Сабақтар

Менің тұңғыш Президентім!

  • Менің тұңғыш Президентім!

    Менің тұңғыш Президентім!

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!


Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. 2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. 3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта


Түрі: тәрбие сағаты


Сынып сағатының барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық әзірлік.


Тәрбие сағатының тақырыбын ашу


Елбасы сендердің ойларыңмен қандай адам?(ақылды,сыпайы,сабырлы,шығармашыл,ізденімпаз,тәрбиелі,салтымызды білетін,тілді жақсы меңгерген) Слайд арқылы түсіндіру - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі. II. Тақырыбы, мақсаты 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан Президент күніне арналады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу. Балалық шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».


Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы. 1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды. 1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған. Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.


Рухани жаңғыруға тоқталу.


Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.


Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.


Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.


Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.


Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.


ҚОРЫТЫНДЫ


Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.


Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.


Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.


Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.


Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін.


Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.


«Кім көп біледі?» ойыны


1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев) 2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы) 3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған) 4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке) 5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия) 6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам) 7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.) 8. Қ. Р - ның Мемлекеттік рәмізі қай жылы бекітілді?(4 маусым 1992ж.) 9. Қай жылы ұлттық теңгеміз енгізілді?(15 маусым 1193 жылы.) 10. Қ. Р - ның астанасы қай қала?(астана) 11. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.) 12. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.) 13. Ата Заң деген не?(Мемлекеттің негізгі заңы.)


14. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.) 15. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?(әнұран, ту, елтаңба.) 16. Мемлекеттік туда не белгіленген?(күннің көзі, қыран, ою) 17. Қ. Р - ның туының түсі нені білдіреді? 18. Мемлекеттік рәміздердің авторларын білесіңдер ме?(әнұран: Н. Ә. Назарбаев, Қалдаяқов, Нажмиденов, елтаңба: Уалиханов, Малибеков.) 19. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?(9 орында) 20. Қ. Р - ның ұшқыштарын атаңдар?(Т. Аубакиров, Т. Мусабаев.)


ЕЛБАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАҚПАҚТАРЫН АЙТАДЫ


Мансур Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн Артта қалды бодан болған азап күн Елім, жерім қазағым деп тебіренем Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын. Баян Қазақ елі желбіреп көк байрағың Гүлге оранды ауылың мен аймағың Нұрсұлтаның биіктерге бастады Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын


Бекжан Тұратұғын болашақтың үні кеп Т артылар күй айтылатын жыры көп Ерекше бір еркіндейік, бауырлар Басшымыздың бүгін туған күні деп Азат Әнге толсын барлық қала ауыл бар Қағылсын бір барабандар, дабылдар Елбасының туған күнін ардақтау Бәріміздің борышымыз, бауырлар


Әсем Қазақстан – кешегі әз әуен, Қазақстан – бүгінгі ғажап үн. Қазақстан құшқан кеудесін ғасырлар, Қазақстан – қастерлі қазағым


Ауыр күнді артымызға тастауы –


Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.


Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,


Елбасымыз Нұрағаңның бастауы


Туды ұстап тура жолға түсіріп,


Жас Отанның өмірін де түсініп,


«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,


Бір керемет жасады-ау кісілік!


-Балалар мынау не? Ағаш


-Бұл жай ағаш емес алма ағашы екен.Осы алма ағашына алмаларын қойсақ өте әдемі болар еді


-Ол үшін сендер «Егер мен Елбасы болсам...» не істер едіңдер соған өз ойларыңды жазып орналастырасыңдар.Оқушылар өз ойларын жазады.


Өте жақсы енді бізге бүгінгі тәрбие сағаты ұнаса алдымыздағы бес саусақты таңдап Елбасына, Елімізге тілектер жазамыз.(денсаулық тілеймін)


Ән) «Тәуелсіз елдің ұланымын»


Қортынды: Ал балалар,ұстаздар мереке құтты болып тұғырымыз биік,Елбасымыз аман,бейбіт елдің қыраны самғай берсін.


Жанкебаева Манар Какешовна


ШҚО, Көкпекті ауданы, Белое ауылы

«Октябрь мектеп – балабақша кешені» КММ


Бастауыш сынып мұғалімі


 


 




Көрілген: 589    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.12.2017, 16:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым 2015
    Қош бол, балабақшам!
    19 Мамыр 2015
    Алтын күз
    4 Мамыр 2015
    Ойтолғау
    27 Сәуір 2015
    Желілі ойын
    22 Сәуір 2015
    Сын есім
    14 Сәуір 2015
    «Жай сөйлем»
    20 Наурыз 2015
    Фотосы бар материал Ана құшағында
    18 Наурыз 2015
    Су асты тіршілігі
    17 Наурыз 2015
    Нан туралы өлең
    10 Наурыз 2015
    Жер әлемі
    3 Наурыз 2015
    Жұрнақ пен жалғау
    1 Наурыз 2015
    Аналар мерекесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31