Қош келдің, әз Наурыз!

Қош келдің, әз Наурыз!

КМҚК «Балбөбек» балалар бақшасы
Орындаған тәрбиеші:
Мүсірет Айнұр

Әз Наурыз
1- жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, балалар, қонақтар көптен күткен «Наурыз» жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз-мұсылман қауымының ұлттық мейрамы. Наурыз -жыл басы.
2-жүргізуші: Наурыз-ұлыстың ұлы күні. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні келді, достар! Той құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
1-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайыңнан сүйіп жатыр күн- көктем.
Жарығымен, шуағымен Күн-Ата,
Алып келді жер бетіне гүл дала.
Осыншама жақсылық алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып, ақ жүзің.
2-жүргізуші: Армысыздар, балалар,
Армысыздар, халайық,
Шегі жоқ бұл даңқымыз,
Бақыты үшін халқымның
Ақ пейілмен, дос болам,
Құтты болсын наурызым.
1-жүргізуші:Балалар бізге қонаққа Қыдыр ата келіп тұр.
Қыдыр ата: Амансыңдар ма, балаларым, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
2-жүргізуші: Балалар сендер қазақтың ұлттық ойынын білесіңдер, соның бірі «Асық ату». Қане, сол ойынды ойнап жіберейік.
1-жүргізуші: Қызыл дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
Салтанатты сәніміз
Би билейік бәріміз.
Қане, ортаға шығып, қара жорға биін билейік.
2-жүргізуші: Осы тойға келгеніміз жақсы болды. Үлкендердің батасын алып, тұсау кесер тойына куәгер болайық. Ауылдың қарт әжесі сәбидің тұсауын кеседі.
Тәй-тәй тұрдың, бастың қадам алғашқы,
Бір адымға бір адым кеп жалғасты.
Жүру үшін саған біткен екі аяқ,
Өзіңді алып, бірінші рет жол басты.
1-жүргізуші:
Тәй, тәй қаздан бас,
Бір, екі, үш аздан бас.
Тәй, тәй тартың ба
Қарама артыңа
2-жүргізуші:
Ойын ойнап, ән салмай ,
Өсер бала бола ма?
Балалар, «арқан тарту» ойынын ойнайық.
1-жүргізуші:
Балалар қандай тағы ұлттық ойын білесіңдер?
Балалар: Қыз қуу
2-жүргізуші:
Дұрыс, ендеше қыз қуу ойынын ойнайық.
1-жүргізуші:
Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе.
Ырысты болып жаңа жыл
Бақ қосылсын бәріңе,
Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман-есен жетейік
Келер «Наурыз» тойына.
Қадір ата бата береді.
2-жүргізуші:
Дастархан-ау, дастархан,
Мерекелі дастархан-дей келе наурыз дастарханымыздан ауыз тиюге шақырамыз. Тойымыз тойға ұлассын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста