Қош бол, балабақшам!

Қош бол, балабақшам!


Астана қаласы
№63 «Әсем-Ай» балабақшасы
Музыка жетекшісі: Р.М. Нұрымбетова
Тәрбиеші: Б. А. Канакбаева


Аяулым: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар! Міне, кішкентай сәби кезімізден бастап осы «Әсем-ай» балабақшасында тәрбиеленіп, жылдар мен күндерді бірге өткізіп, осында өсіп ер жетіп, бүгін өмірге үлкен жолдама алып, мектепке барғалы жатырмыз.
Алемгер: Әріптерді танып, қалам ұстап жаза бастаған сәттен бастап, осы балабақшамызда тәлім -тәрбие алып, өмірлеріміз шат күлкіге толып, неше ертеңгіліктер мен мерекелерді өткердік.
Инара: Бүлдіршіндер еді, балдай тәтті тілдері
Енді міне, мың құлпырып түледі,
Күлген кезде жүздерінен күн көрдік
Азамат болып өскенін біз тіледік.

Әділ: Балғын шақта бізге келген балалар,
Жетті міне табандарын тағалар
Қоштасу сәт жақын қалып бақшамызда
Көңілде мұң, толар бүгін көздер жасқа

Бірге: - Ортаға ‘‘ Әсем ай’’ балабақшасының түлектерін шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

ДЕФИЛЕ
Музыка естіледі. Балалар залға кіріп жартылай шеңберге тұрады.Ортаға 4 бала шығады.

Әділ: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Ақындардан арыдан
Сиқырлы сөз дарыған
Даярлық топ балаларын
Балабақша таныған

Әдия: Келіңіздер! Көріңіздер!
“Қоштасу” балабақша кешінде
Өнер қарлығаштары
Қалқып ұшып барады
Мектеп ұя ішіне
Қимастықпен қарайды
Тәрбиеші түсіне

2
Алемгер: Армысыздар, құрметті біздің қонақтар!

Инара: Армысыздар, аяулы біздің апайлар!


Әділ: Құшақ жая алады сіздерді қарлығаштар.

Әдия: Өлең, ақыл, әндер бүгін айтылар!

Алемгер: - Ендеше “Қош бол, балабақшам!” атты соңғы тойымызды дәстүрлі вальспен бастауға рұқсат етіңіздер!

Инара: - Қабыл алыңыздар!

Би “Вальс”.
Балалар 4 - қатарға тұрады.
Мухаммеджан: Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық.

Аяулым: Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше

Саттар: Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып би- билеп,
Жалғастырсын ойды – да.

Ән “ Ай – хой, тамаша!”

Амир: Бақшам менің айтар әнім,
Сан рет қайталадым
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын.

Жания: Біз балалар бағында,
Тұрамыз өте көңілді.
Көп болсақ та достықпен,
Өткіземіз өмірді.

Санжар: Бағында құстай сайрадым, 3
Қырында гүлдей жайнадым.
Қымбатты бақша бесігім,
Тербеттің мені сонша күн.
Айғаным: Үйренеміз жақсы ән біз,
Үйренеміз биді де.
Біздің балабақшамыз,
Осындай шат үй міне.

ӘН “ Балабақша бағында”.
Балалар отырады. Ортаға бір бала шығады.
Санжар: Бал достықтың ұясы
Біздің балабақшамыз
Бір – бірімен ойласқан
Татумыз біз баршамыз!

Мадина: Дұрыс айтасың, Амир.
Біз балалар бағында,
Тұрамыз өте көңілді.
Көп болсақ та достықпен
Өткіземіз өмірді.

Диас: Амир, Мадина.
Тәрбиеші апайларымыз қайда?
Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен.
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен.

Арайлым: Дұрыс айтасың, Диас.
Тәрбиеші апайымыз
Көп нәрсені үйреткен,
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды.
Бойымызға сіңірді,
Көптің қамын ойлауды.

Әділ: Мен білемін, балалар! Тәрбиеші апай бізді қимай жүр. Барып өзіміз тәрбиеші апайымызды ерітіп келейік.

Музыка естіледі. Балалар тәрбиеші апайын ерітіп кіреді, гүл ұсынады. Балалар 4 – қатарға тұрады
.
Абылай: Балғын шақта келіп едім, 4
Бал қызыққа еніп едім.
Тағдырымның билігінде
Сеніп сізге беріп едім.

Әділхан: Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс

Алишер: Біз балдырған баламыз,
Оттай лаулап жанамыз.
Бейбіт таңда бас қосып,
“ Тәрбиеші” әнін саламыз.

Ән “ Тәрбиеші”

Күмісай апай: Татулық – шаңырақ шаттығы,
Ынтымақ – көңілдің пәктігі.
Әндерің қандай әсерлі,
Рахмет, балалар сендерге.

Айгүл: Айналайын, балалар!
Алдарыңда мектеп – ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер, даналар.

Күмісай апай: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың

Айгүл: Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.

Алибек: Мектепке ертен барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.

Аружан: Қуантып әрі қинайды,
Бақшамнан алыс кеткенім.
Қажетті ғой бірақ білімнің,
Теңізі мен өткенім.

Жақсылық: Үлкендердей тап – таза,
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
5
Арсен: Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біз мектепке барамыз.

Ән “Біз мектепке барамыз”.
Балалар отырады.
Күмісай апай: Баяғы заманда хан мен ханшайым өмір сүріпті.
Музыка естіледі «залға» Хан мен Ханшайым кіреді.
Ілияс: Құлыным менің, неге жылап тұрсың? Әкеңе айтшы не болды?
Адина: Үйде жай отырып жалықтым,айнаға қарап киім ауыстырғаннан шаршадым... Жұмыс істегім келеді!
Ілияс: Қайтадан бастадың ба?Ханшайымдар жұмыс істегенін қайдан көрдің? Басқа хандар күледі ғой.
Адина: Ішім пысты!Бәрібір жұмыс істегім келеді.
Ілияс: Ай, ерке қызым менің! Сен жұмыс істеп көрген жоқсың ғой,қолыннан қандай жұмыс келеді?
Адина: Бәрібір осылай қалап тұрмын.
Ілияс: Жарайды, жарайды саған оңай болатын қандай жұмыс берейін?
Адина: Мен балабақшаға барып жұмыс істеймін.
Ілияс: Қызым жақсылап ойланшы,мүмкін істемейсің? Қолыңнан келмесе ше?Ал кім боласың ол жақта?
Адина: Бәрібір емес пе? Көмекші боламын! Не қиындығы бар дейсің? Еденді жудың, балаларға тамақ бердің, жатқыздың.
Ілияс: Менің қызымның еден жуғанын кім көріпті?! Бұл сұмдық қой!!!
Адина: Ааа! Көмекші болғым келеді.
Ілияс: Жарайды, бірақ алдын ала істеп көрейік! Күзет, бері кел! Менің ханшайымым дайындалмақшы, керекті заттарды тез
әкеліңдер! (үстел,швабра,горшок,слюнявчик,тарелка,қасық ) Сендер бүгін кішкентай бала боласыңдар! Түсіндіңдер ме? Қызым дайынсың ба? Бастаймыз.
Адина: Әкешім, бәрі дайын! Жұмысымды қабылда!
6
Ілияс: Қызым-ау, жаман емес сияқты!
Айгүл: Ұлы мәртебелім, бұл не дегеніңіз? Біздің көмекшілер солай жұмыс жасай ма? Олар дастархан жаяды, жинайды, ыдыс жуады, тіпті тәрбиешілерге де көмектеседі. Біздің балалар да олардан бәрін үйреніп алған, көмекшілерге көмектесе алады. Көргіңіз келе ме?
Ойын «Үстел даярлау»
Ілияс: Бәрін түсіндік! Көрдің бе қызым? Мұндай қиын жұмысты істей алмайды екенсің.
Адина: Бәрібір балабақшаға барғым келеді! Барамын! Барамын! Олай болса тәрбиеші болып барамын, не қиындығы бар дейсің, сабақ өткізесің, балаларды тәрбиелейсің...Тәрбиеші болғым келеді! Күзет керек заттарды әкеліңдер! Мен жаттығып көрейін.
(Күзетшілер үстел, орындық, тақта әкеледі,х-ш кітаппен укасканы қолына алады)
Адина: Қазір ана тілі сабағы болады, мен жаңылтпаш айтуды үйретемін!
Алемгер: Лағыл тасын көрдің бе?
Ломбардқа оны бердің бе?

Мухамеджан: Лама жайлы білдің бе?
Лана гүлін тердің бе?

Адина: Бәрі түсінікті болды, сіз түк білмейді екенсіз. Олай болса сізбен сурет сабағын өткізейік. Бүгін сендерге әкемнің суретін салуды үйретемін, қарап, еске сақтаңдар!
Күмісай апай: Бұл қандай сабақ өзі? Кім бұлай өткізеді сабақты?
Адина: Мен де соны айтам. Мыналарға қараңызшы, түкте істей алмайды ғой.
Айгүл: Сабақты қызықты да, пайдалы өткізу үшін, тәрбиеші өзі көп білу керек. Сол кезде ғана бірдеңе үйрете аласың! Мысалы, біздің балалар көп біледі, есеп шығаруды да біледі, қараңыз!
Жүргізуші: Ал, кәнекей, қараңдар!
Неше алма санаңдар
Табақта екі алма,
Қолымда үш алам
Қосқанда барлығы неше алма? 5
------ 7
Алшаға кеп күнара
Қонушы еді үш ара
Бүгін төрт туысың
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды неше ара? 7
-----
Бір алманы бөлдім
Бір бөлігін жеп те көрдім
Қалған үш бөлігін
Қасымдағы үш досыма бердім
Қолымда менің неше қалды? 0
-------
Көлшіктегі бір бақа
Құрғақтағы бір бақа
Сұрша құмда бір бақа
Аузын ашты бір бақа
Арық емес көк бақа
Топ-толық бір тоқ бақа
Тарбандаған тасбақа
Бақылдайды бақ-бақ деп
Бақа санын «тап-тап» деп! 6

Күмісай апай: - 2 таяқ, 2 таяқ болады бәрі неше таяқ?
Балалар - 4 таяқ! Бәлеміз оны айтпаяқ.
Би «2*2=4»
Адина: Бәрібір балабақшаға барамын!
Ілияс: Қызым-ау! Қойсаңшы, қолыннан келмей жатыр ғой! Мен сияқты қарт кісіні ұятқа қалдырмасайшы!
Адина: Жарайды! Тәрбиеші болған қиын екен,онда мен ән жетекшісі боламын.Не қиындығы бар.Отырып бір саусақпен пианинода ойнап,өлең айт,ал мен ән салғанды жақсы көремін.
Ілияс: Қарағым менің ,сен үшін шет елден әншілерді әкелдім.Соларды тыңдашы,олар дайын отыр.
Ағылшын тілінде ән
Адина: Сонда да ән жетекшісі боламын бірақ әнді махаббат жайлы айтамын! Күзет керек заттарды тез әкеліңдер! Мен жаттатқызып көрейін.

8
Адина: Ал, махаббат туралы ән білесіңдер ме? Онда ән салындар, мен сендерді басқарып тұрайын!
(Күзетшілер айғайлап ән сала бастайды.)
Алемгер: Атамның иті бар еді
Ол оны жақсы көрді.
Игигай-игагай
Ол оны жақсы көрді.
Адина: Сендер не айтып тұрсындар? Махаббат жайлы ән дедім ғой, түсінікті ме? Бастайық кәне!.....
Мухаммеджан:

 

Адина: Неге түсінбейсіңдер? Сендерге ештеңе үйретуге болмайды!
Айгүл: Несіне таң қаласыз? Өзің істей алмасаң,басқаларды қалай үйретесің? Ал біздің балалар ән сабағында өлеңде айтып,би де билеп үйренеді.
оркестр
Ән «Кораблик детства»
Би
Ілияс: Қызым, айттым ғой саған болмайды деп.
Адина: Бәрі бір жұмыс істеймін! Мен білемін қайда баратынымды! Асханаға барамын.
Ілияс: Қайтадан ба? Енді аспазшы боласын ба? Саусақтарын кірлеп, қолдарын қараядығой.
Адина: Асханаға барғым келеді! Не картоп аршып, сорпа пісіре де алмайды дейсіндер ма? Тым болмаса сэндгвич пен хотдог жеймізбе балалар?
Балалар: Ияяя!
Адина: Сен мен пісірген тамақты жеп көресің. Бастайық, кәнекей дәмін татып көр. Кәнекей бері кел! Әкешім олар мені неге тыңдамайды? Мен әзірлегенді неге жегісі келмейді?
Ілияс: Менің ойымша олар ұзақ өмір сүргісі келеді.

9
Күмісай апай: Сіздердің қолдарыңыздан түк келмей жатыр. Егер біздің балаларды осылай тамақтандырғанда, олардың түрлері қандай болатынын айтуға қорқамын. Сіз қараңызшы біздің балалар қандай әдемі, көрікті, күшті, сұлу, тамақты да жақсы жейді.
Ритмика
Адина: Қолымнан келмей қалыпты. Асханада шынында қиын екен. Мен медбике болып істеп көрейін. Балаларды бинтпен орап, зеленка жағып, дәрі ішкізіп укол салып тастаймын! Ешқандай қиындығы жоқ, жаттығудың да қажеті жоқ.
Ілияс:+ жүргізуші: Қатаң түрде болмайды! Бұл жерде білімің жоқ болса өте қауіпті. Саған да, балаларға да.
Адина: Олай болса мен меңгеруші болып жұмыс істеймін, одан басқа қолымнан түк келмейтін сияқты.
Ілияс: Мен келісемін! Мына мінезіңмен ешкімге тыныштық бермейсің. Сонда да байқап көрейік! А?
Адина: Алақай, меңгеруші боламын! Күзет керекті құралдарды алып кел!Дайындаламын.(Калькулятор, көзілдірік, қалам, ремень, пряник)
Қазір сіздер бала емес тәрбиеші боласыздар. Дайындалыңыздар.(Бастаймыз)
Музыкамен ханшайым қол шапалақтап, ал күзетшілер қолдарын артына қойып айнала жүреді.
Адина: Тезірек, көңілдірек, тартымдылықпен жүреміз!
Айгүл: Тоқтаңыздар, тоқтаңыздар! Бұл сіздерге цирк емес қой. Меңгерушінің жұмысы жауапкершілігі мол жұмыс. Барлық іске жауап береді, сондықтан көп біліп, көп істеу керек.
Ілияс: Мен өз қызыма керемет ұстаздарды әкеле алмаймын ба? Тек үйренсе болды! Ақылды болса болды! Ал сіздерге алғысым шексіз, қызыма сонша нәрсе үйреттініздер.
Күмісай апай: Міне балалар сендердің білімдерінді тексере отырып, мектепке дайын екендеріне көзім жетті.
Алемгер: Мектеп-кеме,білім-теңіз
Барар жерге тез жетеміз
Адаспаймыз ұлы жолда
Әліппе бар біздің қолда.
10

Мадина: Бала-бақша ойнатты
Ойнатты да,ойлатты
Мектептің бар сырына
Тереңірек бойлатты

Жания: Тойлай тұғын келді күн
Өлең айтам мен бүгін
Қателессем күлменде
Мазақ етіп жүрмендер

Амир: Мақтай тұғын болыңдар
Қолды қатты соғындар
«Сәлем саған мектебім»
Хормен айтып беремін
Ән «Сәлем саған мектебім»
Аяулым: Аяулы, түлектер! Бүгін ең соңғы мерей тойымыз.Сендерге 5 жыл бойы қамқорлығын көрсетіп, жақсылыққа үйретіп, тәрбие берген балабақша ұжымы келіп отыр. Сол кісілерге жақсы лебіздерімізді білдірейік.
Әдия: Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Балабақша анасы
Барлығы оның баласы
Анар Долдабекқызы құдай сізді қолдасын
Қыдыр баба бақыт сізге жолдасын
Ал мен сізге гүлімді сыйлаймын
Және биімді арнаймын.

Аделя: Бара қалсан алдына дұрыс жолды сілтеген
Жүзіне қарасаң-деп тұрады гүлдетем
Гүлдемесе қалай бар күндер
Әдіскер апайлар үндеген.

Диас: Топты жинап жүреді
Балалармен күледі
Ауыстырып төсекті
Тазалықты сүйеді
Гүлназ апайды
Барлық бала біледі.

« » би.

11
Әділ: Еңбекпенен,талаппен
Әрбір күнін ән еткен
Балаларға Роза апай
Ән айтуды,би билеуді үйреткен.

Инара: Келгенде алғаш бақшаға
Билеуді бізге үйреткен.
Өзің жайлы тақпағым
Өзім жайлы әнім де
Данагүл апай арнаймын сізге бәрін де.

« » би.
Айтуар: Жанымызды жайнатып
Өсірген біздің бақшамыз
Достар қияға талай шығармыз
Ал,енді бала-бақша ұжымына
Бәрімізден мың алғыс

Арайлым: Иә, келгенде алғаш бақшаға
Білмеуші едік әріп те
Енді біз оқи білеміз
Әріпті қосып әріпке
Ал,балалар тұрмайық
Бала-бақша ұжымын
Би – шашумен сыйлайық

« NOSSA » би.

Жүргізуші: Міне, балабақшадағы сендердің ең соңғы ертеңгіліктерің аяқталуға айналды. Қоштасатын сәт келді.
Аяулым: Біздер жеті жастамыз
Сәбиліктен асқанбыз
Мектеп бізді шақырды
Қош бол әлем бақшамыз!

Айтуар: Талай-талай баспалдақты аттармыз
Ата-ананың үмітін де ақтармыз
Бала-бақшам сенен алған ақылды
Есімізде өмір бойы сақтармыз

Бәрі: Ризамыз саған біз!

12
Ән « Қош бол,бала-бақша!»

Ризамыз саған біз!
Аяулы біздің бақшамыз!


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста