СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

ШҚО. Кокпекті ауданы. Құлынжон ауылы
КММ «Казнаковка орта мектебі»
Бастауыш сынып мұғалімі
Серик Елка

- оқушылардың дербестігі мен құлшынысын тірек ету;
І. Сынып- тұлға» өзара қатынасының іске асуы төмендегідей негізгі ережелерді басшылыққа алады:
- оқушылардың өзара сыйласымдылық пен мейірімділікке, сенімге негізделген ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
- сынып жетекшілері мен оқушылардың біріккен қызметі;
- педагог- қоғамның рухани құндылықтарын өркендетуші;
- педагог пен оқушының субъет- субъект іс- әрекеті;
- оқушылардың зердесі мен эмоционалды іс-әрекеттерін ынталадыру үшін педагогтар іс- әрекетінің өзекті мазмұнды болуы шарт.
II. Жекеленген оқушылар мен сынып ұжымының оқу еңбегін ұйымдастыру.
1. Сабаққа қатысуды қатаң бақылау. Сынып жетекшісі әрбір оқушының себепсіз қалдырған әр сабағы үшін жауапты.
2. Сырқаттанған, көп сабақ жіберген оқушыларға қамқорлық жасау, оқуда үлгеруіне, достарының көңіл бөлуіне көмектесу.
3. Оқуға жағымды ықпал ететін жағдай туғызу.
4. Сыныпта сабақ беретін мұғалімдер қызметін реттеу, (қарым- қатынасты реттеу, түзеу, көмек беру, әр тоқсан сайын шағын педагогикалық кеңестер өткізу).
5. Оқушылар күнделігімен жұмыс, олардың үлгеріміне байланысты ата-аналармен байланыс орнату.
6. Дарынды балалардың дамуына қолайлы жағдай туғызу, қызығушылықтарын дамыту, танымдық өрелерін кеңейту үшін үйірмелер, факультативтер, байқаулар, ауызша журнал, экскурсия, көрмелерді аралау, саяхаттар ұйымдастыру.
7. Ақыл-ой еңбегін ғылыми ұйымдастыра білуді жетілдіру (әңгімелер циклы, ұсыныстар, жеке жұмыстар, психологты жұмысқа тарту).
8. Оқу ортасына қамқорлық (пән мұғалімднріне ұсыныс, оқу ортасымен танысу, кітап таңдауда көмек беру, түзеу).
III. Сынып ұжымының оқудан тыс өмірін ұйымдастыру
1. Араласа білу білігін қалыптастыру, тапсырмаберу арқылы ұжым алдындағы жауапкершілікті тәрбиелеу, оны орындауда көмектесу, орындалуын бақылау.
2. Барлық сынып ұжымын және жекелеген оқушыларды қатыстырып шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру.
3. Қоғамдық- пайдалы, елге қажетті істерге және мейірімділік пен жылы жүректілікке тәрбиелеу.
4. Саяхаттар арқала денешынықтыру, спорт жұмыстарына тарту, денсаулықтарын қорғау. Спорттық жарыстар, ойындар мен жорықтарды ұйымдастыру.
5. Балалардың түрлі қоғамдық ұйымдарының қызметіне көмек беру.
6. Әрбір ұйымдастырылатын жұмыстардың терең мәнді болуын, қызықты формаларын іздеу, сынып жетекшісі мен ұжымның әрбір кездесуінің мақсатты бағытталғанын анықтау (тәрбие сағаты, сынып жиналысы, әңгіме, ашық әңгіме, көгілдір от және т.с.с) айына бір рет міндетті тақырыптық тәрбие сағатын өткізу.
7. Әр түрлі балалардың қоғамдық ұйымдардағы іс-әрекетіне көмектесу.
8. Іс- әрекет түрлері: танымдық, коммуникативті, көркемдік, еңбек, қоғамдық-саяси, спорттық-сауықтыру.
IV. Оқушыларды тәрбиелеуде жеке тұлғаны зерттеу және түзеу
1. Осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер және ата-аналар пікірлерін есепке ала отырып қолданыстағы әдістермен оқушының тұлғасын зерттеу.
2. Оқушылардың мінездемелерімен жұмыс, оны оқушы тұлғасын тәрбиелеуде пайдалану.
3. Рухани-адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру.
4. Адамгершілік-жыныстық мәдениетін тәрбиелеу.
5. Эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
6. Еңбек дағдыларын қалыптастыру және еңбекке дегенжауапкершілігін қалыптастыру.
7. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
8. Санитарлы-гигиеналық дағдыларды сіңіру.
9. Елдермен қарым-қатынаста қиналатын балаларға моральдық көмек беру:
- оқушылармен жақын жеке қарым-қатынас орнату ( аттарымен атау, жылы шырай, сенім білдіру, күлімдеп қарсы алу);
- оқушыларға үнемі ерекше көңіл аудару (ықыласпен тыңдау, жағымды қылықтарын көтермелеп отыру);
- оқушылардың ата-аналарымен сыйластық қарым-қатынастар орнату, ата-аналар жиналыстарында және де басқа іс-шараларда оқушылардың, әке-шешелерінің игі істерін атап отыру, алғыс айту;
- әрбір оқушының жекелеген ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, олардың өздерінің бар мүмкіншіліктерін іске асыра алатындай ұжымдық іс-шаралар ұйымдастыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатындай және нақты нәтижесі көрінетіндей қарапайым жұмыстарды ұйымдастыру;
- тапсырманы іске асыру барысында жағымды көңіл-күй, елеусіз көмектер беру арқылы қолдау көрсету, мотив (түрткі) қалыптастыру;
- оқушының тұлғалық қасиеттерінің сомдалуына ықпал ету, үлгермеушілерді неше түолі іс-әрекеттерге қатыстыру (жарыстар, байқаулар, турнирлер т.б.).
V. Ата-аналарен жұмыс
1. Әр тоқсан сайын ашық есік күнін және тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу.
2. Отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеу.
3. Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.
4. Сынып ұжымымен сыныптан тыс қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру.
5. Оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасына әсер ету.

Қосымша 1.
Сынып жетекшісіне арналған құжат әр тоқсандық жұмыс жоспары
(әрбір сынып жетекшісі үшін міндетті)
1. Жоспар метеп басшылары даярлаған арнайы параққа толтырылады.
2. Жоспарға сынып жетекшісінің құзырына кірмейтін мұғалімнің жұмыстарын енгізуге болмайды.
3. Мүмкін болса жалпы мектептік жұмыстарды (қызыл), сынып істерін (көкпен), қалған жұмыстардың барлығын (қара) бір түспен көрсету.
4. Осы жоспарға тоқсан бойы туындаған іс-шараларды, жеке жұмыстарды, сабаққа қатысу, ата-аналармен әңгімелерді тіркеуге болады.
1.Бөлімдер бойынша жұмыс жоспары
Кіріспе. Сынып мінездемесі. Міндеттері. Қажетінше және мүмкіндігінше жеке жұмыс жасауды талап ететін оқушыларды анықтау.
2.Қойылған міндеттерді шешуге бағытталған сынып жетекшісінің қызметінің мазмұны
1. Осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс.
2. Ата-аналармен жұмыс.
3. Оқушылармен жекек жұмыс.
4. Сынып жиналыстары мен тәрбие сағаттары.
5. Сыныптың жеке істері.
6. Мектептегі жұмыстарға қатысу.
3.Жұмыстардың қысқаша нәтижелері. Келесі жылдың міндеттері.
Жоспардың әр бөлімі жаңа беттен басталып жазылады және әрбір бөлімнің арасынан 1-2 парақ жыл бойы жүргізілетін жұмыстар үшін бос қалдырылады.
4.Сынып жетекшісінің журналының мазмұны
(Г.Л.Фриш бойынша)

1. Оқу жылының басындағы сыныптың қасқаша мінездемесі.
2. Оқу жылының аяғындағы сыныптың қасқаша мінездемесі.
3. Сауалнамалық мәліметтерімен қоса тіркелген сыныптың тізімі.
4. Сынып бойынша статистикалық мәліметтер.
5. Сыныптың партаға отырғызылғаны бойынша жасалған орналасу схемасы.
6. Оқу жылына арналған сабақ кестесі.
7. Оқушылардың тоқсандық оқу үлгерімі бойынша жинақ ведомос».
8. Үлгермеушілік туралы әр тоқсан бойынша нақты, кең мәліметтер.
9. Оқушылардың барлық піндер бойынша тоқсандық бағаларының мәліметі.
10. Әр пән бойынша оқушылардың жылдық қорытынды бағаларының ведомосі.
11. Оқушылардың күнделіктерін тексеруге беріп отырғандығы туралы кесте.
12. Ата-аналардың балаларының күнделігін тексеріп, танысып отырғандығы туралы мәліметтер тіркелген кесте.
13. Оқу жылы бойынша сыныптың оқу бөлмесіндегі кезекшілігінің кестесі.
14. Оқушылардың туылған күндерінің тізімі.
15. Оқушыларға жарты жылдық бойынша берілген қоғамдық тапсырмалар туралы.
16. Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырулары туралы нақты мәліметтер.
17. денсаулығы нашар балалар және олардың ата-аналарымен байланыс туралы мәліметтер.
18. Оқушылардың себепсіз сбақтан қалғандығы туралы.
19. Оқушылардың өз беттерімен танымдық, мәдени өресін жетілдірулері туралы нақты мәліметтер.
20. Сынып жетекшісінің жылдық сабақ кестесі.
21. бір жылдық тәрбие сағатының және сынып жиналысының кестесі.
22. Өз сыныбының сабақтарына қатысқандығы, олардың қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы нақты және кең мәліметтер.
23. Сыныптың ата-аналар комитеті туралы.
24. Ата-аналар жиналысы және олардың шешімдері бойынша жүргізілген жұмыстар.
25. Қиын жанұялармен жоспарланған іс-шаралар (апталық, айлық, жарты жылдық, жылдық).
26. Көп балалы жанұялармен жүргізілген жұмыстар.
27. Оқушылардың үйіне бару, олармен жеке, тығыз байланыстар туралы.
28. Ескртпелер.
29. Сынып жетекшісінің өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруі үшін өз бетімен ізденістері туралы нақты мәліметтері.
Қосымша 2.
Сынып ұжымымен оқу жұмыстарын ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің қызметі
Мақсаты:
- өзінің тәрбиеленушілеріне бар мүмкіндігінше білім алуда көмектесу;
- сыныпты білім сапасы үшін күресге тәрбиелеу;
- танымдық қызығушылықтарын және сынып ұжымының танымдық іс-әрекетін дамытуға ат салысу.
1.Мұғалімдермен жұмыс
Міндеттері:
- сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің іс-әрекетін қадағалау;
- әр оқушының дербес ерекшеліктерін ескере отырып педагогикалық ынтымақтастықты жүзеге асырудың деңгейін көтеру мақсатындағы шағын педагогикалық кеңестерді ұйымдастыру;
- мұғалімдерді ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеуге жұмылдыру.
Формалары:
- тоқсанында бір рет, қажет болған жағдайда жоспардан тыс та шағын педагогикалық кеңес өткізу;
- әр мұғаліммен әрі үнемі жеке жұмыс жүргізу жіне сыныптың қуанышты шараларына қатысуға шақыру.
Сынып оқушыларымен жұмыс
1міндет- оқу үрдісінде жеке қарым- қатынасты жүзеге асыру.
Формалары:
- қалыптасқан ойлау деңгейін, жас және дербес ерекшеліктерді зерттеу;
- сынып ұжымының және жекелеген оқушылардың мотивтерін қалыптастыру;
- жалпы ғылыми біліктерін қалыптастыру;
2 міндет- оқу үрдісін ұйымдастыру және оқу еңбегінің нәтижесін есепке алу.
Формалары:
- күнделікпен жұмыс;
- сабаққа қатысуын есепке алу,
- сынып журналымен жұмыс;
- аға кезекшімен жұмыс;
- оқуларына көмек ұйымдастыру;
- сынып жиналыстарын өткізу.
3 міндет- тәрбиеленушілердің танымдық қыызғушылықтарын дамыту.
Формалары:
- оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруын қадағалау, оларды үйірме және факультативтерге тарту;
- алуан түрлі экскурсияларды ұйымдастыру, интеллектуалдық ойындарды, тәрбие сағаттарын ұйымдастыру.
3.Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
Міндеттері:
-ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;
- ата-аналарды балаларының оқуына көмектесуді дұрыс ұйымдастыруға үйрету;
- балалардың қызығушылықтарын дамытуға ата-аналарды қатыстыру.
Формалары:
- ата-аналар жиналысы;
- ашық есік күндерін өткізуге қатыстыру;
- жеке жұмыс.
Психологпен жұмыс
- оқушының тұлғасын айқындауда психологпен біріккен жұмыс;
- оқушы тұлғасын жан-жақты зерттеу, психикалық үрдістердің өту ерекшеліктері, психикалық күйдің ерекшеліктері, тұлғаның психологиялық ерекшеліктері.
Қосымша 3
Сынып жетекшісіне ата-аналар жиналысын өткізуге ескертпе
1.Ата-аналар жиналысы туралы ата-аналарға алдын-ала хабарлау (оқушының күнделігіне жазып жіберу). Ата-аналардың күнделікке қол қоюын тексеру. Ата-аналар жиналысқа қатыса алмайтындай жағдайлар болғанда, оқушылардың олардан қолхат әкелуін талап ету. Әрбір ата-ананың жиналысқа қатысуы- оның мектепке, мұғалімге деген сыйласымдық қарым- қатынасының белгісі.
2.Жаңа сынып жетекшісі жиналысты оқушыларының ата- аналарымен танысудан бастайды.
3. Ата-аналарды мектептің, сынып ұжымының осы оқу жылындағы мақсатымен, міндеттерімен таныстырады.
4. Ата-аналардың ұсыныстары: қосымша сұрақтар, міндеттер қою.
5. Ата-аналарды бір оқу жылындағы негізгі жұмыстармен және осы тоқсандағы жұмыс жоспарымен таныстыру.
6. ата-аналарға мектептің жұмыс тәртібін, тәрбие сағатының күнін хабарлау.
7. Ата-аналарды факультатив, секция, үйірме жұмыстарымен таныстыру.
8. Ұйымдастыру мәселелерін шешу: ертеңгі ас, екінші аяқ киім ауыстыру, күнделіктерін толтыру, сынып қорын ұйымдастыру, құрамы 3 адамнан тұратын ата-аналар комитетін құру . Ашық есік күні, ата-аналар жиналысы туралы мәліметтер беру (1 айға жасалған кесте).
9. Жиналысқа келе алмаған ата-аналармен жеке кездесу ұйымдастыру.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста