Сабақтың тақырыбы: Таза болса табиғат, Аман болар адамзат!

Сабақтың тақырыбы: Таза болса табиғат, Аман болар адамзат!

Алматы облысы, Ақсу ауданы.
Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп,
мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қазанбаева Эльмира Сағымбайқызы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қоршаған орта жайлы білім беру,
табиғат адамзаттың еңбек етіп, өмір сүретін
ортасы екендігін түсіндіру.
2. Оқушылардың қоршаған орта, табиғат жайлы
білімдерін кеңейту, табиғатқа деген
жанашырлықтарын арттыру. Шығармашылық
ізденіс арқылы жергілікті жердің табиғатын оқып
- үйренуге дағдыландыру.
3. Табиғаттың байлығын бағалай білуге, табиғатты
сүюге, туған жер табиғатын қорғауға, аялай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, шығармашылық ізденіс, мақал – мәтел, сұрақ- жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Табиғатты адамзат аялаған,
Егін егіп, мал бағып саялаған.
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлықты ешқашан аямаған.
Табиғат - күллі тіршілік атаулысының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі табиғатты қорғауға арналған «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат!» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
ІІІ. Ой қозғау.
1. Табиғат дегеніміз не?
2. Табиғат байлықтарына не жатады?
3. Біз қай ғаламшарда өмір сүреміз?
4. 22 сәуір қандай күн?
5. Табиғаттың тазалығын сақтау үшін, табиғат байлықтарын қорғау үшін не істеуіміз керек. Сендер қандай үлес қосып жатырсыңдар?
6. Экология дегеніміз не?
7. Табиғат тазалығын сақтау үшін қандай үлес қосып жатырсыңдар?
ІV. Шығармашылық ізденіс.
1. Үсенова Айжан. «Табиғатты тарылтпайық» .
2. Абишева Гүлжан. М.Мақатаев «Табиғат»
Балалар, өздерің білесіңдер биыл ауданның құрылғанына 80 жыл толып отыр осыған орай сендер ауданымыздың табиғаты жайлы айтып шығыңдаршы.
1. Ақсу ауданы Алматы облысының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 12,6 мың шаршы шақырым.
2. Климаты континентті. Гранит, мрамор кен орындары бар. Топырағының басым бөлігі сұр, бозғылт сұр. Аудан аумағында Лепсі қорықшасы бар.
3. Ақсу, Бүйен, Басқан, Ақешкі, Қызылағаш өзені.
1 І.Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым»
2. Қ.Мұқашев «Ақсу».
V. Табиғат жайлы мақалдар айту.
VІ. Көрініс. «Табиғат аясындағы сот»
VІІ. Сұрақ - жауап.
1. 1962 жылы 16 маусымда Қазақ КСР жоғарғы кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты.
2. Қазақстанда 10 қорық бар. Жануарларға арналған қызыл кітап 1978 жылы, өсімдіктерге арналған қызыл кітап 1981 жылы жарық көрді.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР 2004-2015 жылдарына арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» жарлығы 2003 жылы 3 желтоқсанда Астанада қабылданды.
4. 1918 жылы өзінде - ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырылды.
VІІІ. Қорытынды.
ҚР Конституциясының 38- бабында «ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген.
Көз алдымда жатты қайран сұлулар,
Қайта оларды тірілтетін кімің бар?
Ей, адамдар тағыларға жем етпей,
Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар - дей келе тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста