«Сыйлық жасау дәстүрі» тақырыбы бойынша сабақ жоспары

«Сыйлық жасау дәстүрі» тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Нургуль Ашимова
ШҚО, Риддер қаласы
«Олимпиада резервінің
Республикалық мамандандырылған
мектеп-интернат-колледжі»

Орыс тілі мектептерінде қазақ тілінен 7-сыныптарға арналған

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың білімдерін тақырып бойынша жетілдіру.
2. Дамытушылық: Берілген тақырып көлемінде оқушылардың коммуникативтік компетенцияларын; ой-өрістерін, сөздік қорын молайту арқылы, күнделікте және ауыз-екі сөйлеуде пайдалануын дамыту.
3. Тәрбиелік: Мәтін және берілген тапсырмалар арқылы адамгершілік, ізгілік, парасаттылыққа тәрбиелеу, уақытымен және орынды сыйлық жасап, қуаныш білдіруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, қайталау, баяндау, жазбаша жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері.
жаңа сөздер, сөздік, интерактивті тақтадағы ақпарат пен тапсырмалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1 Оқушылармен сәлемдесу.
2 Топты түгендеу.
2. Лексикалық жатттығу
1 Балалар, бүгін нешесі?
2 Қай күн бүгін?
3 Ертең қай күн?
4 Қазір қай мезгіл?
5 Күз айлары қандай?
6 Қазір қай ай?
7 Бүгін ауа райы жылы ма суық па?
8 Бүгінгі күн сендерге қуанышты ма?
«Ендеше фонетикалық жаттығуымызды бастайық.»
3.Фонетикалық жаттығу: Сынып:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге!
4. Жаңа сабақ:
1. «Жақсы, отырамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сыйлық жасау». Сыйлық жасау – халықта ізгі әдет-ғұрып. Сендер қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақта біз нені үйрену керекпіз? Қандай мақсатқа жету керекпіз? (Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.)
2. Сыйлық адамға қуаныш әкеледі, және сыйлық жасаған кезде адам өзі н-өзі де қуанышты болып сезінеді. Олай болса, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз
Жаңа тақырыпқа кіріспе:
Сендер қалай ойлайсыңдар, сыйлық қашан беріледі?
Қай кезде сыйлықты сыйлауға болады? Қандай сыйлық түрлері орынды болып саналады?»
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше тақтаға қарайық.
Слайдтар жүргізіледі:
Мұғалім қысқаша түсіндіреді.

5. Жаңа сөздермен жұмыс: оқу, аудару, түсіну, жаттау. Әрбір оқушы 1 сөйлемнен құрайды.

Орта ғасырлар – средние века
Қалыптасқан – сформированы
Қазіргі кезде – в настоящее время
Өмірде – в жизни
Мүмкіндіктер көп – много возможностей
Бала кезінен – с детства
Шын пейілден – от души
Әдептілік – воспитанность
Тапқырлық – находчивость
(М-С, О-С,О-О, тақтадан көшіріп, тексеру – М-С). Ауызша сөз тіркесін, сөйлем, сұрақ құру.
6. Мәтінмен жұмыс. (Оқушыларға мәтін тарату). Мұғалім мәнерлеп оқиды. Бір сөйлемнен оқушылар оқып, аударады.


Сыйлық жасау.
Сыйлықтың тарихы 2 мың жыл бұрын бастау алады. Этикет формалары орта ғасырларда қалыптасқан. Қазіргі кезде сыйлық – халықта ізгі әдет-ғұрып. Өмірде қуаныш әкелетін мүмкіндіктер көп. Сыйлық жасауды бала кезінен үйрену керек. Бірақ сыйлықты таңдап, дұрыс тарта білу керек. Шын пейілден жасалған сыйлық адамның әдептілігі, тапқырлығы, мейірімділігін көрсетеді.

7. Бекіту:
1. Топтық жұмыс: Дәптерлерімізге әр топ өзіне берілген тапсырмасын орындайды.

1-топ: Мәтіннен сөз тіркесін тереді.
2-топ: Мәтінді 3 сөйлем арқылы мазмұндау.
3-топ: Мәтінге 3 сұрақ дайындайды.

1. Шығармашылық жұмыс. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Белгілі бір тақырыпқа ситуация құрып, сөйлесу.

«Гүл сыйлау» слайд арқылы сергіту сәті өтеді.

2. Қорытындылау. Бағалау. 

3. Рефлексия жүргізу.
«Енді, балалар, бүгінгі сабақ жайында әрбіріміз өз ойымызды бір сөз немесе сөйлем арқылы қорытамыз». (Алдарында бірнеше көмекші сөздер жатыр).
Мұғалім бастайды: Мысалы мен былай деп айтамын:
«Бүгінгі сабақ және менің оқушыларымның дайындығы маған қуаныш сыйлады, сондықтан да барлықтарына өз алғысымды білдіремін»...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста