінгі қазақ ауылы
2. ІІ топ: Ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру

 

3. І топ: Асырасілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет (Ұлы жұт)
4. ІІ топ: Шаруаларды жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
5. V топ: Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы сталиндік үлгінің зардаптарына қарсы күрес
Топтар тақырыпты талқылап болған соң әр топтан 1 хабарламашы сайланып келесі топқа түсіндіреді,соңында берілген тапсырманы постер арқылы қорғайды. («не білдік?, «не үйрендік?», «не үйретеміз?»)
ІІІ. Ой толғаныс: ІІІ асу:
1. Голощекин Қазақстанды қай жылдары басқарды?
2. Ұжымдастыру алдында қазақ ауылының жағдайы қандай болды?
3. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру салдары қандай?
4. 1930- 1932 жылы елдегі аштықтың зардаптары қандай?
5. Елдегі жағдайды айтып, Голощекинге хат жазған бесеуді атаңдар?
6. Ұжымдастыруға қарсы шаруалар қарсылығының ауқымы мен сипаты қандай?
Тест жұмысы әрт топқа беру 3 мин.орындау
Рефлексия: «Бүгін мен білдім...», «Қызық болды...», «Қиын болды...», «Мен түсіндім», «Мен болашақта...» өз пікірлерін айту, қорытынды жасау.
Бағалау: Әр топ басшысынан бағалау парағын жинап алып, қорытынды бағасын қою.

Калиева Гульнар Ермековна
Құлынжон ауылы.
«Казнаковка орта мектебі»КММ
Тарих пәнінің мұғалімі.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста