Сабақтың тақырыбы: "Туған жерін" əн еткен Ескендір Хасанғалиев

Сабақтың тақырыбы: "Туған жерін" əн еткен Ескендір Хасанғалиев

Макульбекова Меруерт Муратхановна
ШҚО Өскемен қаласы «Көпбейінді №3 мектеп – гимназиясының» музыка пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: «Туған жерін» əн еткен Ескендір Хасанғалиев атты тақырыппен таныстыру
2. Дамытушылық: Оқушылардың орындаушылық және танымдық қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Әр бір өнер иесінің еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Ашық сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих
Сабақтың көрнекі – құралдары: суреттер, музыкалық орталық, компьютер
Сабақтың барасы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа оқу – құралдарын дайындау
4. Оқушыларды топтарға бөліп отырғызу
5. Сабақтың мақсатын түсіндіру
6. Топ басшыларына бағалау парақшасын тарату
7. Бағалау жайлы түсіндіріп өту
8. Топтардың аттарын таңдап, айту

II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Роза Бағлановнаның орындауында «Ах самара городок» әнін тыңдату;
2. Бұл кім болды? Қандай ән тыңдадыңдар?
3. Тақтаға алдын – ала бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қою, үстіне сұрақтарды қойып астындағы жазуларды жасыру.
4. Тақтаға сұрақтарды жасырып қою (10 сұрақ);
Сұрақтар:
1. Шәмші Қалдаяқов кім? Қандай әндерін білесіңдер?
2. Шәмші Қалдаяқовтың қандай атақ – даңқы бар?
3. Қазақстанда эстрада жанры қай уақытта қалыптаса бастады?
4. Эстрада әндерінің дәстүрлі әндерден ерекшелігі неде?
5. Қазақ эстрадасының қалыптасуына ықпал еткен композитор мен әншіні ата?
6. Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әні дүниеге қалай келді?
7. Роза Бағланова деген кім?
8. Роза Бағланованың туған жері, туған күні мен қайтыс болған жылдарын ата.
9. Роза Бағлановнаның атақтары жайлы айт.
10. Роза Бағланова қай елдерде өнер көрсетті?

III.Жаңа материалды меңгерту.

Өмірге келген әрбір әннің тарихы бар. Сұлу ән бар сезімді бойлап, жүректің түкпірінен шығып жүрекке жететіні сөзсіз.
Әннің де естісі бар есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар...
- деп ұлы Абай жырлағандай есті ән елдің жадында мәңгі сақталып, көкірегіне нұр болып құйылады.
Осындай ел-халықтың ыстық ықыласына бөленген қазіргі заман композиторлары Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным», Н.Тілендиевтің «Өз елім», «Сары жайлау», К.Дүйсекеевтің «Сәлем саған туған ел», С.Бәйтерековтың «Сары арқа», Ж.Тұяқбаевтың «Атамекен» сынды көптеген әндерін мақтанышпен айта аламыз. Туған жерге деген қайталанбас туындыны дүниеге келтірген танымал әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні де тыңдаушысының көңілінен шығып, жүрегінен орын тапты. Олай болса, халықтың ән ұранындай болған «Атамекен» әнінің қысқаша шығу тарихына құлақ түрелік.
«Атамекен» әні дархан даланы жалпағынан басып, қалың елдің бауырында өскен нағыз қазақтың баласының жүрегінен шыққан жарқын да жасампаз туынды.
1970 жылы Қазақ ССР-інің құрылғанына 50 жыл толады. Осы мерекені тойлауға үкімет басшыларының қатысуымен өтетін арнайы салтанатты концерт дайындалады. Бұл концертте туған ел, жер туралы патриоттық жаңа ән шырқалуы керек болатын. Ескендір Хасанғалиевтің де аты халыққа танылып қалған уақыты еді. Әнші әрі композиторға туған ел мен жердің рухын асқақтатар ән жазуы жайлы ел басшыларынан ұсыныс түседі. Композитор үшін бұл үлкен жауапкершілік болатын. Ел алдындағы борышым деп қабылдаған Ескендір Хасанғалиев тез арада ән жазуға кіріседі. Әннің әуені дайын болғанда композитор белгілі ақын Қадыр Мырзалиевке сөзін жазуға қолқа салады. Әннің әуенін тыңдаған ақын оның буынына лайық сөзін жазып шығады. Сөйтіп, қазақтың екі өнер майталмандарының пікірі тоғысып, халықтың жүрегінен жол тапқан мәңгі өшпес туынды дүниеге келеді.
Ескендір Хасанғалиев өзінің «Атамекен» әнін алғаш орындағандағы сезімі жайлы былай деп баяндайды:
Республика сарайында үкімет басшылары қатысқан Қазақ ССР-інің құрылғанына 50 жыл толуына орай үлкен мерекелік концерт өтіп жатты. «Атамекен» әнін айтудың да кезегі келеді. Бұл әнімді алғаш рет Нұрғали Нүсүпжановпен бірге симфониялық оркестірдің сүйемеліндеуімен орындадық. Әнді орындап тұрып тыңдаушының жүрегін тербеп, көздеріне жас үйірілгенін сезгендей болдық. Әсіресе,
Қайда жүрсең, Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен, -
деп әннің соңғы сөздері айтылып жатқанда халық ду көтеріліп орындарынан тұрып кетті. Ұзақ уақыт халықтың қол шапалағы тоқтамай тұрып алды», - дейді.
Иә, белгілі әнші-композитор, өнер майталманы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні әрбір қазақ баласының жігерін қайрап, туған елі мен жеріне деген махаббатын арттыра түскендей. Қазақ даласын шарлап шырқалған бұл ән халықтың жүрегінің түкпірінен орын алып мәңгі жасай бермек!
Ән тыңдайық:
Әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің өзінің орындауында «Атамекен» әнін тыңдап көрелік!

Ойлан да айт!
«Әннің де естісі бар, есері бар» деген сөзді қалай түсінесің?

Біліп ал!
Ескендір Хасанғалиев – (1940) әнші-композитор. Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аулында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. 200-ден аса әндер мен романстардың және хорға арналған шығармалардың авторы. Оның «Асыл арман» «Өмірімнің жазы», «Атамекен», «Бозторғайым» атты бірнеше ән жинағы жарық көрген. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген әндер жазды. Е.Хасанғалиев гастрольдік сапармен Монғолия, Болгария, Югославия, Алжир, Сирия, Ливан, Швеция, Финляндия т.б. көптеген шет мемлекетерде өнер көрсетіп, қазақ әнін бүкіл әлемге паш еткен. Бүгінгі таңда Орал қаласында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» атты халықаралық ән сайысы өткізіліп келеді.

IV. Сабақты қортындылау.
1. Туған ел жайлы қандай әндерді білесің?
2. Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні дүниеге қалай келді?
3. Не себепті «Атамекен» әні халықтың көңілінен шықты?

IV. Бағалау.
Топ арасында топ басшылары бағалайды.
V. Үй тапсырмасы.
1. «Атамекен» әнін жаттап келу;

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста